«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.01.2015

РОМАН КРЕЧ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Астананың “Алау” мұз сарайында спринтерлік көпсайыс бойынша ел біріншілігі аяқталды. Бәсекелі додаға өңірімізден 8 спортшы қатысса, оның тең жартысы қыздар. Көпсайыстың қорытындысы бойынша 500 және 1000 метр қашықтықтарда сынға түскен жерлесіміз Роман Креч жақында алған жарақатына қарамастан, ерлер арасында Қазақстан чемпионы атанып, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Екiншi орын 2013 жылғы әлем жеңімпазы Денис Кузинге бұйырды. Үшiншi …

РОМАН КРЕЧ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ Read More »

ПАРАҚОР ПОЛИЦЕЙЛЕР 8 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкеріне пара бермек болды деген айыппен және іздеудегі көліктерді ел аумағы арқылы алып өтуге жәрдемдескені үшін істі болған полиция қызметкерлері Қ.Бекенов пен М.Мұхамеджанов 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

ҚОНАҚҚА КЕЛСЕҢ ДЕ, ШАҢЫРАҚҚА ҚАРА

“Мигрант” шұғыл-алдын алу шарасының нәтижесінде заңды бұзған 57 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды. Шара барысында тәртіп сақшылары екі мыңға тарта нысанды аралап, 1860 үй мен пәтерді, 15 саяжайды, 80 жатақхананы, 50-ден астам базарды және облыстың 200-ден арта құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тексеріп, шетел азаматтарының тіркеу куәліктерін, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын анықтады. Шетелдіктерді уақытында тіркеуге қоюда заңды …

ҚОНАҚҚА КЕЛСЕҢ ДЕ, ШАҢЫРАҚҚА ҚАРА Read More »

ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Биылғы жылғы қаңтардың 13-і мен 19-ы аралығында облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені бес жылда бір жоспарлы түрде өткізіліп тұратын мемлекеттік аттестаттаудан өткен болатын. Мемлекеттік тестілеуге мектебіміздің төртінші, тоғызыншы, он бірінші сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

ҚАЛАМ ҚУАТЫ – ЖАСТАРДА

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов өңіріміздегі жас қаламгерлермен кездесті. Басқосуға өлең өлкесіне қадам басқан, қазақтың қарапайым қара сөзіне таласы бар өңір өрендері қатысты. Шара барысында сөз алған Жарасбай Қабдоллаұлы:

КОДЕКС ІЗГІЛЕНДІРІЛІП, ЖАЗА ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заңды күшіне енді. Аталмыш кодекске жазаны қатайтуды, сол сияқты жеңілдетуді көздейтін баптар қосылды. Енді ауыр қылмыстардан дәрежесі, деңгейі төмен, зардабы жеңілірек қылмыстар теріс қылық әрекеті деп аталатын болды. Бұрын олардың бәрі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі құқық бұзушылық ретінде танылатын.

ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басым бағытының бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне айрықша назар аударды. Аталған Жолдауда Елбасы: “Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Ол …

ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ Read More »

АРДАГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН БӘСЕҢДЕТПЕЙДІ

Кеше облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтіп, онда қоғамдық ұйымның жұмысына қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Облыстық ардагерлер кеңесінің өткен жылғы қызметіне қорытынды жасап, биылғы атқарылатын жұмыс жоспарын алға тартқан кеңес төрағасының орынбасары Анатолий Корабельниковтің айтуынша, ардагерлердің бастамасымен өткен жылы 791 рет жиын өтіпті. Әр ауданда ұйымдастырылған төрт семинар ұйымның жұмысын одан әрі жандандыруға, аға …

АРДАГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН БӘСЕҢДЕТПЕЙДІ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕР ЕРЛІГІНЕ ТАҒЗЫМ

Қаңтардың 27-сі – Ленинград құрсауы бұзылған күн. Осыған орай облыс әкімі Ерік Сұлтанов бастаған ардагерлер, тыл еңбеккерлері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, сарбаздар, студенттер мен мектеп оқушылары Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қанды қырғында мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

МАҒЖАН АУДАНЫНДА МІН БОЛМАУҒА ТИІСТІ

Сейсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданында болды. Онда өңір басшысы аудан орталығында жаңадан ашылған “Алтын күн” жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. Содан кейін Ерік Хамзаұлы аудан әкімі Қайрат Пішенбаев пен Золотая Нива ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Байтақовтың тұрғындар алдындағы есепті кездесулеріне қатысты және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

ЖЕТІ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 7 жоба талқыланып, оларға қолдау көрсетілді. – Бұған дейін индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында жүзеге асырылатын 22 жобаны талқылаған болатынбыз. Бүгін үйлестіру кеңесінің талқылауына кезекті жеті жоба ұсынылып отыр, – деді отырысты ашқан Ерік Хамзаұлы. Үйлестіру кеңесінде талқыланатын жобаларды индустриялық-инновациялық даму басқармасының …

ЖЕТІ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ Read More »