«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.02.2015

РЕСПОНДЕНТТЕР ҮШІН

Ақпараттық ресурстарға деген қызығушылық пен сұраныс күн сайын арта түсуде. Статистика департаментінің интернет-ресурсына жыл басынан бері 50824 респондент шолу жасады. Статистикалық есеп нысандарын уақытында және сапалы тапсыру үшін респонденттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің интернет-ресурстарына үнемі зер салып, жаңартылып отырылатын ақпаратты қолдануды ұсынамыз.

Әсет Әбдірахманов: “МУЗЫКА – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ”

Жасынан қолына домбыра ұстап, Құрманғазының, Тәттімбет пен Қазанғаптың сырлы әуендеріне қанығып өскен Әсет Әбдірахмановты бүгінгі күні жұрт домбырашыдан бұрын оркестрдің дирижері ретінде таниды. Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Думан Күдеровтей дарабоз домбырашыларды тәрбиелеп өсірген Тойкен Күдерованың шәкірті – Әсет өткен жылдан бері облыстық филармонияда қызмет етіп келеді. Бірнеше концерттерде өнер көрсеткен Әсет 5 ақпан күні …

Әсет Әбдірахманов: “МУЗЫКА – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ” Read More »

ТАМЫРЫ – ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ – ЗОР

(Басы өткен санда). 2. ҚОНЫС АУДАРУ Бөлінуге бет алған сұлтандар ат басын оңтүстікке, Моғолстанға қарай бұрды. Бұл бөлініп шыққан топтың Әбілқайырдың қарамағындағылар мен оны жақтаушыларынан ерекше айырмашылығы болған еді. Жәнібек пен Керейді қолдаушылардың бір бөлігі, өздерін “қазақтармыз” деп атай бастады. Моғолстан халқының өмір сүру салты, тілі және мәдениеті бойынша, Әбілқайыр хандығындағы тұрғындардың айырмашылығы алшақ емес …

ТАМЫРЫ – ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ – ЗОР Read More »

САЛТ-ДӘСТҮР – ОРТАҚ ИГІЛІК

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай “Қазақстан халқының ауыз әдебиеті мен дәстүрі” атты танымдық семинар өтті. Жиын барысында білім ордасының студенттеріне өзге этностар өкілдерінің бай мұрасы сахналық көріністер мен бейнероликтер арқылы таныстырылды.

БАҒДАРЛАМА ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы өз жұмысын тоқтатты деген ақпарат тарады. Жуырда бұл жайға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түсінік берді. Банк қызметкерлерінің мәлімдеуінше, құрылыстың және тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы қолжетімді тұрғын үй алу тетігінің барлық шарттары толық сақталған.

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

Облыстық ішкі істер департаментінің жақында болып өткен аппарат отырысында департамент бастығы Берік Біләлов “Мамандығы бойынша 2014 жыл үздігі” конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Департамент бөлімшелерінің 14 қызметкері конкурс жеңімпаздары болып танылды.

ЖЕҢІС – ЖЕРЛЕСІМІЗДЕ

Петропавлдағы бокс мектебінде алғаш рет ережесіз әуесқой жекпе-жек спорт түрлерінің бірі – “MMA”-ден қала біріншілігі өтті. “Біз жемқорлық пен балалар қылмысына қарсымыз” ұранымен өткен шарада джиу-джицу, муай тай, панкратион секілді спорт түрлерін серік еткен “Нептун”, “NAMYS”, “Бейбарыс” спорт клубтарынан және “Боец” күзет агенттігінен 11 шебер қатысты. Спортшылар 65 кг. мен 93 кг.-дан жоғары салмақ дәрежелері …

ЖЕҢІС – ЖЕРЛЕСІМІЗДЕ Read More »

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР ШАРА

Петропавлдағы ЕС-164/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Сотталғандар өлең жазу, сурет салу және қардан мүсін жасаудан сынға түсті. Қыс тақырыбына арналған байқауға сегіз жасақтың 30-ға жуық сотталушысы қатысты. Олардың туындыларын бейнелеу өнері мұражайының маманы, ақындар, журналистер және ата-аналар өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ

Өткен жылдың қазан айынан бастап “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша “Даму” қорының кепілдігі мен демеуқаржысын шағын қалалардың барлық салаларының кәсіпкерлері ала алады. Облысымызда төрт шағын қала бар, олар: Тайынша ауданындағы Тайынша, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево, Шал ақын ауданындағы Сергеевка және Мамлют ауданындағы Мамлютка қалалары. Олардың әрқайсысында орта есеппен 8 мыңға жуық адам тұрады. …

ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ Read More »

АУДАНЫМЫЗ АЖАРЛАНА ТҮСЕДІ

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында елімізді өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне шығара алатын шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл, ең алдымен, көліктік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымдардың дамуына байланысты. Бұл басталып та отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көлік стратегиясы жүзеге асырылуда, ол экономиканың көлік және онымен байланысты салаларда нысаналы …

АУДАНЫМЫЗ АЖАРЛАНА ТҮСЕДІ Read More »

ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Еңбек адамының құқығын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсарту ісі ерекше назарда болмақ. Облыстық әкімдікте қол қойылған үш жақты келісімнің де көздегені осы.

ЖОЛ ЖӘНЕ СУ – ЖАНҒА БАТАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко Мамлют және Жамбыл аудандарында болып, аудан әкімдері Ерболат Бекшенов пен Иван Турковтың тұрғындар алдындағы есепті кездесулеріне қатысты. Мамлют санаторийлік мектеп-интернатының негізі осыдан жарты ғасыр бұрын қаланған. 400 орынға шақталған білім ошағында бүгіндері 317 оқушы білім алуда.

АРЗАН ТАУАР АҒЫНЫ

Қазіргі әлемде әртүрлі себеппен қаржылық қиындыққа душар болған елдердің бірі – Ресей. “Көршілес мемлекетте қалыптасқан күрмеуі қиын ахуал Еуразиялық экономикалық одаққа кірген біздің де шаңырағымызды шайқалтып, экономикамызды тұралатып кетпей ме?” – деген күпті көңілде жүрген қазақстандықтар да аз емес. Өйткені, Жылқы жылы девальвацияға ұшыраған рубльдің әлі “ес жиятын” түрі көрінбейді. Міне, жаңа жылдың алғашқы айы …

АРЗАН ТАУАР АҒЫНЫ Read More »