«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.02.2015

НЕГІЗІН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЛАҒАН

Тарихи деректерге көз жүгіртетін болсақ, Омбыда “Кедей сөзі” деген атпен шығып, 1921 жылдың 19 наурызынан “Бостандық туы” деп аталған газеттің қалыптасу кезеңдерінде есімі алты алашқа әйгілі тұлғалар еңбек еткенін байқауымызға болады.

ЗАМАНМЕН ҮНДЕС

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты – сүйікті газетім “Солтүстік Қазақстанды” тоқсанның бесеуіне де алып жетіпті. Төл газетіміз кезінде заманына сай шығып, жаңалықтың жаршысы бола біліп, бүгінде өз оқырмандары сүйіп оқитын басылымға айналды.

МАҢЫЗЫ ЗОР БАСЫЛЫМ

Мен – бүгінгі “Солтүстік Қазақстан” газетінің жасын өкшелеп келе жатқандардың бірімін. Ол менен төрт жылға ғана үлкен. Шындығында, бала-шағам, туған-туыстарым менің тоқсанның төріне келіп, қалқайып отырғаныма разы. Осы жасқа жеткенше өмірдің талай ащы-тұщысын көрдік. Менің балалық шағым заманның ең бір ауыр кезеңі, 30-шы жылдардағы ашаршылықпен тұспа-тұс келді.

ҚЫЗЫЛЖАР ЖҰРТЫНЫҢ РУХАНИ КӨШБАСШЫСЫ

Қызылжар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетінің алғашқы нөмірі оқырман қолына тигеніне 2015 жылғы 22 ақпанда 95 жыл болады. Басылым 1920 жылы Ресей коммунистік партиясы (большевиктік) Сібір бюросы мен Ақмола губерниялық революциялық комитетінің органы ретінде Омбы қаласында “Кедей сөзі” атауымен дүниеге келген болатын. Ал 1921 жылғы 7 наурыздан бастап РКП (б) Ақмола …

ҚЫЗЫЛЖАР ЖҰРТЫНЫҢ РУХАНИ КӨШБАСШЫСЫ Read More »

ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының аясында 7 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын құны 600 млрд. теңге 70 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті. Сондай-ақ, құрылысы 2016-2018 жылдары аяқталатын 100 жоба жалғастырылады. Биыл құрылыс алаңдарында индустрияландырудың барлық жобалары …

ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСУДА Read More »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫМЕН ҚУАНТҚАН “20 ИГІ ІС”

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай республикалық “20 игі іс” акциясы бастау алған болатын. Оның символына айналған Тайқазанның кіші көшірмесі Астанадан жол тартып, Ақмола облысына, одан ақпанның 12-сінде біздің өңірімізге жеткізілгенді. Бізде ол алдымен Аққайың ауданының орталығындағы Қарттар үйінің, Қызылжар ауданындағы Соколовкадағы даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне …

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫМЕН ҚУАНТҚАН “20 ИГІ ІС” Read More »

ТАЙҚАЗАН ПАВЛОДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

“Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс” республикалық эстафетасының символы – Тайқазан салтанатты түрде Павлодар облысына табыс етілді.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚОЛДАУЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасын солтүстікқазақстандықтар бірауыздан қолдауда. Солардың бірқатарының лебіздері мынадай:

ОБЛЫС ШЕЖІРЕСІ, ҚАСТЕРЛІ ҚАРАШАҢЫРАҚ

Халқымыздың аса көрнекті тұлғалары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов басшылық еткен және беттерінде бірқатар көрнекті ақын-жазушылар мен журналистердің қолтаңбалары қалған “Кедей сөзі” – бүгінгі “Солтүстік Қазақстан” газетінің тұңғыш нөмірі оқырман қолына тигеніне 95 жыл толғалы отыр. Бұл – облысымыздың қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өміріндегі елеулі оқиға. Өйткені, Қызылжар өңірінде мемлекеттік тілде шығарылып келе жатқан бірден-бір …

ОБЛЫС ШЕЖІРЕСІ, ҚАСТЕРЛІ ҚАРАШАҢЫРАҚ Read More »

ӨҢІР АЙНАСЫНДАЙ

95 жылдық тағылымды тарихы бар, қай кезде де уақыт талабы мен заман сұранысына сай қоғамдық сананың қозғаушы күші бола білген “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетін мерейтойымен құттықтаймын! Бір ғасырға жуық уақыт ішінде туған өңірімнің басты газеті қазақ елінің басынан кешкен даму үдерістерін қатар өткеріп келді. Абыз басылым ел басына күн туған кезеңдерде өңір жұртшылығына үзбей ақпарат …

ӨҢІР АЙНАСЫНДАЙ Read More »

ТҰТАС ДӘУІР ТАРИХЫН ХАТТАҒАН

Ел Тәуелсіздігінен бері “Солтүстік Қазақстан” деген атпен жарық көріп келе жатқан қазақ үнді басылым маған студент кезден жақсы таныс. Ал “Лениншіл жаста” (қазіргі “Жас Алаш”) жұмыс істеген кезімде “Ленин туы” атауы жүрегіме жылы тиіп, құлағыма жылы естілетін болды. Өйткені, Қызылжар өңірінен газетіміздің қыж-қыж қайнаған күнделікті қарбалас тіршілігіне өзіндік үн қосып, ұшқыр ойларымен, жүрдек қаламдарымен дараланған …

ТҰТАС ДӘУІР ТАРИХЫН ХАТТАҒАН Read More »

СҮЙСІНІП СЕНІ ОҚИДЫ

Өңірдің тынысы мен үні болған, Өмірдің бейнесі мен тілі болған, “Солтүстік Қазақстан” – төл газетім Тоқсанның бесеуіне бүгін толған.