«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.12.2014

ЖЕРЛЕС ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қызылжардың құйқалы топырағында өсіп-өнген, елге белгілі тұлғалар аз емес. Солардың бірі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған. Ол 1979-1990 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогика институтының аға оқытушысы, 1990-1991 жылдары ҚР Білім министрлігінің жетекші маманы, 1991-1993 жылдарда ҚР Президенті Баспа қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, 1993-1995 жылдарда ҚР Президенті Әкімшілігі және Министрлер Кабинетінің Ішкі саясат …

ЖЕРЛЕС ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Read More »

600-ГЕ ЖУЫҚ ОТА ЖАСАДЫҚ

Мен Шымкент облысындағы Арыс ауданының тумасымын. Бала күнімде ақ халат киіп, адамдарды емдеуді армандадым. Мектепте оқып жүріп-ақ саналы өмірімді дәрігерлік қызметке арнайтынымды білдім.

БОЛАШАҒЫМЫЗ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Қазақстанның болашағы бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттердің біліміне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қорытып, қолдануға қабілетті абзал адам тәрбиелеу. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі ретінде жаңа заман талабына …

БОЛАШАҒЫМЫЗ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

Айшықты оқиғалар

Қаңтар Қазақстан құрамасының үздік спортшысы, жерлесіміз Дмитрий Бабенко Жапонияның Томакомай қаласында өткен Азия чемпионатында 1500, 5000,10000 метр қашықтықтарда жеңістің бірінші сатысына көтерілді, яғни Азияның үш дүркін жеңімпазы атанды.

ОБЛЫСТЫҚ СОТЫМЫЗ – ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІК СОТ

Кеше еліміздің Жоғарғы сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА РИЗАМЫН

Жылқы жылы біздің отбасымызға үлкен қуаныш сыйлады. Өйткені, жақында, Тәуелсіздік күні қарсаңында бізге екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Сол пәтерде жайылған алғашқы дастарқаннан облыс басшысы Ерік Сұлтанов дәм татып, қоныстойымызбен құттықтады.

МАМЛЮТТІКТЕР МҮМКІНДІКТІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕЙДІ

Елімізде жұмыссыздық көптеген адамдар үшін әлі шешімі қиын мәселе болып қалуда. Осы мәселелерді шешу үшін 2011 жылы қабылданған “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылатын, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №639 қаулысымен бекітілген “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы жасалды.

АРТТА ҚАЛДЫ ҚЫРЫҚ ЖЫЛ

Желтоқсанның бас кезінде жұмыс сапарымен келген “Қазпочта” АҚ-ның бас директоры Бағдат Мусин әріптесі Алма Ахметованың төсіне “Ерен еңбегі үшін” медалін тағып тұрып: – Қазақстан Президентінің Жарлығымен берілетін бұл марапатты былтыр маған тапсырған кезде мен дәл бүгіндей қуанған жоқ едім. Өйткені, бүгін ол пошта қызметі саласында 40 жыл еңбегі бар нағыз лайықты адамға беріліп отыр, – …

АРТТА ҚАЛДЫ ҚЫРЫҚ ЖЫЛ Read More »

ОҢТҮСТІК ҚАРЛЫҒАШТАРЫНА ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАҒАН

Ел өмірінде орын алып жатқан жағымды жаңалықтар мен мағыналы мәселелердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген істері мен сарабдал саясатының арқасында сәтті жүзеге асып, мәуелі жемісін беруде. Егемен ел атанып, етек-жеңімізді жинап, болашақтың баспалдағымен адымдап, алға ұмтылуымыз үшін өмірдің қозғаушы күшіне айналған жастарға зор сенім артқан Президентіміз мол мүмкіндік жасауда. Жастардың болашағы жарқын еліміздің жанашыр бағбаны …

ОҢТҮСТІК ҚАРЛЫҒАШТАРЫНА ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАҒАН Read More »

АРМАН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына енгізіп, 2015 жылға да қадам басқалы отырмыз. Жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың қорытындысын жасап, есігімізді қағып тұрған алдағы жылға мақсат пен міндеттерімізді айқындайтын сәтке де келіп жеттік.

Данияр ЖАНӘЛІНОВ: “САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕ ӘДІЛДІК БОЛУЫ КЕРЕК”

Қараша айынан бастап облыстық салық департаменті мен кедендік бақылау департаменті қосылу жолымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болып құрылды. Сондай-ақ, оған бұрынғы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департаменттің бірқатар міндеттері берілді. Өтер жылдың қаржы саласындағы оң өзгерістерінің бірі болып табылатын осы жаңа құрылымдау жайлы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жанәліновпен …

Данияр ЖАНӘЛІНОВ: “САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕ ӘДІЛДІК БОЛУЫ КЕРЕК” Read More »

ТІЛШІЛЕРГЕ – ТАРТУ

Облыстың ішкі істер органдарының қоғамдағы қылмыспен күресін, мұндай оқиғалардың алдын алудағы қимыл-әрекеттерін, полицияның жұртшылықпен байланысын өңірлік және республикалық басылымдарда жазу, теледидардан көрсету тілшілердің күнбе-күнгі жұмысының бір арнасы болып табылады. Өтіп бара жатқан жылда бұқаралық ақпарат құралдарында облыс полицейлерінің жұмысы жайында бес мыңнан аса материал берілген екен.

КӨРШІНІҢ КЕСІРІ

Жұмысшы кентінде бір әйел “Алабай” тұқымдас текті иттің төрт айлық күшігін ұрлағаны үшін айыпталып отыр.

ҚАЛТАҚАҚҚЫШ ҚҰРЫҚҚА ТҮСТІ

Жақында бір қалтағатүскіш полицияның құрығына түсті. Ол облыс орталығының “Океан” сауда үйінің маңында тәртіп сақшыларының назарын аударған.

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Ауа райын болжау орталығының мәліметі бойынша 30 желтоқсан күні түнде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты өмір сүруін және төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануды ұсынады.  СҚО ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

22 желтоқсан күні полиция старшинасы Руслан Қыдырмин кіші сержант Елдар Жамаладиновпен автопатруль құрамында қызмет атқарып жүрген кезде ІІД-нің Жедел басқару орталығынан радиобайланыс арқылы Жеңіс бағы маңында Есіл өзеніне ер адамның батып бара жатқаны туралы жедел хабар келіп жетті.

АКТЕРЛЕР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАЙ ТҮСТІ

Өткен жыл С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры үшін жемісті аяқталды. Театрда жаңа қойылымдар сахналанды. Өнер ұжымының сахнагерлері республикалық додаларға қатысып, халықаралық театр фестивальдарына жолдама алды.

КӘСІПКЕРДІҢ ЖАСТАРҒА ТАРТУЫ

Бүгіндері облыс бойынша 78 шағын мұз айдыны жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін олардың санын 100-ге жеткізу көзделген болатын. Осы жұмысты қолға алғандардың бірі – “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен сенбі күні Сенная база шағын-ауданында қала тұрғындарына арнап жабық мұз алаңын іске қосты.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте 2014 жылдың қорытындысына және Жаңа жылды қарсы алу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты баспасөз мәслихаты өтті.