«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.02.2015

КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМДЕР АЛЫНДЫ

Жоғары технологиялар аясындағы құқық бұзушылықтарды, зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды, сол сияқты компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол сұғуды анықтау мен олардың жолын кесу мақсатында 4 ақпаннан бастап ішкі істер департаментінің жеке құрамы “Контрафакт” жедел-алдын алу шарасы аясында жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері DVD-дискілерінің кез келген жердегі сауда орындарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді өткізу орындарын, компьютерлік клубтар мен Интернет-кафелерді тексеруде. …

КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМДЕР АЛЫНДЫ Read More »

САЙЫС АЛАҢЫНДА – ҚҰРЫЛЫСШЫ ҚЫЗДАР

Петропавл қаласындағы кәсіби колледжде “ЕС-164/6” түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектер білім алады. Жақында олардың арасында байқау ұйымдастырылып, ең үздік қаптаушы-тақташы анықталды.

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ресейдің Екатеринбург қаласында грек-рим күресінен халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Бәсі биік додада балуандарымыз сегіз медальға ие болды.

“ҚУАНЫШ” ҚУАНТАР ЕМЕС

Облыс орталығында волейболдан “А” тобындағы әйелдердің үшінші кіші турының ойындары жалғасуда. Аталмыш сайысқа алты өңірден 6 құрама қатысып, бақ пен баптарын сынауда.  

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Облыстық филармония ұжымы биылғы концерттік маусымға ерекше ықыласпен дайындалуда. Ақпан айының өзінде түрлі жанрдағы он шақты концерт өткізілмек. Соның бірі филармонияның сахнасында өтті. Облысымызға белгілі музыкант Сергей Имашбаев жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрдің өнері қызылжарлық өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның орындауындағы әлемдік және ұлттық классикалық музыка шығармалары көрермендердің көзайымына айналып үлгерді.

ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында экономикадағы күйзелістік жағдайларға әрекет ету жөніндегі жедел штаб құрылды. Оның құрамына басқарма мүшелері және палатаның жауапты қызметкерлері енді.

КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР ТУЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында халықтар достығын арқау еткен шығармалар, соның ішінде биыл 75 жасқа толып отырған көрнекті қаламгер Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” повесі бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті.

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ФЕСТИВАЛЬ

Петропавлдағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!” атты фестиваль өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына орайластырылды. Шараға “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, білім басқармасының өкілдері қатысты.

ОРНЫ ҚАЛДЫ-АУ ОЙСЫРАП…

“Бүгінде ақша билеп барады. Тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап көптеген кісілер мемлекет құдіретін күшейтудің орнына “Қолда барда қонышынан басып қал” деген жыртқыштық ұранмен қаруланды. Мұндай адамдар бір-ақ күнмен өмір сүреді. Жақында бір белгілі адам дүниеден озды. Оны мен жақсы білемін, атын атамай-ақ қояйын. Ол өмір бойы ақша жинаумен болды. Ірі пара ала жүріп, миллиондаған доллар …

ОРНЫ ҚАЛДЫ-АУ ОЙСЫРАП… Read More »

Герольд Карлович БЕЛЬГЕР

Еліміздің аса көрнекті тұлғаларының бірінің жүрегі соғуын тоқтатты. 2015 жылғы 7 ақпанда, 81 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, публицист, қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгер қайтыс болды. Г.К. Бельгер 1934 жылғы 28 қазанда Ресей Федерациясының Саратов облысындағы Энгельс қаласында поволжьелік немістер отбасында дүниеге келген. 1941 жылы этникалық неміс ретінде Қазақстанға депортацияланған. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын …

Герольд Карлович БЕЛЬГЕР Read More »

БИЗНЕСІҢІЗДІ БАСҚАРА БІЛЕТІН БОЛАСЫЗ

Петропавл қаласындағы “Даму” қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында “Іскерлік байланыстар” және “Назарбаев Университеті” ААҚ-да топ-менеджментке оқыту жобалары бойынша өтініштер қабылдау басталды. “Даму” қоры “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша ұсынатын оқыту жобалары кәсіпкерлерге осызаманғы табысты бизнесті басқару нобайын енгізуге көмектесетін болады.

“АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫН” ТАМАШАЛАДЫ

Ақпанның 7-сі күні Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қалыбек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында болып, “Абылай ханның арманы” атты тарихи драманың тұсаукесеріне қатысты. Қойылым басталар алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мемлекеттік хатшы өз сөзінде үстіміздегі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Конституциямыздың 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілетіндігін …

“АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫН” ТАМАШАЛАДЫ Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРІК ХАМЗАҰЛЫ СҰЛТАНОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты жылсайынғы Жолдауын ел халқына арнады. Президент Жолдауында республиканың инфрақұрылымдық дамуының жоспары өзегіне айналған “Нұрлы Жол” Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жария етті. Президенттің Жолдауы ел экономикасының өсімін, инвестициялық белсенділікті қолдауды, тұрғындардың кірістерінің кемітілуін болдырмауды, жаңа жұмыс орындарын құруды …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРІК ХАМЗАҰЛЫ СҰЛТАНОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ Read More »