ҒАСЫРЛАР ЖАСАЙТЫН ҒИБРАТНАМА
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын. Абай. 1895 жыл.
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын. Абай. 1895 жыл.
Петропавл қаласындағы мектепке дейiнгi мекемелерде орын тапшылығын қысқарту үшiн мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс істейтін “Достық” балабақшасы ашылды. Ол шаһарымыздағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесіне кезекте тұрған бүлдіршіндер санын елу балаға азайтты.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытып, сөздік қорларын молайтуды, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруды, мемлекеттік тілді меңгертуге барынша жағдай жасауды көздейді. Петропавл қаласындағы №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің мұғалімдері инновациялық технологияларды сабақ үдерісінде тиімді қолданады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологияға байланысты әлемдік …
Оқушылар мектепте алған білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін өмірде тиімді қолдануға, өзгенің алдында ұялмай дәлелдеп беруге әртүрлі байқауларда шыңдалып дағдыланады және оны үлкен өмірге аяқ басқан шақта да пайдаланады. Қазіргі күні балаларды болашаққа нық қадам жасауға баулитын оқушылар арасындағы түрлі байқаулар бар.
Ақанбарақ орта мектебі соңғы екі жылдан бері жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары бойынша Шал ақын ауданында бірінші орын алып келеді. Осы жетістіктері үшін аудан әкімі Марат Омаров биыл мектеп ұжымына жаңа асхана жиһазын сыйлады. Әсіресе, осы жылғы жоғары эстетикалық талғаммен жүргізілген жөндеу жұмыстары оқу орнын адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Мектептің іші түгелдей қайта жаңартылды, …
Үш жылдан бері мұғалімдердің тамыз конференциясында облыстағы “Орта білім беретін үздік ұйым” конкурсының жеңімпазы жария етіліп жүр. Жеңімпаз атанған мектептерге облыс бюджетінен миллиондаған теңге қаражат бөлінеді. Бұл, әрине, білім ошақтарының мәртебесін асқақтатып, материалдық-техникалық жағдайын көтеру үшін жасалып жатқан жағдай екені сөзсіз. Алайда, бұл конкурс ауыл мектептері үшін қол жетпейтін арманға ұқсайды. Өйткені…
Айыртау ауданындағы Бірлестік орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмагүл Көкенесованың балаға тәрбие мен білім беріп жүргеніне 20 жылға таяды. “Мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемесінен хабардар, оқыта білетін мұғалім” деп ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, Алмагүл Көкенесова, әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушыларының тілін табуға шебер. Ол ағылшын тілі сабақтарында баланың сөздік қорын …
Тауағаш орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бекайдар Шаймерденовтен “Ұстаздық жолға қалай келдіңіз?” деп сұрағанымда алған жауабыма өзім тосылып, не дерімді білмей қалдым. Туған ауылынан жыраққа шықпаған бала Бекайдар Тауағаш орта мектебін бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түсуге асықпаған. “Ауылда бір жыл бойы не оқуға түспей, не жұмыс істемей, тек үй шаруасымен жүрдім. “Тамағы тоқтық, жұмысы …
Петропавл өнер колледжінде “Актерлік өнер” бөлімі өз жұмысын бастағанына ширек ғасыр өтті. Оқу бағдарламасы 2001 жылдан бері екі тілде жүргізіліп келеді. Егер орыс тобы 1989 жылы ашылса, 2001 жылы бөлім мемлекеттік тілде білім алатын алғашқы студенттерін қабылдады.
1970 жылдың қысы. Алматыда студентпін. Өлең жазамын. Қазақтың Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология және журналистика факультеттері студенттерінің үнемі басын қосатын жері – қазіргі Абылайхан даңғылының бойындағы Қазақстан Жазушылар одағының әдемі ғимараты. Университеттің бас корпусы таяқ тастам жерде. Бәріміздің мақсатымыз – үлкен ақындар: Сырбайды, Мұқағалиды, Қадырды, Тұманбайды көру, солардың алдында өлең оқу.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жанат Сәдуақасов 1981 жылы туған. Білімі жоғары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында инженер-конструктор болып бастаған. 2007 жылғы сәуірден 2010 жылғы сәуірге дейін облыстық …