ЗАМАН ТАЛАБЫ
Орта мектепте өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытып жүргенде ауылдық округтің ересек тыңдаушыларына да мемлекеттік тілден дәріс бере бастадым. Қазір зейнет демалысында жүрсем де, ересектерге қазақ тілін оқытуды жалғастырып келемін. Осы жылдары қазақтарға ана тіліне, ал өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті, құрметті бойларына сіңіруге тырыстым.