«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2015 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Петропавл қаласында өтетін шаралар БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәуелсіздік стеласы алдында

11.00-12.00 аралығында Балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылық орталығының ұжымдарының қатысуымен «Қазақстан балалары – нұрлы жолмен» мерекелік концерттік бағдарламасы өтеді.

12.00-13.00-де балабақшалар тәрбиеленушілері арасында «Еркетай – 2015» конкурстық бағдарламасы ұсынылады.

12.30-15.00-ге дейін балалар шығармашылығының халықаралық, республикалық, облыстық конкурстарының жеңімпаздары қатысатын «Жұлдыздар аққанда» галаконцертін тамашалауға болады.

15.00-17.00 аралығында «Жас дарын» өнер мектебі оқушыларының «Балалық шақ әуендері» шығармашылық концерті қойылады.

Балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылық орталығының алдындағы алаңда бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер шығармашылық фестивалі болады.

11.00-ден 14.00-ге дейін «Қазақстан балалары – нұрлы жолмен» асфальтта салынған сурет конкурсы өтеді.

11.00-14.00 аралығында жас суретшілер конкурсқа қатысады.

11.00-14.00-ге дейін «Болашақтың қаласы» атты архитектоника бойынша конкурс.

11.00-14.00-ге дейін «Отан гүлдері» атты конкурс көрермендерге ұсынылады.

11.00-14.00-де Қазақстан этностары балаларының ұлттық киімдерінің «Достық шоғыры» көрме-конкурсы болады.

В.Шаталов ескерткіші маңында

11.00-де «Күн сәулелі аллея» ойын-сауық бағдарламасы басталып, бір сағатқа созылады.

12.00-13.00-ге дейін балалар арбашаларының «Менің алғашқы көлігім» конкурсы.

13.00-14.00 мезгілінде «Жарқын, жайдары жаз» ойын-сауығы болады.

14.00-15.30-ға дейін «Балалық» еліне саяхат» сахналық көрінісі қойылады.

11.00-13.00 аралығында би алаңына стритболдан балалар сайысын көруге болады.

11.00-15.00 мезгілінде картингшілер жарысады.

Абай мен Пушкин ескерткіші жанында

11.30-12.30 аралығында «Бақытты күн» конкурс-бағдарламасы болады.

12.30-13.30. Конкурс-ойын бағдарламасы ұсынылады.

11.30-13.00 аралығында «Эмират» фитнес-клубының спорттық-ойын-сауық бағдарламасы өтеді.

12.00-13.00-ге дейін аула клубтарының фестивалі болады.

Абай мен Пушкин ескерткіштерінің сырт жағында

11.00-12.00-де «Отбасылар жарысы» ұсынылады.

11.00-13.00-де боди-арт бойынша «Жаздың жарқын бейнесі» конкурсы болады.

11.00-13.00 аралығында шахматтан, теннистен және тоғызқұмалақтан жарысты тамашалай аласыздар.

11.00-13.00 Туристік көпсайыстан өтетін жарыстар.

12.00-14.00 мезгілінде «Бәріміз де бала болғанбыз» концерт-ойын бағдарламасы шақырады.

Мәдениет және демалыс саябағында (бас аллея)

11.30-14.00 кезінде жас натуралистердің қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.

Субұрқақ алдындағы аллеяда

11.30-14.00 аралығында кітаптар көрмесі болады.

«Қарасай» стадионында

11.00-15.00-ге дейін «Бір аспан – бір әлем» атты ұшу аппараттарының облыстық байқауын тамашалай аласыздар.

№17 орта мектептің «Достық» балалар мен жеткіншектер клубында

11.00-13.00 аралығында үстел теннисінен жарыс өтеді.

№1 орта мектепте

11.00-13.00 аралығында шағын футболдан жарысты тамашалауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp