«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.12.2014

ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – ҚЫЗЫЛЖАРДА

Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Челябі облыстық Экономикалық даму министрлігінің өңіраралық және облысаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Людмила Варонька бастаған делегацияны қабылдады.

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДЫ

Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған басты міндет еліміздің дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі құжаттың бірі ретінде “Нұр Отан” партиясының “Қазақстан – 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары” сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру болып табылады. “Нұр Отан” партиясының сайлауалды тұғырнамасы 2011 жылғы сайлау қарсаңында нақты да айқын баяндалғанды. Партияның тұғырнамада баяндалған барлық жоспарлары, көрсеткіштері орындалу үстінде және басты басымдық …

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДЫ Read More »

ӘР ЖҮРЕККЕ ЖЕТСІН ДЕП…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында өңірімізге республикалық ақпараттық-насихат тобы келді. Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко бастаған топ облыс активімен кездесіп, бірқатар салалар бойынша Жолдауда көрсетілген міндеттерді талқылады. Жиынды облыс әкімі Ерік Сұлтанов жүргізді.

БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың отыз екінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 16 мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысты.

ӘЛЕУЕТІМІЗ ЗОР

Облыс орталығында Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің, қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамымен кездесті.

АУДАНДАРДА ДА АЙТЫЛДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері Мамлют және Аққайың аудандарының бірнеше ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

“ЖОЛ ПРИСТАВЫ” ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙДІ

“Борышкер” жедел-алдын алу шаралары аясында “Жол приставы” жүйесінің тұсауы кесілді. Енді облыста жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді арнайы жүйенің көмегімен анықтайтын болады. Жаңа жүйе “ГАЗель” автомашинасы базасында жұмыс істейді, онда бейнекамера және нөмірлік белгілерді тану мен тәртіп бұзушылықты ашу жүйесі орнатылған.

МӘЛІК ЕСІМІ – ДОСТАРЫНЫҢ ЕСІНДЕ

Топырақтан тысқары болса, биыл алпыс жасқа толатын жаны жайсаң азамат, есімі республикамызға танымал спортшы, грек-рим күресінің белгілі балуаны Мәлік Мүрсәлімовті онымен қатар үзеңгі қағыстырып келген дос-жарандары, ауылдастары ұмытпайды.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ МАҢЫЗДЫ

Петропавл қаласының мектептерінде “5-6-7-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек” тақырыбына арналған шара өтті. №8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінде ұйымдастырылған шараға “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов қатысты.

“КЕНТРОННЫҢ” ШАШУЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Кентрон” армян мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі фестиваль өткізіп, дүбірлі мереке алдында жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады.

ӨМІРІ ӨНЕГЕ

“Әкем Тәшім Қожахметов Булаев ауданында дүниеге келген. Екі жасында әкесі, сегізге толғанда анасы өмірден озған. Араға үш жыл салып үлкен ағасы да бақилық болып, он бір жасында тұлдыр жетім қалған әкем Булаево қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген”, – дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының полковнигі Болат Қожахметов. Оның айтуынша, әкесі өз перзенттерін ата-бабаларының туған жерін …

ӨМІРІ ӨНЕГЕ Read More »