«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.12.2014

“ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМНІҢ” ЖАҢА ҒИМАРАТЫ САЛЫНБАҚ

Тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, Жаңа жылмен қауыштық. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтеді. Медицина саласының қызметкері ретінде келер жылы халқымыздың денсаулығы жақсара түссе екен деген тілегім бар.

ЖАҢА ДЕПАРТАМЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінде жаңа қоғамдық кеңес құрылды. Тоғыз адамнан құралған топқа “Нұр Отан” партиясының, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелік етеді.

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

“Мұнаймаш” АҚ-ға инновациялық жоба бойынша орнатылған жапондық заманауи станоктарды алғашқы болып игерген мамандардың бірі – Оралбек Балғабаев. Оның аталмыш өндіріс орнында әмбебап токарь болып еңбек еткеніне де 6 жыл болыпты. – Мен еңбек жолымды қазіргі М.Әуезов көшесінде, өзім түтін түтетіп жатқан Сенная база шағынауданына жақын орналасқан “Ремдормаш” кәсіпорнында токарьдың үйренушісі болып бастадым. Сонда тәжірибеден өттім, …

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН Read More »

ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту қоғамның сұранысына және экономиканың индустриялық-инновациялық дамуына жол тартқан әлемдік білім кеңістігіне сәйкес жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жеке тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға, еңбек нарығының қажеттілігін өтеуге, ел экономикасын және әлеуетін дамытуға қосар үлесі зор. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық дағдарыс кезінде жүзеге асыруды мақсат етіп отырған …

ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Ең сүйікті де мейірбан және шын мәніндегі отбасылық мереке – Жаңа жыл құтты болсын!

ӨҢІРІМІЗДІ ӨРКЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА туризмді дамытып, қазба байлықты игеру қажет

30 желтоқсанда өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің қорытынды отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқысы – “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының былтырғы жылы атқарған жұмысы жайында оның басқармасының төрағасы Есжан Оразалин баяндады.

БАСТЫ БАЙҚАУДА БІРНЕШЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫҚ

25 желтоқсан күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өткізіліп, онда Президенттің “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталған болатын. Олардың ішінде біздің солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де бар.