«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.12.2014

ТАҢДАУЫМА ӨКІНБЕЙМІН

Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Бүгінгі таңда елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен тірлігі жарасып, тату-тәтті күн кешуде. Өткенге зер салсақ, өзге ұлт өкілдерінің дені кезінде кең-байтақ жерімізге өздерінің тарихи Отандарынан еріксіз көшірілсе, енді бірі кіндік қаны тамған жерлеріндегі қарулы қақтығыстардан жүректері шайлығып, елдерінен жырақ кетуге мәжбүр болды. Ол шақта көбінің таңдауы Қазақстанға ауды. …

ТАҢДАУЫМА ӨКІНБЕЙМІН Read More »

КӨГІЛДІР ТУ

Желбіре, көгілдір ту, көк аспанда,Не жетсін елге теңдік жарасқанға.Сен – менің құдіретім, кием асыл, Айбарың айтсын сөзді адасқанға.

ТҮЙІН

Абыройлы істер бар атқарылған,Ерлік те бар дос танып, жат табынған.Қазақ деген бір ұлтты біріктіруОңай емес жүз ұлтты баққаныңнан.

БАСТАУ

Әлем мынау ғарасат майданында,Жайлануға мұрша жоқ, ойлануға.Қайғысына қабарып қаралы жерКүннің көзін көңілсіз айналуда.

ТУҒАН ЕЛ

Бір ғажап сезімге бөлейді ажарың,Кең дала, бай өлкем, бауырмал қазағым. Күн шалған күмбездей жарқырап өнерің, Аударып тұрсың сен әлемнің назарын.

САҒЫНДЫМ

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.“Қарашығым, құлыным!” – деп зарлағанАлыстағы сорлы анамды сағындым.

Ислам феномені және Исламофобия

Кезінде сарапшылар XX ғасырдың жан­түр­шігерлік қайғысы – неміс фашизмі мен ста­линдік тоталитаризмді христиан дінімен бай­ла­ныстырған. Себебі, фа­шизмнің де, мар­к­сизм­­нің де отаны – Гер­мания, ал, советтік тотали­таризм – К. Маркстың пролетариат диктатурасы теориясының жемісі ғана. Дегенмен, фашизм де, советтік тоталитаризм де жеңіліс тапты. Христиан діні мен мәдениеті өз құндылықтарын мойындатты. Дін мен тоталитаризм, фашизмнің арасында байланыс …

Ислам феномені және Исламофобия Read More »

ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУСА НЕ ІСТЕР ЕДІК?..

…Кейінірек, Желтоқсанның құрбандығына қыршындай қылып Қайрат Рысқұлбековті шалып тындық. Онда да «сен тимесең, мен тимелеп» жатып алдық. Қаршадай жасты өлім жазасына кесіп жатқанда сол арсыз соттың алдына барып, халықтың жасанды спектакльге деген үзілді-кесілді наразылығын білдіруге тым құрығанда 20 шақты зиялысымақ, 100 шақты жігітсымақ табылмадық. «Отқа оранғымыз келмеді, суға сүрінгіміз келмеді».