«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.12.2014

ҚАСІРЕТКЕ ҰРЫНБАС ҮШІН

Өрт – қасірет. Қасіретке ұрынғанша, оның алдын алу қажеттігі әркімді ойландыруы керек. Осы оймен жақында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі “Нұр Отан” партиясы филиалының залында кәсіпкерлермен сауда нысандарында пиротехника заттарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға арналған жиын өткізді.

ӘЙГІЛІ БАЛУАНДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Тәуелсіздік мерекесінің екі күнінде Петропавлдағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың залында еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, кезінде өңіріміздің әйгілі балуандарының бірі болған Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған халықаралық жарыс жер-жерден жиналған үміткерлердің басын қосты.

ӘСКЕРИЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында Тәуелсіздік күніне орай қоян-қолтық ұрыстан оқу орнының біріншілігі өтті. Оған оқу бөлімшелерінің курсанттары және оқу үдерісін қамтамасыз ету мерзімді қызметінің сарбаздары қатысты.

АЙБЕК АУДАН ҚҰРАМАСЫН БАПТАЙДЫ

Облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің, соның ішінде оның жақында тағайындалған директоры Смағұл Амановтың ұйымдастыруымен өңіріміздегі мектепке қарасты командалардың біріншілігі болып өтті.

“АНА ҮЙІ” АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік мерекесіне орай облыс орталығында “Ана үйі” қайырымдылық қорының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – ТАТЫМДЫ ТАРТУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған шаралар барысында әлеуметтік маңыздағы бірқатар жаңа нысандар шаңырақ көтеріп, тұрғындар шаттыққа бөленді. Атап айтқанда, 16 желтоқсанда Айыртау ауданындағы Лобаново және Антоновка ауылдарында ойын-сауық орталықтары, ал Всеволодовка, Ағынтай батыр және Бірлестік елді мекендерінде жаңа хоккей алаңдары ашылды.

ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАР ТЕЗІРЕК ТАРАТЫЛМАҚ

Көпбейінді қаржы институты болып табылатын “Қазпочта” АҚ Елбасының тапсырмасымен трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алып, бірқатар мақсатты шараларды алға қойып отыр. Солардың бірі – мерзімді басылымдардың оқырмандар қолына кешіктірілмей жеткізілуі. Осы жайды және солтүстікқазақстандық филиалдың бүгінгі жұмыс үдерісін бақылап, әріптестерімен әрі қарайғы жұмыс жоспарын пысықтау үшін “Қазпочта” АҚ-ның бас директоры Бағдат Мусин Қызылжар топырағына табан …

ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАР ТЕЗІРЕК ТАРАТЫЛМАҚ Read More »

ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕЙРАМЫНА ТАРТУ

Ең басты мерекеміз күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Береке” шағынауданындағы 5-ші Сенной көшесі, 71 мекенжайында 72 пәтерлік бесқабатты жалгерлік-коммуналдық тұрғын үйдің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етіп, пәтер иелерін баспаналы болуларымен құттықтады.

ҚАЗЫҒЫН АЛАШ АРЫСТАРЫ ҚАҚҚАН

Есік қағып тұрған 2015 жылдың ақпан айында облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің алғашқы санының жарық көргеніне 95 жыл толмақ. Абыз жасына келген “Солтүстік Қазақстанның” бұл мерейтойы – өңіріміздің мәдени және рухани өміріндегі айтулы оқиға, баршамызға ортақ қуаныш. Олай болса, нақ бүгін басылымға бауыр басқан, қай кезде де өздерінің сүйікті газеттерінен көз жазып қалмаған жанашырларымызбен жүздесіп, олармен …

ҚАЗЫҒЫН АЛАШ АРЫСТАРЫ ҚАҚҚАН Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ЖӨН

Бейсенбі күні өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның отырысында төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, Айыртау және Есіл аудандарының атқарып жатқан шаралары талқыланды.

ЖАБЫҚ ХОККЕЙ КОРТЫ

19-шы шағынаудан тұрғындары үшін биылғы Тәуелсіздік мерекесі ерекше қуанышты жайтпен есте қалмақ. Онда жабық хоккей корты тұрғызылды. Ол қысқы спорт түрлерін дамытуға септесетін болады.

ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛУДЕ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында әкімшілік полициясы басқармасының, Мамлют пен Аққайың аудандары басшыларының есептері тыңдалды.

ҚАЛЫҢ ЕЛГЕ ҚАДІРЛІ ЕДІ

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі, Петропавл қаласының құрметті азаматы Қаттай Кеншінбаевты еске алуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның туғанына 85 жыл толуына орайластырылған шараға қатысушылар алдымен Қаттай Кеншінбаев туралы түсірілген деректі фильмді тамашалады.