«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.01.2015

МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Есіл аудандық ардагерлер ұйымының алдында тұрған Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне дайындық аясында атқарылар іс-шаралар белгіленді. Алдымен аудан мектептерінде оқушыларды соғыс тарихымен, соның ішінде жергілікті майдангерлердің ерлік істерімен кеңірек таныстыру жөніндегі жұмыс қолға алынды. Ол үшін аудандық ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы И. Ошмариннің “Қымбатты менің жерлестерім” атты естелік кітабы пайдаланылуда.

БИЛЬЯРДТАН БӘСЕКЕГЕ ТҮСТІ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар аясында жуырда облыстық ішкі істер органдарының ардагерлері бильярдтан турнир өткізді. Оған ішкі істер департаментінің облыстық аппараты, әкімшілік полициясы, қалалық ішкі істер басқармасы және мамандандырылған күзет қызметі басқармасы органдарының ардагерлері жиналды. Бұл жарыс дәстүрлі өткізіліп келеді, жыл сайын бильярд клубында ішкі істер органдарының ардагерлері жиналып, үздік ойыншыны анықтайды.

АРДАҒЫМЫЗ – ӘЙЕЛДЕР

Табиғаттың мизамы сол әуелгі –Күн болмаса, түнек басар әлемді.Меңіреу болып жүрмесін деп еркектер,Шұғыладан жаратыпты әйелді.

ҰЗАҚ ТА БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР

Өмірінде жарқын із қалдыратын адамдар аз емес. Солардың бірі Мамлют санаторийлік орта мектеп-интернатының ұстазы, өткен жылдың соңында өзінің 90 жылдық және ұзақ еңбек жолының 54 жылдығын атап өткен Зоя Қарабалина деп білемін. Мектеп-интернатта орыс тілі мен әдебиетінің нағыз білгірі танылған білікті ұстаз – өзінің жүздеген оқушылары мен әріптестерінің ортасында ерекше құрметке бөленген жан. Одан дәріс …

ҰЗАҚ ТА БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР Read More »

БІРЛЕСКЕНГЕ БЕРЕКЕ БІТЕДІ

Қазір 1784 зейнеткерді біріктіріп отырған біздің кеңес аудандағы ең ірі қоғамдық ұйым саналады. Өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқаруға күш салып келеміз. Кеңестің құрамындағы 20 бастауыш ұйымдағы зейнеткерлер ішінде екі соғыс ардагері, екі соғыс ардагеріне теңелген жан және 324 тыл еңбеккері бар. Өздерінің жеке ұйымы болмағандықтан, Ауған соғысына қатысқандар, мүгедектер және Чернобыль атом электр станциясы мен …

БІРЛЕСКЕНГЕ БЕРЕКЕ БІТЕДІ Read More »