ЕСТЕН КЕТПЕС КҮНДЕР
Мен қазіргі Аққайың, бұрынғы Совет ауданындағы Маңғұл ауылында дүниеге келдім. Балалық шағым да осында өтті. Десем де, балалық шақтан ерте есейгендеймін. Өйткені, Ұлы Отан соғысы басталғанда енді ғана мектеп жасына жеткен кезім болатын. Сондықтан балалық шақтың бал дәурен қызығын көрген жоқпын. Құмарымыз қанғанша ойын қуатын кез де болған жоқ. Тұтқиылдан басталған соғыс, ел басына төнген …