«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.01.2015

АНА МЕЙІРІМДІЛІГІМЕН АБЗАЛ

Дүйсенбіден бастап біздің үйде күйбелең тірлік басталып кетеді. Таңғы сағат жетіден шыр етіп, кішкентай қытай сағаты бәрімізді оятады. Содан үлкені де, кішісі де тырмалап көздерін ашып, тәтті ұйқыдан тұра бастайды. Мұндай таңғы көрініс көпшілікке таныс шығар деп ойлаймын.

ӘЛЕГІ КӨП ӘДЕМІЛІК

Кімнің әдемі болғысы келмейді?! Әрине, қыз-келіншектердің барлығы да көрікті, келбетті болғанды қалайды. Қазір ол үшін барлық жағдай жасалған. Тек қалтаңызда қаражат болсын деңіз. Тіпті, үйден шығып, әдемілік салондарына барып, сарыла кезек тосып отырудың да ешбір қажеті жоқ. Телефон соғып, мекенжайыңызды айтсаңыз болды, білікті мамандар өздері-ақ үйіңізге келіп, бет-әлпетіңізді бояп, қаласаңыз жасанды қас, кірпік, тырнақ салып …

ӘЛЕГІ КӨП ӘДЕМІЛІК Read More »

КІСІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ – КІШІПЕЙІЛДІЛІКТЕ

Қазақ халқы қашанда қыз баланы құрметтеп, оған ерекше ілтипатпен қараған. Себебі, бүгінгі қыз – ертеңгі келін, асыл жар, ұлт сабақтастығын жалғап тұрған аяулы ана. “Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемдік тербетеді” деп дуалы ауыз тегін айтпаған болар. Үйдің берекесін келтіріп, жан жылуымен айналасын мейірім сезіміне бөлейтін де нақ осы нәзік жандар. Олай болса, …

КІСІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ – КІШІПЕЙІЛДІЛІКТЕ Read More »

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – АВТОКРЕСЛО

Жаңа жылдан бастап 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы креслосыз көлік ішінде алып жүруге тыйым салынды. Бұл жайында “Жол қозғалысы ережелері туралы” заңға енгізілген өзгерістерде айтылып, көрсетілген. Қоғамда үлкен дау туғызған бұл құжаттың қолданысқа енуін біреулер қолдаса, екіншілері мұндай жаңашылдыққа наразы. “Ұлпанның” бүгінгі қосымшасында осы тақырып жайында сауалнама жүргізіп, оқырмандардың ой-пікірін тыңдап көруді жөн санадық.