ХАЛҚЫМЫЗ ҰШЫРАҒАН ҚАСІРЕТ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні облыс орталығында сол зұлмат жылдардың зобалаңына тап болғандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Азалы әуен сол жерге жиналғандардың әрбірінің көңілін тебіренткені түсінікті. Себебі, мұндай қуғын-сүргінге ұшыратқан, аяусыз жасалған зұлымдық барша қазаққа қатысты болды десек, артық айтқандық емес. 1932-1933 жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллионнан астам адам …