Езу тарта отырайық
ҮШ БИ Бәкір деген балдызым жалғыз ұлы мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түскен соң оны көзден таса қылмайын деп қалаға көшіп келген еді. Ауылда жап-жақсы дипломымен шолақ белсенділік қызмет атқарған ол қалада да қол қусырып отырмайын деп шама-шарқынан келетін қызмет іздестіруге кірісті.