«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2015 жылғы қарашадағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі

Қарашада біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа есеппен жан басына шаққанда 17799 теңгені құрады, ол алдыңғы аймен салыстырғанда 8,8%-ға кеміді, ал 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2%-ға өсті.

Оның құрылымында азық-түліктің құны – 10679 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7120 теңге болды. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – 21,8%-дан, сүт, май-тоңмай өнімдері мен жұмыртқаға – 16,4%-дан, жемістер мен көкөністерге – 10,1%-дан, нан және жарма өнімдеріне – 9%-дан, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,7%-дан келеді.

Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 17807 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 17785 теңгені құрады.

 Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp