«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.02.2015

МАЛСЫЗ БЕРЕКЕ БІТПЕС

“Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көргендердің бірі – Қызылжар ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Мурадбек Дурсунов. Оның кәсіпкерлігінің іргетасы осыдан он екі жыл бұрын қаланған. Бастапқыда сауда-саттықпен айналысқан ол былтырдан бастап мал өсіруді де қолға алыпты. Ол үшін қожалық басшысы “Сыбаға” бағдарламасы шеңберінде “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамының облыстық филиалынан 12 миллион 600 мың теңгенің несиесін рәсімдеген. …

МАЛСЫЗ БЕРЕКЕ БІТПЕС Read More »

ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ТЫНЫСЫ АШЫЛА ТҮСПЕК

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдола ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

СЕКСЕН ЖАСҚА ЖЕТКІМІЗ КЕЛСЕ, саламатты өмір салтын ұстанбай болмайды

Елбасы өз Жолдауларында ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі екенін үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларына орай денсаулық сақтаудың ұзақмерзімді жаңғырту бағдарламасы жасалып, бірыңғай стандарттар енгізілген. Алайда, бұл мәселенің бір жағы ғана. Ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсартумен, материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар, дене шынықтыру мен спортқа да айрықша назар аударылмайынша ойдағыдай нәтижеге жетуіміз қиын. Жастайынан денесін …

СЕКСЕН ЖАСҚА ЖЕТКІМІЗ КЕЛСЕ, саламатты өмір салтын ұстанбай болмайды Read More »

ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН ТЕХНИКА КӨБЕЙЕ ТҮСТІ

Қызылжар өңірінде биыл қар қалың. Қаңтар айының өзінде ғана орташа көрсеткіштен 3 есеге артық түскен қарды күн-түн демей тазаласа да, үлгере алмай жатқан арнайы техника саны толықтырылды.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРА ТҮССІН ДЕП…

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы екінші ай ғана жұмыс істеп жатқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (МХҚО) партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында МХҚО-ның қызмет көрсету үдерісіне және бірыңғай қызмет көрсету жүйесінің тиімділігіне, қызметтің сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге, сол сияқты тұтынушы-азаматтармен кері байланыс орнатуына назар аударылды.

ТОҚСАНҒА ТОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еңбек жолын агроном мамандығынан бастап, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарына дейін көтерілген Лидия Орлова 90 жасқа толып отыр. 33 жыл бойы жемісті еңбек етіп, облысымыздың дамуына үлес қосқан қарияның үйіне облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова барып, өңір басшысы Ерік Сұлтановтың атынан құттықтау хат және гүл шоғын табыс етті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖОҚ”

Кеше Ақордада Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланып, “Нұрлы Жол” Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралды. Отырысты ашқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев жиынға Үкімет мүшелерімен бірге жергілікті әкімдер, басқа да ведомстволардың басшылары қатысып отырғанын атап өтті. “Әлемдегі дағдарысқа қарамастан, былтыр Қазақстанның экономикасы 4 …

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖОҚ” Read More »

БЕРІЛГЕН УӘДЕНІ ОРЫНДАУ — БИЛІКТІҢ БЕДЕЛІНЕ СЫН

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов бұрнағы күні қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен тұрғындармен қорытынды кездесуіне қатысты. Марат Тасмағанбетов облыс орталығының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, есепті кезең ішінде қол жеткізілген табыстар мен әлі де шешімін таппаған мәселелер, алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.