«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.12.2014

ЖАРАЙСЫҢ, ЖАС МЕХАНИК!

Тайынша қаласында өмірге келген Асхат Алдоңғаров бүгінде “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы аудандық филиалында алтыншы жыл табан аудармай механик болып жұмыс істеп келеді. Ол жақында өңіріміздегі жас жұмысшылардың арасында өткізілген облыстық “Еңбек адамы” байқауына қатысып, “Үздік механик” аталымы бойынша бас бәйгені қанжығасына байлады.

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ ТУЫНДЫ

“Елбасы жолы” киноэпопеясының төртінші бөлімі жарыққа шықты. Оның премьералық көрсетілімі елордада Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Облыстағы көрсетілімі Петропавлдағы “Қазақстан” кинотеатрында өтті.

ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында Сырымбет ауылында жеке кәсіпкер Алма Нашарбекованың бастауымен жаңа наубайхана мен азық-түлік дүкені ашылды. Айтулы оқиға Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келді.

СЫНЫПТЫҚ ШЕНДЕРІ ЖОҒАРЫЛАТЫЛДЫ

Қадағалау қызметін дамытуға, еліміздегі заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайту ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар прокуратура өкілдеріне кәсіби мерекелері қарсаңында еліміздің Бас прокурорының бұйрығымен сыныптық шендер берілді.

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТЕГЕУРІНДІ ОРГАНЫ

Тәуелсіздік тізгінін ұс­та­ғанымызға 23 жыл толғалы отыр. Осынау тарих үшін аз ғана уақыт ішінде қаншама асқаралы асулардан өттік?! Қоғамымыздың құқық қорғау саласының жанды бір бөлігі ретінде прокуратура органдары да тәуел­сіз­дік тұсында қалыптасудың бірталай кезеңінен өтті.

ЭНЕРГЕТИКТЕР ӨЗ МІНДЕТІН ТҮСІНЕДІ

“СевКазЭнергосбыт” ЖШС-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауын талқылаған жиын өтті. Кәсіпорын ұжымы мүшелері Президент Жолдауының, әсіресе, еліміздің энергетикалық саласына қатысты мәселелеріне айрықша көңіл аударды.

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында әрдайым қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды жайлары ескеріліп, бүгінгі таңдағы тез өзгермелі ақиқатты есепке алатын елдің негізгі даму бағыты айқындалады.

УАҚЫТ СЫНЫНА – СЫНДАРЛЫ ЖАУАП

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында: “Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады”, – деп атап айтып, алдағы уақыт сынына сындарлы жауап болып табылатын жаңа …

УАҚЫТ СЫНЫНА – СЫНДАРЛЫ ЖАУАП Read More »

Академик Жабайхан ӘБДІЛДИН: “БІЗГЕ ЕЛДІ, ЖЕРДІ СҮЙГЕН ҚУАТТЫ СЕЗІМ КЕРЕК”

Адамзат тарихындағы ұлы ой саңлақтары Гегель мен Канттың ілімдерімен сусындап, Қаныш Сәтбаев, Салық Зиманов, Шафиғ Шокин, Сақтаған Бәйішев сынды ғұламалардан дәріс алып, диалектикалық логика саласында қазақ ғылымының қазығын қаққан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдин – ойтаным, дүниеауи толғамдар мен ақыл-пайымдар әлеміндегі дүниежүзілік деңгейдегі ірі тұлға. Жақында журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменов …

Академик Жабайхан ӘБДІЛДИН: “БІЗГЕ ЕЛДІ, ЖЕРДІ СҮЙГЕН ҚУАТТЫ СЕЗІМ КЕРЕК” Read More »

ЗАЙРАДА – ҚОЛА МЕДАЛЬ

Қызылжарлық Зайра Қасиянова Қарағанды қаласында бокстан қыздар арасында өткен ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Зайра 60 килограмм салмақта жұдырықтасты. Оны облысымызға белгілі бапкер Виктор Окаванцев төрт жылдан бері жаттықтырып келеді. (Өз тілшіміз).

ХОККЕЙШІЛЕРІМІЗ – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Солтүстікқазақстандық хоккейшілер республикалық турнирден олжалы оралды. Көкшетау қаласында өткен спорттық шараға бес құрама команда қатысқан болатын. Сайыстың қорытындысы бойынша жерлес спортшылар қола медальға ие болды. (Өз тілшіміз).

ЖАҢА ҚҰТҚАРУ ТЕХНИКАСЫ САТЫП АЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің алаңында жаңа өрт сөндіру техникасының кілті салтанатты түрде табыс етілді.

САБАП, “САБАҚ” БЕРМЕК БОЛҒАН оқушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Петропавлдағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларына өздерінен кіші ұлдарға әлімжеттік көрсетті деген айып тағылуда. Таяқтың астына түскен баласының денсаулығының сыр бергенін байқап, көңілі күпті болған ата-ана бірден полицияға шағымданған.

ЖАМАН ПЕШТЕН ШЫҚҚАН ПӘЛЕ

Жыл басынан бері облыста 731 өрт шықты, одан келген материалдық залал 113 миллион теңгені құрайды. Оттан 51 адам қаза тапты, соның ішінде 6-уы – бала. Сондай-ақ, өрттен зардап шеккендердің 37-сі әртүрлі дене жарақаттарын алды. Соңғы бір аптаның ішінде өңірде 12 өрт оқиғасы тіркелді.

38 БҰЛАННЫҢ БІРЕУІНЕН АЙРЫЛДЫҚ

Қарашаның 29-ы күнінің іңірінде “Мамлют орман шаруашылығы” КММ-ға қоңырау шалған А. Чуканов есімді аңшы Белое ауылдық округіндегі Мураш көлінің қасында ақ қарға таңба басқандай түз тағысының ізі және аққан қаны күдік тудыратынын хабарлап, жараланған аңды бұланға ұқсататынын айтады.

ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕСІ ТАРАЗЫЛАНДЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының базасында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы сертификатталған мұғалімдерге арналған “Жаңа толқын” аймақтық әдістемелік шеберханасын өткізді. Оған аудан, қала және Ақмола облысының 386 мұғалімі қатысып, тәжірибе алмасты.