ДҮНИЕҚОРЛЫҚ: ЖАҚСЫ MA, ЖАМАН БА?
Адам дүниені неге жинайды? Біріншіден, бала-шағасының тұрмыстық керек-жарағын қамтамасыз етсем деген ниеттің болуы; екіншіден, өзінше баспаналы болып, жұмыстан соң дем алу, қонақ күту деген сияқты мүмкіншіліктер жасауға қаражат жинау; үшіншіден, еңбекке уақытша жарамай қалғанда ешкімге алақан жаймау қамы; төртіншіден, отбасында, той-томалақ, өлім-жітім болғанда соған тиісті қаражатым болса екен деген тілек; бесіншіден, туған-туысқанның, жолдас-жораның жақсылық-жаманшылықтарына жәрдем …