«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ

Желтоқсан айында біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейі орташа бір адамға шаққанда 18319 теңгені құрады, ол алдыңғы аймен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 2014 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 6,2%-ға көтерілді.

Оның құрылымында азық-түліктің құны – 10992 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7327 теңге болды. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – 21,5%-дан, сүт, май-тоңмай өнімдері мен жұмыртқаға – 16,6%-дан, жемістер мен көкөністерге – 10,4%-дан, нан және жарма өнімдеріне – 8,9%-дан, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,6%-дан келеді.

Халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 14717 теңге,14-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін (ер балалар) – 23154 теңге және қыздар – 17740 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар үшін – 21808 теңге және әйелдер үшін – 17315 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 17136 теңге.

Облыстың аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері – 18553 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 17903 теңгені құрады.

 Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp