ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ҰМЫТЫЛМАСА ЕКЕН
Бүгінде біздің Еңбек ауылында соғыс ардагері жоқ, ал еңбек ардагерлері саусақпен санарлық қана. Солардың бірі – Мәжкен Мейрамова. Оның жұбайы бүгінде бақилық болған Дайыржан Мейрамов атамыз қолына қару алып, ел қорғаған жауынгер болса, Мәжкен әжеміз – тылда аянбай еңбек еткен ардагер ана. 13 жасынан еңбекке араласқан оның сол жылдардағы еңбек майданы туралы айтар әңгімесі көп. …