ҮМІТІН ҮКІЛЕГЕН
“Қазақстан” ұлттық телеарнасынан “Қазақстан дауысы” телевизиялық жобасы екі жыл қатарынан ел арасында танылмай жүрген күміс көмей таланттарды жұртшылыққа таныстыруда. Аталмыш байқаудың осы жылғы 130 үміткерінің арасында жерлесіміз Иса Әлимұсаев та бар. Ол жобаның алғашқы “Көрмей тыңдау” кезеңінде қоңыр даусымен, ән таңдау, оны тыңдаушылардың жүрегіне жеткізу мәдениетімен қазылар алқасында отырған тәлімгерлердің назарына ілігіп, елімізге танымал әнші …