«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.02.2015

МАҚСАТЫНА ЖЕТКЕН ЖАН БІЛІМ ҚУЫП…

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ибраеваның аталмыш білім ошағында еңбек ете бастағанына көп болған жоқ. Өңірімізге таяуда ғана келген ғалым – республикалық “Үздік оқытушы – 2014” байқауында осы құрметті атаққа ие болған 200 таңдаулы ұстаздың бірі.

ТАЙҚАЗАН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай республикалық “20 игі іс” акциясы бастау алған болатын. Оның барысында елордамыз – Астанадан жол тартқан “Тайқазанның” кіші көшірмесі өңірлердің барлығын аралап өтіп, сәуір айында өтетін Ассамблеяның мерекелік сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілмек.

“ТІЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ – ЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ”, – дейді Рашид Надиров

Қазақ елі алмағайып заманда өздерінің тарихи Отандарынан еріксіз қоныс аударылған 130-дан астам этнос өкілдеріне ортақ мекен бола білді. Біздің ата-бабаларымыз олардың ешқайсысын алалап, бөліп-жарған жоқ. Өздері де аш құрсақ болып жүргендіктеріне қарамастан, жер аударылғандармен бір тілім нандарын бөлісіп жеп, бауырластар болып кетті. Солардың бірі – күрдтер. Бүгінгі таңда олардың еліміздегі жалпы саны жиырма мыңға жуық. …

“ТІЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ – ЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ”, – дейді Рашид Надиров Read More »

САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Жуырда “Даму” қоры облыстық филиалының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында “Жеке кәсіпкерлер үшін салық салу мәселелері бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы” өз істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.

ЖАЯУ ЖҮРСЕ ДЕ, ЖАСЫМАЙДЫ

Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда жергілікті тұрғындардың ірілі-ұсақты мұқтаждарын шешу, арыз-тілектерін айту, тіпті, ақыл-кеңес сұрау үшін баратын бірден-бір орны ауылдық округтер, оның ішінде әкімдер десек, қателеспейміз. Осының өзі жергілікті атқарушы органдардың басшыларынан жан-жақты біліктілік пен білгірлікті, адам жанын түсіне білетін, қайғысына ортақтасып, қуанышын бір кісідей бөлісе алатын сезімталдықты, ерекше бір инабаттылықты қажет етеді. Осы қасиеттерді бойына дарытқан …

ЖАЯУ ЖҮРСЕ ДЕ, ЖАСЫМАЙДЫ Read More »

АЙДАР ИСМҰХАНОВ – ЖЕҢІМПАЗ

Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында самбодан ел біріншілігі өтті. Додаға еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты. Олар Түрікменстан мен Мароккода өтетін Азия мен әлем біріншілігінің жолдамасын сарапқа салды.

ӘСЕМ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ – ЖЕТІНШІ

Норвегияның Хамар қаласында өткен спорттық бағдарлаудан әлем біріншілігінде солтүстікқазақстандық Әсем Назырова мәре сызығын жетінші болып кесті. 9,5 шақырымдық қашықтықты бір сағат уақыттың ішінде бағындырып, швециялық жеңімпаздан бір жарым минутқа ғана кешіккен 19 жасар Әсем – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

БИШІЛЕРІМІЗ ДЕС БЕРМЕДІ

Петропавлдық “Александра” спорттық би шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Астанада өткен балдық билерді орындаушылардың ашық турнирінде үздіктер қатарынан көріне білді. Атап айтқанда, Дани Жаукин мен Анна Конопкинаның жұбы Латын Америкасы бағдарламасында топ жарса, Еуропа бағдарламасында үшінші болды. Антон Лактюшин мен Анна Никитенко аталмыш бағдарламаларда тиісінше күміс және қола медальдарға ие болды. Ал Максим Тугаев пен София Бикбаеваның …

БИШІЛЕРІМІЗ ДЕС БЕРМЕДІ Read More »

ТӨРТІНШІ ОРЫНДЫ МІСЕ ТҰТТЫ

Облыс орталығындағы олимпиадалық резервтегі “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде суда жүзуден “Көңілді дельфин” республикалық сайысы мәресіне жетті. Оған 2002 жылы туған жасөспірімдерден жасақталған 22 құрама команда, жалпы 250-ден астам жүзгіш қатысты. 50 және 100 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзген қызылжарлық жүзгіш Данил Панкур екі алтын медальға ие болды. Рахат Қазбеков 100 метрде қоланы еншіледі. …

ТӨРТІНШІ ОРЫНДЫ МІСЕ ТҰТТЫ Read More »

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Өткен жұма күнгі ауа райының тосын құбылысы жол қозғалысында көптеген қиындық туғызды. Күшті желден басталған сырғыма боран жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қар басып қалуына әкеліп соқтырды. Соның салдарынан облыстың 9 ауданында 128 техника қар құрсауында қалды.

ӨЗІҢДІ ҚЫЗЫЛШАДАН ҚОРҒА

Ғасырлар бойы қызылша ауруын “балалардың обасы” деп атап келді. Бұлай аталуы тегін емес. Себебі, дерттен өлім-жітім әрқашан көп болған. Бүгінгі күні де қызылшадан көз жұмғандар қатары сейілер емес. Дүниежүзінде аталмыш сырқаттан жыл сайын 900 мың бала қайтыс болады.

АРДАГЕРДІҢ АҚ ТІЛЕГІ

Петропавлда тұратын 80 жастағы қария Зоя Давыдова – тыл ардагері. Ол облыстық ішкі істер департаментінде 23 жыл техникалық қызмет саласында еңбек еткен.

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар аясында Петропавл қаласындағы Балалар ауылының тәрбиеленушілерін діни конфессиялар өкілдері құттықтап, сыйлықтар таратты.

ШАҒЫМДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылсайынғы Жолдауына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жұмысы азаматтардың конституциялық құқықтарының, олардың еңбек және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қорғауға бағытталған.

КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Өткен жылы облыстық көлік прокуратурасы көлік саласындағы заңдылықты нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, көлік саласындағы еңбек адамының құқықтарына қол сұғушылыққа жол бермеу, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелерге баса назар аударылды.

САЛАДА КӨШБАСШЫ АТАНҒАН КӘСІПОРЫН

“СевКазРодник” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бұрынғы атақты “Союзцелинвод” тресіне қарасты өндірістік кәсіпорындардың жұрнағы десе болады. Жұрнағы деп жұпыны ғана айтсақ та, қандай қиын жағдайларда болсын өндірісін тоқтатпаған оны өңіріміздегі отандық темір-бетон шығаратын кәсіпорындардың бірегейі деуімізге толық негіз бар. Тоқырау жылдарының өте ауыр кезеңінде осы тектес зауыттардың барлығы дерлік жұмысын тоқтатып, жабылып қалған кезде тұрмысқа қажетті темір-бетон …

САЛАДА КӨШБАСШЫ АТАНҒАН КӘСІПОРЫН Read More »

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ СҰРАНЫС БАР

Облыс орталығындағы “Северный” гипермаркеті ашылғаннан бері тұтынушылардың ең көп баратын сүйікті орнына айналып үлгерді. Таңғы сағат 8.00-ден түнгі сағат 1.00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейтін сауда орны тауарлар ассортиментіне қарай таңдаудың молдығымен, азық-түлік бағасының қолжетімділігімен ерекшеленеді. Отандық тауарлардың, әсіресе, жергілікті өнімдердің өтімділігін байқау мақсатында біз де аталмыш нысанға арнайы ат басын тіредік.

БИЫЛҒЫ АЙҚЫН МІНДЕТІМІЗ — 14 мыңнан астам адамды еңбекке тарту

2014 жылы Елбасының Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында барлық сала толығымен қамтылып, атқаратын тиісті жұмыстардың жолдары көрсетілген. Тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік қорғау ұйымдарының жұмысын жоспарға сай жүргізу аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.

ОМБЫ — БАСТЫ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗДІҢ БІРІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бастаған солтүстікқазақстандық делегация Омбы өңіріне барып қайтты. Көршілес екі облыс арасындағы экономикалық әріптестікті, ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы жұмыс сапары іскер байланыс биржасынан басталды. Байланыс биржасын ашқан Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров Солтүстік Қазақстан облысы маңызды серіктес екендігін айта келе:

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің ҮНДЕУІ

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда.