Шілдеде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 17 950 теңгені құрап, оның алдындағы аймен салыстырғанда 2,1%-ға кеміп, ал 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,1%-ға көтерілді.
Оның құрылымындағы азықтүліктің құны – 10 771 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 179 теңге болды. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – 20,7%-дан, сүт, май-тоңмай өнімдері мен жұмыртқаға – 14,8%-дан, жемістер мен көкөністерге – 13,6%, нан және жарма өнімдеріне – 8,7%-дан, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,2%-дан келеді.
Осы деңгей шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 14 065 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 22 701 теңге және (қыздар) – 17 390 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 21 459 теңге және әйелдер – 17 041 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 16 823 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күн-көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 18 111 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 17 665 теңгені құрады.
Облыстық статистика департаменті.