МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН , МҮМКІНДІГІМІЗ ЖЕТКІЛІКТІ
Елбасымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын мемлекетіміздің, ел тұрғындарының болашағын бағамдап, алға басар қадамдарымыздың бағыттарын айқындайтын баға жеткісіз бағдар деуге болады. Жолдауда еліміздің жаңа ғылыми, технологиялық жетістіктерін басшылыққа ала отырып, мал шаруашылығын дамыту ауыл шаруашылығын өркендетудің өзекті міндеттерінің бірі ретінде Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес.