«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.02.2015

Әлемде

Францияда “Гран при Париж” халықаралық жарысы мәресіне жетіп, оған қатысқан қазақстандық грек-рим күресшілері төрт медальға қол жеткізді.   Боз кілемде 71 кг. салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Асхат Жаңбыров пен 59 кг. салмақта жарысқа түскен Мейірбек Дөненбеков күміс медаль тағынды. Ал Ибрагим Магомадов (71 кг.) және Нұрлан Әлжанов қола жүлдені қанағат тұтты.

Елде

Шымкентте жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Онда облыс орталығындағы бокс мектебінің тәрбиеленушісі Александр Сахно күміс медальға қол жеткізді.  Шаршы алаңда 60 кг. салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Александр үш кездесудің қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды.

Облыста

Петропавлда волейболдан өткен “А” тобындағы ерлердің XXIII ұлттық лига командалары арасында үшінші турдың ойындары өз мәресіне жетті.    17 ойында 43 ұпайға қол жеткізген “Тараз” құрама командасы көш бастаса, 35 және 29 ұпайы бар Павлодар мен Атырау құрамалары екінші және үшінші орында. Жергілікті “Есіл СК” құрамасы 5 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Қалада

Облыс орталығында 130-дан астам спортшының басын қосқан “Солтүстік” облыстық спорт мерекесі өз жалауын көтерді. 18 бен 67 жас аралығындағы жерлестеріміз шаңғы тебуден, пневматикалық қарудан оқ атудан, гимнастикадан және президенттік көпсайыстан бәсекеге түспек.   Үш күнге созылатын доданың қорытындысы бойынша, жеңістің биік тұғырынан көріне білген жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады.   (Өз тілшіміз).

ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕНЕДІ

Жуырда облыс орталығында волейболдан ерлердің “А” тобындағы ұлттық лига командалары арасында үшінші турдың ойындары басталды. Онда солтүстікқазақстандық “Есіл СК” әзірге екі ұпаймен көш соңында келеді. Турнир аясында жерлестеріміздің “Атырау” құрамасымен болған кезекті кездесу барысында клуб директоры Александр Кувшиновтан ойыншыларының мүшкіл халі туралы сұрағанымда, басшы біраз мәселенің басын қайырды.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАҒЫНАН ҮМІТКЕР

Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген спортшыларымыз аз емес. Солардың бірі – жерлесіміз, жеңіл салмақта кәсіби бокстан “WBC” нұсқасының “Eurasia Pacific Boxing CounciI” тармағы бойынша Еуропа чемпионы Жанат Жақияновпен сұхбаттасқан едік. – Жанат Ескендірұлы, Сізді Еуропа жеңімпазы атануыңызбен құттықтаймын! Қызылжарлық жанкүйер өзіңіз жайлы білгісі келеді. – Мен Беларусь пен Австралияда өткен екі …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАҒЫНАН ҮМІТКЕР Read More »

«Шоқан жолының» мұраты

«Қазақ салт-дәстүрлерін дамытудағы «Шоқан жолы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымын құрудағы біздің мақсатымыз, қазақ тілін дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жас ұрпақ бойына дарыту, ұлттық  сананы оятып,өңірдегі қазақ қауымдастығын топтастыру болатын. Өңірдегі қазақ қауымдастығының туған тілі мен ұлттық құндылықтарын жандандыру мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар қатарында біз жалғыз емес екенімізді де жақсы сезінеміз. Олардың ішінде көп жылдардан бері осы …

«Шоқан жолының» мұраты Read More »

ТАМЫРЫ – ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ – ЗОР

(Басы өткен сандарда). 4. БИЛІК БАСЫНДА Жаңа хандықтың құрылу процесі күрделі геосаяси жағдайда өтті. Бұл – Еуропадағы дамудың өріс ала бастаған кезеңі, яғни Ұлы географиялық ашулар дәуірі болатын. Оңтүстікте севефидтік Иран шұғыл түрде қайта қаруланды. Шығыста Құбылай әулеті нығайды.