ӨТКЕН ЖЫЛЫ 92 МЫҢ ТОННАДАЙ ЕТ ӨНДІРІЛДІ
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тірі салмақта 91,9 мың тонна ет өндірілді, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,9%-ға көп. Барлығы 901,7 тонна қара мал еті экспортқа шығарылды.
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тірі салмақта 91,9 мың тонна ет өндірілді, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,9%-ға көп. Барлығы 901,7 тонна қара мал еті экспортқа шығарылды.
“Петропавл жылу желілері” ЖШС жылу қуатын беру және таратудың реттелетін қызмет түрі бойынша табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады. 2014 жылы 1 сәуірде облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментке “Петропавл жылу желілері” ЖШС-ден 2014 жылғы 1 қазаннан 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін, 2 жылдық қолданыс мерзімге, орташа мерзімді кезеңге жылу қуатын беру және …
Алматы қаласында оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті. Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия, тағы басқа да әлемнің 15 елінен 58 команда (400-ге жуық олимпиадашы) қатысты.
Туысқан Өзбекстан Республикасының Тамды елді мекенінен 30-дай отбасының Айыртау ауданындағы Айыртау ауылына өзімен бірге қоныс аударуына мұрындық болған, бұл күндері төрт түлік өсіріп, келген жеріне міндетсімей, нәпақасын кәсібінен тауып отырған Жаңабай Пірмановты Қызылжар өңірі жақсы біледі десем, артық айтқандық емес. Іскер азаматтың, қазақша айтқанда, “жоқтан бар жасауына” ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан жан – майталман …
“Өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр” дегендей, жас ұрпақты тәрбиелеуде Қазақстан тарихының маңызы зор. Сабақ барысында, сыныптан тыс іс-шаралар кезінде осы жағдайды ұмытпаған жөн. Қазақстан тарихының қай кезеңі, қай бөлімі болсын жеткіншек санасына әсер ету мүмкіншілігі мол. Мысалға, сақ дәуіріндегі Томирис патшайым бастаған массагеттердің Еуразияны дүр сілкіндірген Кир патшаның әскерін талқандауы баланың өз жерін мекендеген ұлы тайпалардың …
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономиканы ғылымсыз дамыту мүмкін емес. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпал етуімен қоғамда алға жылжу байқалады. Бүгінгі күні мемлекетіміздің ғылым мен білімді дамытуға бөліп отырған қаражат қоры да қомақты. Жоғары оқу орындарындағы ғылымды қаржыландыруда грант жүйесі – ең жаңа элементтердің бірі. Бұл жүйе – келешегі бар жобаларды іріктеу үшін тиімді ғана емес, сонымен қатар …
“Даму” қоры мен “Казкоммерцбанк” акционерлік қоғамы бірлесе жүзеге асырып жүрген “Жұлдыздарға қара!” жобасы бойынша кәсіпкерлігін жандандыруға көмек сұраған тағы екі мүмкіндігі шектеулі солтүстікқазақстандықтың өтініші мақұлданды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясына қарызын қайтармаған шаруалар жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында мұндай борышкерлер саны – 13. Олар мемлекетке 264 миллион теңгеден астам қаражат өтеулері тиіс. Өйтпеген жағдайда бұл іске сот араласатын болады.
Тимирязево ауылындағы Рамиль мен Аида Әлиевтер 10 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып, 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Әлиевтердің аудан орталығындағы нотариалдық кеңсесі, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясы жергілікті тұрғындарға кеңінен танымал.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында “Боздақтар” кітабына көз жүгіртіп өтуді жөн көрдім. Ондағы ойым, соғыс жылдарында ел қорғауға аттанып, жаңбырдай жауған оқтың астында, жалындай жанған оттың арасында мұз жастанып, су кешіп, жаумен шайқасқан, небір қиян-кескі ұрыста қасық қанын төгіп, ерлікпен қаза тапқан, сөйтіп туған жерінен бір уыс топырақ бұйырмай, майдан даласында жерленген ержүрек жауынгер …
Виктор БУЛАВСКИЙ 1919 жылы Ақмола облысының Алексеевка ауылында туған. Балалық шағында отбасымен бірге Петропавл қаласына көшіп келген. Киров атындағы орта мектепте оқыған. 10-сыныпты бітірген соң Ленинградтағы Қызылтулы 2-ші артиллерия училищесіне оқуға түсті. Оны тамамдаған соң жас лейтенант Булавский Мәскеу әскери округінің 402-ші полкінің артиллерия полкіне жолдама алды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облысымызда 15 қаңтарда “Мас жүргізуші – қылмыскер” атты шұғылалдын алу шарасы басталғанды. Ол төрт тәулікті қамтып, 18 қаңтарда тамамдалды. Осы шараның барысында ішкі істер органдарының 450 қызметкері, солардың ішінде жол-патруль полициясының 175 инспекторы облыс жолдарындағы ереженің сақталуын қадағалады. Рейд өткен күндерде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1422 оқиғасы тіркелді.
Өткен жылы иісшіл иттер 433 қылмысты ашып берді. Олардың көмегімен 24 килограмнан аса есірткі, соның ішінде 3 килограмға тарта героин тәркіленді. Ал биыл жылдың алғашқы айында иісшіл иттер 57 қылмыстың 12-сін ашуға жәрдемдесті.
Өткен аптада облыста 14 өрт оқиғасы тіркелді. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйдің біреуінде тұратын 29 жастағы әйел тілсіз жаудың құрбаны болды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, әйел табалдырықта шылым шегіп отырып, оны сөндірместен ұйықтап кеткен. Сөйтіп, табалдырық өрт ошағына айналған. Денесінің 95 пайызын от шарпыған әйел сол жерден табылған. Ол ауруханаға …
Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай хоккей мен үстел теннисінен сайысқа түсті. Спорттық шараға қалалық ішкі істер басқармасы мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің 10 құрама командасы қатысты.
Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі театр режиссері әрі драматургі Барзу Абдуразаков жаңа қойылымды сахналау үшін облысымызға келді. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаевтың арнайы шақыруымен келген режиссер қызылжарлықтарға Н.Гогольдің “Ревизор” комедиясын ұсынбақшы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Менің Қазақстаным” атты облыстық музыкалық фестиваль ұйымдастырды. Оған Петропавл қаласы мен аудандардан өзге этнос өкілдерінің 12 үміткері қатысты. Шара мақсаты қазақ музыкасы мен әндері арқылы достықты нығайту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту болып табылады.
Өткен жылдың қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты кезекті Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы көреген саясаткер ретінде әлемдік дағдарысты еңсерудегі қажетті шараларды айқындағандардың алғашқысы болды. Онда экономиканың дамуын көздеген басым бағыттар айқын көрсетіліп, барлық күрделі кезеңдердің алдын алу мақсатында бүгін және ертең не істеу керектігіне нақты нұсқау берілген. …
БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ЖАҢАША ШЕШІЛСЕ, дәрігерлер тапшылығы азаятыны анық Read More »
Қызылжар ауданындағы Қызылжар ауылдық округінің әкімі Гүлсім Кәрімова Бәйтерек ауылы тұрғындарының алдында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алда тұрған міндеттер жайлы есеп берді. Аталмыш шараға Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы Айжан Молдахметова қатысты.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарынан ойып орын алып, енді азуын Айға білеген озық отыздықтың ортасынан табылуға ұмтылған барыс бейнелі ел екенімізді айтып, кеудемізді қағуға хақымыз бар, әрине. Алайда, “Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім…” деп, ақын Сара апамыз айтқандай, әзірге жеті басты айдаһардай аранын ашқан жемқорлық дертімен күресте 80-інші орынды місе тұтуға мәжбүр болып тұрғанымызды ойға …
САТЫП АЛУДА СҮРІНГЕНДЕР “жемқорлар” санын ұлғайтпасын десек … Read More »