«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.03.2015

ЖҮРГІЗУШІ ӘЙЕЛДЕРГЕ – ЖҮЛДЕ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Арман Құтышев әуесқой автомобиль жүргізуші нәзік жандарға арналған акция ұйымдастырды.

БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ МЫҚТЫ

Өткен жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бейбітшілік, руха­ният және келісім мәдениеті” ат­ты тақырыпта өткен Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ХХІ сессия­сына қатысу мәртебесіне ие болған едім. Облыстық делегацияның мүшесі ретінде мұн­дай беделді жиынға алғаш қа­тыс­қандықтан, Елбасының сөзін үл­кен толғаныспен тыңдап, кө­­ңі­ліме тағылымды ойлар түйіп қайттым.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Тәуелсіздік жылдарында әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге белсене араласу мүмкіндіктері молая түсті. Елімізде әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы Конвенция ережелеріне сәйкес келетін Гендерлік теңдік стратегиясы қабылданып, жұмыс істеуде.

НӘЗІК ЖАНДАР БЕЛДЕСТІ

Талдықорған қаласында әйелдер күресінен ел біріншілігі аяқталды.   Жарыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 58 килограмм салмақ дәрежесінде боз кілемге көтерілген Н.Аманжолова мен 60 килограмм салмақта белдескен Д.Сатымбекова қола медальға ие болды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңіріміздегі білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Әбілдинов ардагер ұстаздардың бір тобымен бейресми түрде кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында білім саласындағы өзгерістер тілге тиек етілді.

ЖАСТАР ОЙ ЖАРЫСТЫРДЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ғимаратында “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асырудағы жастардың рөлі” атты пікірсайыс өтті. Шараны “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Шәймерденов жүргізді.

“ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ” КЕШІКПЕЙДІ

Жергілікті ардагерлерге 70 жылдық торқалы той қарсаңында республикалық “Жеңіс” жобасы бойынша “SOS” дабылды түймесі бар ұялы телефондарды сыйға тарту акциясы жалғасуда.

АЛМА — ПОЛИЦИЯ АРУЫ

Облыстық ішкі істер департаментінде алғаш рет өткізілген “Полиция аруы” байқауында әскери кительдерін асүй киіміне, би костюмі мен кешкі көйлектерге ауыстырған ақылы көркіне сай алты ару бақтарын сынға салды. Танысу, ұлттық және кешкі көйлектердің сән үлгілерін көрсету, үй тапсырмасы, шығармашылық байқау және блиц-сауалнама сияқты кезеңдерден тұрған сында бар өнерлерін көрсеткен полицей қыздар әрбір тапсырманы қызметтік міндеттей …

АЛМА — ПОЛИЦИЯ АРУЫ Read More »

ОРЫНБАСАРҒА ЖАЛТАҚТАП, ОПЫҚ ЖЕДІ

Тәртіптік кеңестің Әділбек Мұқашевтың төрағалығымен өткен кезекті отырысында 2 тәртіптік іс қаралып, заңға томпақ келетін әрекетке барған 1 басшыны қызметінен босату туралы ұсыныс қабылданды.

ВАКЦИНАЛАУ ЖАСАНДЫ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕДІ

Қызылшаға қарсы екпенің миллиардтаған дозасын пайдалану нәтижесінде әлемнің бірде-бір елінде қайтыс болу оқиғалары тіркелген емес. Бұл туралы ақпанның 4-інде Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінде өткен Еуропа өңірінде қызылшаға қарсы екпе жасау мәселелеріне арналған “дөңгелек үстел” барысында Испанияның Сантьяго университеттік клиникалық ауруханасының педиатрия және инфекциялық аурулар бөлімінің жетекшісі, доктор Федерико Мартинон Торрес мәлімдеді.

БІЛІМНІҢ БИІГІНЕ ҚАНАТ ҚАҒЫП…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақта “Не ексең, соны орасың” деген сөз бар. Біз сіздерді болашақ үшін “ектік”. “Болашақ” түлектері Қазақстанның ең қиын заманында капиталына құйған үлкен инвестициясы болып табылады” деген сөзінен оның жастарға зор сенім артатынын аңғаруға болады. Жастарды жарқын болашаққа жетелеген Мемлекет басшысы “Болашақ” бағдарламасын жүзеге асырды. Бүгінде жыл сайын жүздеген жас адамдар әлемнің алдыңғы …

БІЛІМНІҢ БИІГІНЕ ҚАНАТ ҚАҒЫП… Read More »

“ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ” ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Облыстық балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздік толғауы”, өзге де еңбектері арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі әңгіме арқауына айналды. Өңір педагогтері қатысқан жиынды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова жүргізіп отырды.

АУЫЛДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ

Тимирязев ауданындағы Құртай ауылдық округіне қарасты Жарқын ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңір басшысы Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Устименконың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

“АЙНАЛАЙЫНҒА” ІҢКӘР СВЕТЛАНА

Беларусь елінің тумасы, ұлты поляк Светлана Назарюк бір жасында анасымен бірге Қазақстанның топырағына табан тіреген екен. Ол орыстілді ортада ержетсе де, қазақша ән айтқанды ұнатады. Светлана өзінің қазақ сөздерін нақышына келтіріп айта алатындығының басты себебін сол ән айтумен машықтанғанның нәтижесі дейді. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезде облыстық “Жас қанат” ән байқауында “Қобызым” атты әнді орындап, …

“АЙНАЛАЙЫНҒА” ІҢКӘР СВЕТЛАНА Read More »