«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.03.2015

ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ

Қаланың қым-қуыт тіршілігінде, қарбалас жұмыста көбіне біз өртке қарсы қызметтің басында кімдердің тұрғанын, соғыстан кейінгі қиын жылдарда олардың қалай еңбек еткенін ұмытып кетіп жатамыз. Дегенмен, өртке қарсы қызметтің ардагерлері мұқала қойған жоқ, есесіне күш-жігерлерімен, рухани қасиеттерімен шыңдала түскендей.

ҚОС ҚУАНЫШ

Саналы өмірін “Солтүстік Қазақстан” газеті редакциясының ұжымымен бірге өткізіп, еңбегімен еленген ардақты жандардың бірі – Бақытжан Сәдуова. Оның сабырлы мінезі, еңбексүйгіштігі, кеңпейілділігі кімге де үлгі-өнеге болары айдан анық. Аса көп сөйлей бермейтін, бірақ тұйық мінезді деп те айтуға келмейтін Бақытжан тәтеміз қасиетті қарашаңырақта сүттей ұйыған ұйымшыл ұжыммен бірге 22 жыл еңбек етті.

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ

“Ана – біреу, ағайын – алтау” деп қазақ халқы қалай дәл тауып айтқан! Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ана тіршіліктің көзі ретінде қашанда әспеттелген. Ол – балаға әрқашан да айдынды қоныс. Отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы да – ана. Сондай діңгегі бәйтеректей жайылған ардақты аналардың қатарына Алтын Жолдасбаеваны жатқызуға болады. Көпбалалы …

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ Read More »

АМАН БОЛ, АНАЛАРЫМ!

Ауыл – алтын бесігіміз десек те, қазіргі жаһандану заманында қаймақтары бұзылмай, шаңырақтарын шайқалтпай, бұрынғы түтін санын сақтап, бүтін қалғандары шамалы. “Бәрін айт та, бірін айт” демекші, бүгін атақонысым – Алқағаш ауылында тұратын ақ жаулықты әжелер, алтын құрсақ аналар, апа-қарындастарым мен келіндерім жайлы сөз сабақтауды жөн көріп отырмын.

ЕРДІҢ ЖҮГІН КӨТЕРГЕН ӘЙЕЛ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы “ЖНВ” ЖШС-і және онымен еншілес “ЖНВ-СК”, “ЖНВ-Агро” ЖШС-лері мен “Қарақоға” шаруа қожалығы осы төңіректегі он шақты елді мекенді қамтиды. Олардың бәрінің құрылымдық түп қазығында өңірге танымал азамат Николай Жигалов тұрған болатын. Тағдырдың жазуымен осыдан екі жыл бұрын серіктестік басшысы дүниеден өтіп, барлық шаруашылық қам-қарекеті оның зайыбы Татьяна Геннадьевнаның мойнында қалды.

АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛДЫ

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен нәзік жандарға арналған кеш өтті. “Шын жүректен” деп аталған шараға әр салада көп жыл бойы еңбек еткен ардагерлер, көпбалалы аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және өз ісін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер шақырылды.

АЯУЛЫЛАРҒА – МЫҢ АЛҒЫС

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында көпбалалы, сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен ардагер аналар сый-құрметке бөленді.

ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

Тайынша ауданы прокурорының аға көмекшісі Юлия Ивановна Благовисная – заңдардың орындауын қадағалау ісін өмірінің мәніне айналдырған жан. Ол бұл таңдауына ешқашан өкінген емес. Бес жылдай Аққайың ауданының прокуратурасында қызмет атқарса, Тайынша ауданына ауысқанына да он жылдай болып қалыпты.

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР

Гүл – табиғаттың адамға сыйлаған тамаша тартуларының бірі. Әсіресе, қырдың қызыл қызғалдағын айтсаңызшы! Көрген көздің жауын алатындай әдемі, нәзік, таңғажайып қызғалдақтар – даланың да, қаланың да көркі. Өсімдіктің өлеңіне айналып, көктемнің хабаршысындай болған иісі жұпар қызғалдақ гүлдерін баптап, өсіру әркімнің қолынан келетін жеңіл шаруа емес. Бірақ осы іске ден қойып, талаптанып, тынымсыз еңбегінің арқасында мақсатына …

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР Read More »

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Былдырлаған тілі бал, сыңғырлаған күлкісі тәтті бүлдіршіндер томпаң қағып, таңғы жаттығу дайындығына кіріседі. Содан кейін балғын жүздері бал-бұл жанып, жапа-тармағай таңғы асқа отырады. Балалықтың бал мекеніндегі көңілімді ерекше тебірентіп, бақытты күйге бөлейтін күнделікті көрініс осындай.

«ЖҰМАҚ АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА»

Биылғы көктемнің алғашқы мерекесі қызылжарлық бір топ қыз-келіншектер үшін ерекше есте қаларлық болды. «Қызылжар» орталық мешіті Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, банк, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа салаларда еңбек етіп жатқан қыз-келіншектердің бастарын қосып, құрмет көрсетті, сый-сияпат жасады.

АЛТЫН ДЕСЕ, АЛТЫН

Алтын Қазбекова Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында қызмет етеді. Ол онда материалдық үстел бухгалтері міндетін атқарады. Өз қызметі өзіне ұнайды, онда бәрі қатаң тәртіпте орындалады, материалдық мүліктердің есебін жүргізеді және сақталуын қадағалайды.

МЫНА ӘЛЕМДІ ҚОРҒАЙМЫН МЕН СЕН ҮШІН

АНА, САҒАН ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРЕЙІН? Қандай ғажап, шуақты күн не деген! Нұр саулайды ағыл-тегіл төбеден. Нұр ішінде гүлге айналған бір өзі – Жаным, Анам, бүгін сенің мерекең!

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Возвышенка ауылында тұратын Зинет Байжанованың есімі жерлестері арасында құрметпен аталады. Зинет Сәрсембекқызы жас кезінде өте алғыр, ізденімпаз болған. Соған қарамастан ол еңбекке араласуды жөн көріп, жастай сауыншылар қатарына қосылды.

ЖІГЕРЛІ АРУ

Тұла бойы нәзіктіктен жаралса да, бүгінгі таңда арулардың меңгермеген мамандықтары қалмаған сияқты. Қайраттылық пен қайсарлықты қанат еткен қыз-келіншектер ерлермен қатар еңбек етіп, өнерлерімен өрге басып келеді. Темірдің тілін түсініп, ауыр машина жасау саласының ауыртпалығын көпшілікпен бірге көтеріп жүрген асыл жандардың бірі – Шынар Жүкенова.

СЫЙЛЫҚ ТАҢДАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?

Жыл сайын 8 наурыз мерекесінде аналарға, қыз-келіншектерге не сыйлаймыз деген мәселе туындайды. Бүгінде дүкендерде сыйлықтан көп нәрсе жоқ. Бірақ көз көргенді ала салуға тағы болмайды. Сондықтан сыйлық таңдаған кезде тапқырлық керек. Анаңызға сыйлық іздеген кезде оның өмір салтын басшылыққа алып, лайықты, пайдалы дүние таңдаңыз. Сонымен, сіздің анаңыз

АРМАНЫ ӨМІРЛІК МАҚСАТЫНА ҰЛАСҚАН

Сәуле Макина – жоғары санатты невропатолог дәрігер. Оның неврология ауруларын емдеудегі ойлап тапқан соны әдістері облысымызда кеңінен қолданылып келеді. Медицина саласында жаңалық болып қабылданған емдеу тәсіліне шетелдің дәрігерлері қызығушылық танытуда. Ол бүгінгі таңда үш бірдей патенттің авторы. Әрдайым ізденіс үстінде жүрген дәрігердің медицина саласына сапары қарапайым арманнан бастау алған.

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

Ақ некесін мешітте қидырып, ата-аналарының батасымен отбасылық өмірге қадам басқан жарасымды жұптардың бірі – Мейрам мен Раушан Баймұқановтар. Бір-біріне қамқор, сүйеу болып, орталарында ержетіп келе жатқан балаларына үлгі-өнеге көрсете білген ерлі-зайыптылар – әскери саланың қызметкерлері. Темірдей қатал тәртіпті, мінсіз қызметті талап ететін мамандықпен еңбек жолдарын байланыстыру – Мейрам мен Раушанның жүректен шыққан қалаулары.

Илона ЛЯСОТА: “ТАТУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНАН ДА СЕЗІЛЕДІ”

Илона Лясотамен Петропавл қаласының ортасында орналасқан Достық үйінде кездестік. – Мен Польша елінің азаматымын. Краков қаласында туып-өстім. Петропавлдағы “Коперник” поляк мәдени орталығында поляк тілінен сабақ беремін. Польшадан келген еріктімін. Мамандығым бойынша поляк тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімімін. Осыдан үш жыл бұрын келген болатынмын, – деді ол танысқаннан кейін. – Мен 37 адамға поляк тілін үйретіп …

Илона ЛЯСОТА: “ТАТУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНАН ДА СЕЗІЛЕДІ” Read More »

ҚИЫНДЫҚТА ШЫҢДАЛҒАН

Соғыстың зардабынан қаншама шаңырақ шайқалып, әйел жесір, бала жетім қалды. Ер-азаматтармен қатар, қолдағы қаламы мен дәптерін қаруға айырбастап, ел үшін, бейбітшілік үшін майдан даласына аттанған бозбалалардың ерлігі қандай батырлыққа теңесе де, артық етпейді.