«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.02.2015

Қазақстан Республикасының шетелдерге оқуға баратын азаматтарына арналған дін мәселелері жөніндегі ЖАДЫНАМА

Құрметті отандастар! Сіздер өздеріңіздің келешектегі тағдырларыңызды айқындайтын мамандық таңдау табалдырығын аттағалы тұрсыздар. Ол – Сіздердің алдағы уақытта қоғамда өз орныңызды таба білуіңіздің, Отанымыздың игілігіне қызмет етіп, табысты әрі жетістігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуыңыздың кепілі.

Тұрағұл ҚҰНАНБАЕВ ӘКЕМ АБАЙ ТУРАЛЫ

Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, …

Тұрағұл ҚҰНАНБАЕВ ӘКЕМ АБАЙ ТУРАЛЫ Read More »

ЖҰМЫСТАН ТАПТЫ ЖҰБАНЫШ

Бүгінде жұмыссыз жүргендердің көбі өз жағдайын қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен сабақтастыруға дағдыланып алған. Мүмкіндігі шектеулі адамның өзі біреуге алақанын жайып, беделін түсірмес үшін табыс көзін қалыптастыруға талпынып, қоғамға бір пайдасын тигізуге ұмтылып жатқан кезде он екі мүшесі сау адамның екі қолға бір күрек таба алмауы – жігерсіздік пен жалқаулықтың көрінісі. Осындайда қиындыққа мойымайтын, тағдыр аяғынан шалып …

ЖҰМЫСТАН ТАПТЫ ЖҰБАНЫШ Read More »

МЕКТЕП ОТАН СОҒЫСЫ КҮНДЕРІНДЕ

Жуырда Полудин ауданының парткабинетінде мектеп директорлары мен оқу үйі меңгерушілерінің кеңесі болып өтті. 1941 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы туралы Тоқшын орта мектебінің директоры Истоми, Ново-Никольск орталау мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Оним жолдастар баяндама жасады.

Солтүстік- қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Михаил КИРИЧЕНКО 1923 жылы қазіргі Айыртау ауданындағы Лавровка ауылында туған. 1941 жылы Алматы жаяу әскер училищесін бітірді. 1942 жылдың тамызында майданға кірген ол бірінші Белорус майданы, 8-ші гвардиялық армия, 35-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 100-ші гвардиялық атқыштар полкінің батальоны сапында ұрыстарға қатысты. Кеңес әскерлері 1944 жылдың 1 тамызында Висла өзенінен өту кезінде жаудың қорғанысын бұзып, Польшадағы …

Солтүстік- қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары Read More »

БИЕ СОЙСАҢ, ҚҰЛЫН ЖОҚ

Биыл қыс ішінде, желтоқсанның жуан ортасында күн күрт жылынып, кей жерлерде тіпті жаңбыр сіркіреп, дала төсін жапқан ақ ұлпа қаймыжықтай мұзға айналып, ағаш бауырындағы оппа қардың бетіне екі елі сіреу қатып, малсақ қауымға қиын болды. Оның үстіне соңғы күндері тағы да Арқадағы ауа райы май тоңғысыз болып тұр. Қар тым қалың болмағанымен, сіресіп қатып қалды. …

БИЕ СОЙСАҢ, ҚҰЛЫН ЖОҚ Read More »

ЖАҢА БАСШЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АЙТАРЫ БАР

Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Департамент басшысы Шыңғыс Қабдула журналистерге өткен жылдың соңында құрылған мекеменің алдына қойып отырған міндеттері, осы уақыт ішінде атқарылған жұмыс жайында баяндап берді.

СТАНДАРТТАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘРТІП

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті 2016-2017 жылдарға мемлекеттік стандарттау бойынша жоспар жасауда. Соған байланысты белгіленген үлгідегі ұсыныс-өтінімдер және техникалық-экономикалық негіздемелер қабылданып жатыр.

АУЫЛДАРҒА – АҚЫСЫЗ ҒАЛАМТОР

Интернеттің елді мекендердегі тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету “Қазпочта” АҚ-ның жоспарлы жұмыстарының бірі болып отыр. Осыған орай ғаламтордың мүмкіндігін кеңінен пайдалану үшін ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерінде интернет байланысын орнатуда. Енді қазақстандықтар “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдауына поштаның ауылдық бөлімшелеріне орнатылған бейнеконференцбайланыс арқылы өтініштерін білдіре алады.

ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНЫНЫҢ ҚАРЫМЫ АРТА ТҮСПЕК

Заң талаптарының орындалуын қадағалау қызметінің өткен жылғы жұмысы қорытындыланды. Облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа отырысына облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель қатысты.

АҚ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мәре алды

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта салтанатты түрде мәре алды. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен іс-шараға облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы Ерік Сұлтанов қатысып, солтүстікқазақстандықтарға Елбасының құттықтауын жеткізді.

ЖЕТІСТІК ТЕ, КЕМІСТІК ТЕ БАР

Тимирязев ауданында 16 ауылдық округ бар. Өткен жылы мұнда мал шаруашылығы саласы алға басқандығы байқалады. Тоғыз жүзге жуық адам “екі қолға бір күрек” тапқан. Білім саласы да қарқын алыпты. Аудан облыста Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреген. Алайда, тимирязевтіктер арасында қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың қатары артқан.