АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ АБЫРОЙҒА БӨЛЕНДІ
Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден ел біріншілігі өтті. Оған 8 команда, 100 спортшы қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден ел біріншілігі өтті. Оған 8 команда, 100 спортшы қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Облыстық филармонияда эстрадалық-симфониялық оркестрдің дәстүрлі “Шеберлікке жол” атты концерті өтті. Аталмыш концерт алғаш рет осыдан жеті жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Сергей Имашбаевтың мұрындық болуымен бастау алған концерт әуелде өңіріміздің жас музыканттарын қолдау мақсатымен қолға алынған екен.
“Бөбек” қорының жетекшісі Сара Назарбаеваның бастамасымен “Өзін-өзі тану” пәнінің алғашқы жобасы еліміз бойынша 2010-2011 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерге жаппай енгізілді. Осыған орай Кеңес орта мектебінде пән бойынша “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өткізілді.
“СевКазЭнерго” АҚ Петропавл қаласы мен облыс аудандары тұрғындарына “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы және “Петропавл жылу желілері” ЖШС-і қуат жеткізуші ұйымдары электр және жылу қуатының тұтынушыларына техникалық шарттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес тегін және делдалсыз беретіні туралы кезекті рет хабарлайды.
Қызылжар ауданына қарасты Якорь ауылындағы “Алекри фирмасы” өткен жылды табысты аяқтады. Олар былтыр жүз миллион дана тауық жұмыртқасын саудаға шығарды. Өнімдері елімізден бөлек көршілес Ресейдің бірқатар облыстарынан да өз тұтынушыларын тапқан. Екі онжылдықты еңсерген серіктестік мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектен де шет қалмауда. Осының арқасында жыл сайын құс базаларын заманауи шетелдік қондырғылармен жарақтандырып келеді. Ол өндіріс …
Мемлекет қолдауын тиімді пайдалана білген тайыншалық Баян Ысқақованың тынымсыз еңбегі нәтижесін көп күттірмеді. Тайынша қаласында “Рахмет” сауда орталығын ашып, аудан тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз еткен кәсіпкер әйел бүгінде жерлестерінің ризашылығына бөленіп отыр.
Қазіргі Ресей рублінің Қазақстанның теңгесіне қарағанда шамамен 35-40 пайызға құнсызданып кетуі Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше осы елдердің арасындағы бұрыннан қалыптасып қалған сауда қатынасында қобалжу туғызарлықтай сипат ала бастады. Оны Қазақстан жағы тұтынушыларының көршілес Ресей өңірі қалаларының сауда сөрелеріне лап қойып, олардың теңгеге шаққандағы арзандап қалған тауарларын көптеп сатып алып жатқандарынан байқауға болады. Ал оны байыппен …
Өткен жексенбі күні қызылжарлықтар қыспен қоштасуға арналған Масленица мерекесін атап өтті. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ойын-сауық алаңдарын аралап, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Шара Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Орталық алаңда бастау алды. Алаңға жиналған қауым әрбір ұлттың тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Мерекелік шара барысында дәстүрлі тағам мен құймақ дайындауға облыс орталығының мәдени мекемелері мен этномәдени орталықтардың …
Монте-Карлоның “Salle des Etoiles” спорт кешенінде өткен үлкен бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкин “WBA” және “IBO” нұсқалары бойынша чемпиондық атағын қорғау үшін ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен қолғап түйістіріп, 11-ші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол осымен биылғы жылы өткізуге тиіс төрт шайқасының алғашқысын сәтті бастады.
Петропавл қаласындағы қазақ классикалық гимназиясының алаңында зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлер мен ұстаздардың қатысуымен өткен жиында сөз алған өңір басшысы Ерік Сұлтанов: – Үкіметтің қаулысымен үстіміздегі жылы Қызылжардағы қазақ классикалық гимназиясына дара тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлесіміз Сафуан Шаймерденовтің есімі берілген болатын. 1996 жылы аталмыш білім ошағының ашылуына ұйытқы болған жазушының орны бөлек. …
Мемлекеттің өркендеп, дамуына үлес қосып келе жатқан саясаткер, іскер нәзік жандардың орны бөлек. Қыз-келіншектердің игі бастамаларын қолдап, олардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында бүгін өңірдің іскер әйелдері “Нұрлы Жол – жаңа мүмкіндіктер” атты облыстық форум аясында бас қоспақ.
Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ербатыр Қайыргелдіұлы Мадияров Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Е.Қ. Мадияров 1971 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысындағы Есілкөл ауданында туған. Ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1992 жылы Омбы облысының “Лесной” кеңшарында ветеринарлық дәрігер болып бастады. 2001 жылғы мамырдан 2006 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы …