«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.01.2015

ӘКЕ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылының тұрғыны Ермек Нұрғазин өзінің хатында ұлы Рүстем Нұрғазиннің өткен жылдың басында денсаулығының нашарлауына байланысты аудандық, облыстық, республикалық ауруханаларда қаралғаны жөнінде жазған. Аурудың себеп-салдары анықталғанымен, 3-ші топтағы мүгедек ұлына тиісті ем-шара қолданылмай жүргеніне ренішін білдірген.

ТРИХИНЕЛЛЕЗ ДЕРТІН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ТІРКЕЛДІ

Өткен жылы Қызылжар және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда трихинеллез дертін жұқтырған науқастар тіркелді. Белгілі болғанындай, олар борсықтың ысталған етін шикі күйінде пайдаланған. Трихинеллез – адамның және жыртқыш жануарлардың ішекқұрттары қоздыратын ауыр паразиттік ауру. Тірі туатын дөңгелек құрттар адам организміне трихинеллезбен ауыратын жануарлар арқылы жұғады. Борсықтың, аюдың, кейде үй шошқаларының еттерін шикі немесе нашар пісірілген күйде …

ТРИХИНЕЛЛЕЗ ДЕРТІН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ТІРКЕЛДІ Read More »

ӨҢІРІМІЗДЕ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ – 68 ЖАС

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенер болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 68 жасқа дейін жетті. Жалпы өлім-жітім 9,0 пайызға төмендеді. Сәби өлімі 19,4 пайызға кемісе, ана өлімі тіркелмеді. Бала өлімінің көрсеткіші 21,8 пайызға азайған. Әлеуметтік маңызы бар дерт – туберкулезден көз жұмғандар саны 21,3 пайызға, ал жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығып, …

ӨҢІРІМІЗДЕ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ – 68 ЖАС Read More »

ЖАСАНДЫ ЖАТЫР САЛЫНҒАН ӘЙЕЛ СӘБИЛІ БОЛДЫ

Дүниеге перзент әкелуді армандамайтын ана жоқ шығар. Ұлыбританиялық әйелдің де ана болуды армандағаны соншалық, өзіне донорлық жатыр қондыруға дейін барған. Әлем медицинасында бұрын-соңды кездеспеген тосын жағдай ана арманының жемісі болса керек. Бақытты ананың жасы, есімі, жүктілік ағымы туралы ақпарат жария етілген жоқ. Белгілісі – әйел жүктіліктің отыз бірінші аптасында салмағы 1,8 килограмм болған нәрестесін дүниеге …

ЖАСАНДЫ ЖАТЫР САЛЫНҒАН ӘЙЕЛ СӘБИЛІ БОЛДЫ Read More »

АСКӨКТІҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса, дәрілік ерекшелігі бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Мысырда бауыр сырқатын емдейтін дәрілік зат ретінде қолданған. Бүгінгі күні де аскөк өсіріледі. Тіпті, қыс мезгіліне қарамастан, аскөкті жылыжайларда немесе үй жағдайында өсіретіндер кездеседі.

АЖАЛҒА АРАША – “АН-2”

Облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне Тимирязев ауданының орталық ауруханасынан шақырту қоңырауы түсті. Жол апатына ұшыраған жігітке жедел медициналық көмек қажет. Автожолда орын алған төтенше жағдайдан соң жігіттің бел омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Науқас ауыр халде. Ол отаға мұқтаж.

«Солтүстік Қазақстан» газетінің 2016 жылғы жарияланатын ақпараттық және жарнамалық материалдарының АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ

  Ұйымдар мен кәсіпорындар және басқалары үшін 1 шаршы сантиметрге мемлекеттік және орыс тілдерінде (бірінші бетке түрлі-түсті) 135 теңге Ұйымдар мен кәсіпорындар және басқалары үшін 1 шаршы сантиметрге мемлекеттік және орыс тілдерінде (соңғы бетке түрлі-түсті) 125 теңге Ұйымдар мен кәсіпорындар және басқалары үшін 1 шаршы сантиметрге мемлекеттік тілде (бірінші бетке көк түсті) 125 теңге Ұйымдар …

«Солтүстік Қазақстан» газетінің 2016 жылғы жарияланатын ақпараттық және жарнамалық материалдарының АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ Read More »