«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.12.2014

ЖАС ҚОЛӨНЕРШІЛЕР БАЙҚАУЫ

Петропавл қаласындағы “Жас натуралистер стансасы” МКҚК өңірдің жас қолөнершілері арасында байқау ұйымдастырды. Оған қатысушылардың қатары қалың болып, 333 шығармашылық жұмыс жиналды. Бұл шараға қаланың жас тұрғындары мен тоғыз ауданның 57 мектебі белсене қатысты. Қала мектептері мен үйірмелер 191 жұмыс ұсынса, аудандықтар 142 туынды дайындап әкелді.

ІЗГІЛІКТІҢ ІЗІН ҚАЛДЫРҒАН

Бала үшін ата-анаңнан асқан қымбат жан болмаса керек. Олар біздер үшін әр кез де асылымыз, ардақтымыз болып қала бермек. Әкем Қайыржан қазіргі Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында сонау 1930 жылы туған. Әкеміз ел басына күн туған 30-шы жылдардағы ашаршылық, 40-шы жылдардағы қырғын соғыс кезінде өмірге келген, қиыншылық дәмін татқан болса да, ата-анасының арқасында қатарластарынан қалмай, …

ІЗГІЛІКТІҢ ІЗІН ҚАЛДЫРҒАН Read More »

ТАЗА ӨНІМ, ПАЙДАЛЫ КӘСІП

Экологиялық таза органикалық тыңайтқыш өндіріп, оны сатумен айналысып жүрген Есіл ауданындағы Покровка ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Андрей Стрелец туралы мақаланы (”Андрей Стрелецтің “Экологиялық егіншілігі”, 12 қараша 2013 жыл) біз өткен жылы оқырманға ұсынған болатынбыз. Кәсіпкердің инновациялық бизнесіндегі өзгерістер, ісінің қалай дамып жатқандығы туралы білмек оймен тағы бір хабарласып, сұхбаттасқан едік.

2014 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ҚОЗҒАЛЫСЫ

2014 жылғы 1 қазанда облыс тұрғындарының саны 572,9 мың адамды құрады, оның ішінде 242,6 мың адам (42,3%) қалалық жерде, 330,3 мың адам (57,7%) ауылдық жерде тұрады. 2014 жылдың 9 айында тұрғындардың табиғи өсімі 887 адам болды, ол 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4% жоғары.

ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту индустриялық-инновациялық даму стратегиясы негізінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының инновациялық саясатымен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін әкелуге, сондай-ақ, жұмыс күшін әкетуге байланысты қызмет заңнамалық және нормативтік актілермен реттеледі.

МЫҢДАҒАН АДАМҒА АРАША ТҮСКЕН ОРТАЛЫҚ

Үстіміздегі жылы облыстық онкологиялық диспансер өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Жарты ғасыр бұрын іргесі қаланған емдеу орталығы талай жанның өміріне араша бола білді. “Елу жылда – ел жаңа” демекші, осы уақыт ішіндегі өңіріміздегі онкологиялық саланың даму барысын білмек болып, аталмыш медициналық орталықтың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, хирург-дәрігер Ермек Әбдірімовпен сұхбаттасқан едік.

ЖАРҒАЙЫҢДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Есіл ауданындағы Жарғайың ауылында жаңа мешіт халық игілігіне тапсырылды. Алланың жердегі үйі саналатын ғибадатхананы ауылдың тумасы, бүгінде Алматыда тұратын жеке кәсіпкер Дулат Қалитов өз қаржысына салған. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына аталмыш аудан әкімі Мұратбек Әбішев, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, Алматыдан, Астанадан келген меймандар мен қажылар, ауыл тұрғындары қатысты.

ЖЕҢІС РУХЫН БОЙДА ТУЛАТҚАН БАЙҚАУ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ардагерлердің республикалық кеңесі бастамашы болып ұйымдастырған “Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!” фестивалі өңірлерде өзінің мәресіне жетті деуге болады. Осы байқаудың аясында біздің облысымыздың да 13 ауданы мен өңір орталығында байқау қазан айынан бастап алауын тұтатып, 19 желтоқсан күні Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында қорытынды концерті жұртшылық өкілдеріне ұсынылды.

ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

2014 жылғы 25 қарашада “Солтүстік Қазақстан” газетінде Тілеген Жетеевтің “Барымташылар” басынып барады” деген мақаласы жарияланған болатын. Осыдан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысына қатысты тексеріс жүргізіліп, аталмыш мәселе ішкі істер департаменті басшылығының назарына алынды.

ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАР

Шал ақын ауданындағы Ақанбарақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асхат Құсайынов – облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің түлегі. Ол мектепте жаттықтыратын бокс және кикбокс үйірмелерінің оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мына суреттегі мектеп спортшыларының төртеуі де ауданда үздік шығып, ілгері жарыстарда жүлде алып жүр. Атап айтқанда (солдан оңға қарай) 9-сынып оқушысы Дамир …

ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫЛАР Read More »

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚУАНТАДЫ

Облыстық білім беру жүйесінің спорт мекемелері үстіміздегі жылды қорытындылады. “Жыл қорытындысы – 2014” атты шараға үстіміздегі жылы облыстық және республикалық сайыстарда жеңіске жетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінген құрама командалар, олардың жаттықтырушылары, қалалық және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылығы қатысты.

КӨШЕДЕГІ ҚЫЛМЫС КЕМУДЕ

Көшелерде жасалатын қылмыстардың азаюына, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Едіресовтің айтуынша, “нөлдік төзімділік” шарасының ықпалы жоқ емес. Осы бағытта белсенді жұмыстар атқарылуда.

АЙЫРТАУЛЫҚТАР – “ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК”

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында облыстық “Жүзден жүйрік” байқауын өткізді.

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы “Жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка түзету мектеп-интернатында” ел егемендігінің 23 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Қамкөңіл балаларға үстіміздегі жылы Астана қаласында өткен “Жайдарлы жас ұлан” фестивалінде облысымыздың атынан бақтарын сынап, жүлделі III орын алған Петропавлдағы №2 орта мектебінің 3 “ә” сынып оқушыларынан құралған көңілді тапқырлар клубының мүшелері музыкалық …

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ Read More »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ІСКЕРЛІК

“Даму-көмек” бағдарламасы талай мүмкіндігі шектеулі жанға шамасы жететін кәсіпкерлікті қолға алып, күнкөрістің көзін табуға жол ашты. Ондағы тетік – адамның адамға көмегі. Сондай қайырымды жандардың қолдауын тапқандардың бірі – Аққайың ауданындағы Смирново ауылының тұрғыны Берік Рахымжанов.

ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕНДЕР

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өнер мектебінің іргесі қаланғанына – бес жыл. Бүгінде аталмыш білім ордасында жүз сексеннен астам дарынды оқушылар, өнерлі өрендер білім алуда. Оларға жоғары санатты елу сегіз мұғалім тәлім-тәрбие беріп, талаптандырып, қияға қанат қақтыруда. Болашағынан зор үміт күттірген өнерпаздар түрлі байқауларда бақ сынап, абырой биігінен көрініп жүр. Өткен айда білім ордасының бір топ …

ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕНДЕР Read More »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “МЕМЛЕКЕТ ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТӨМЕНДЕТПЕЙДІ”

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап берді. Президентпен жүргізілген бұл ауқымды сұхбатта айтылған мәселелердің барлығы да қоғамымыз үшін маңызды екеніне сөз жоқ.

БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ

Елбасымыздың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” деп аталған бұл Жолдауының әсері ерекше. Жылдағыдан ерте жариялануымен ерекшеленген бұл бағдарламалық құжатта әлемдік экономиканың бір бөлшегіне айналған қазақ елінің қазір жер-жаһанда болып жатқан жағымсыз жайлардың теріс ықпалынан ада қала алмайтыны ашық айтылды. Мұнайға, басқа да өнімдерге баға айтарлықтай жоғары болып тұрған кезде Елбасымыздың Ұлттық қор құру жөніндегі …

БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ Read More »

ТАТУЛЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарында “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедралары ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті. – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасы осы жылдың 28 сәуірінде ашылған болатын. Қазіргі күні мұндағы қызметкерлер саны – үшеу. Десек те, кафедрамыз университеттің құрылымдық бөлімі болғандықтан, оның жұмысына білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы көмек көрсетуде, – …

ТАТУЛЫҚ ДӘНЕКЕРІ Read More »