БИШІЛЕР ЕЛ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ
Петропавлда спорт билерінен Қазақстанның XIV ашық кубогы өтті. Спорттық шараға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Ресейдің Омбы қаласынан 3 пен 18 жас аралығындағы 300-ден астам биші қатысты.
Петропавлда спорт билерінен Қазақстанның XIV ашық кубогы өтті. Спорттық шараға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Ресейдің Омбы қаласынан 3 пен 18 жас аралығындағы 300-ден астам биші қатысты.
Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде болып, ондағы тәлімгерлердің ата-аналарымен жүздесті. Жиынға арқау болған тақырып – есірткі бизнесіне қарсы күрес. Кездесуді ашқан қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Дина Смағұлова құқық қорғау органдары тарапынан нендей жұмыс атқарып жатқандығына тоқталып өтті. Есірткіге тәуелді адамның …
Ақжар ауданындағы Алқатерек орта мектебінің оқушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарбек Темірхановтың ұйымдастыруымен Петропавл қаласына саяхат жасады.
Облыс орталығындағы Достық үйінде Тәуелсіздік күніне орай “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік ойынының жаңа маусымы басталды. Оған этномәдени орталықтардың жастарынан құралған алты құрама команда қатысты.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жастар орталықтары мен ұйымдары мүшелерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” деп аталатын Жолдауы талқыланып, сөз алғандар оның маңыздылығына тоқталып, соған сәйкес алдағы уақытта орындалатын бірқатар жұмыстарымен бөлісті.
Елбасының жақында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барлығымызды да қанаттандыруда. Себебі, Елбасы әлемде қандай дағдарыс болса да, халықтың әлеуметтік дамуы төмендемейтінін атап өтті. Бұл маңызы орасан стратегиялық бағдарлама тағы да халқымыздың жарқын болашағына жасалған қадамдардың бірі деп есептеймін.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында алдағы уақытта да кездесетін қиыншылықтарға қарамастан, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ететін бағыт сенімді түрде ұсталатынын нақты түрде білдірді.
Өзге отандастарым сияқты, мен де Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын зор ықыласпен қабыл алдым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылған. Президент онда осы “жалғастыру” деген сөзді бекерге қолданып отырған жоқ, өйткені, бұл жұмыс бізде көптен бері үзіліссіз жүргізіліп келеді. Оған біздің “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы облыстық филиалының атқарып отырған істері …
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері! Облыстық кәсіпкерлер палатасы сіздерді, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды.
Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жылының қорытындысына, сондай-ақ, тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов агроқұрылым қызметкерлерін қос мейраммен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бірқатар тың игерушілер мен жер баптаған шаруаларды марапаттады.
Өткен аптаның аяғында Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов брифинг өткізді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында жүктелген міндеттердің орындалуы мен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы әңгімеледі.