«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.01.2015

ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

Петропавлдағы “Метро” ойын-сауық орталығында орналасқан “АРДОС-жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде жергілікті ақын және жазушы, І топтағы мүгедек Михаил Гвоздевтің “Мен сенемін” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шараға жергілікті студенттер, қалалық кітапханалардың қызметкерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАҒА ҚАТЫСҚАНДАРҒА – АЛҒЫС ХАТ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов “Алтын сапа” сыйлығына және республикалық “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесіне Қызылжар өңірінен қатысқан кәсіпорындардың басшыларын қабылдап, Алғыс хаттар мен дипломдар табыс етті.

АЛҒАШҚЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Бейсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданының орталығындағы “Радуга” ЖШС-нің Бескөл филиалында болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін, сол сияқты халық тұтынатын тауарлар шығаруға арналған жаңа кешенді іске қосты, “Ахмутдинов” ЖК-нің өндірістік базасымен танысты.

ОБЛЫСТЫҚ СОТ МАРАПАТТАЛДЫ

Бұдан бұрын хабарланғанындай еліміздің Жоғарғы Сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурс қорытындысы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық соты иеленді.

МЕРЕЙТОЙ ІС-ШАРАЛАРЫ 6 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов: “Ассамблеяның мерейтойы 6 ақпанда алғашқы ең үлкен іс-шарадан бастау алады”, – деп атап өтті.