«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.03.2015

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН

Жалынды жастық кезде жаққан махаббат отын өшірмей, керісінше жылдар өте бір-біріне деген ақ, адал сезімдерін ту етіп, айналасына үлгі бола білген жарасымды жұптар саны бүгінде аз емес. Бақыт кілтін сыйластықтан тауып, оны кейінгі ұрпақ бойына дарыта білген ерлі-зайыптылардың бірі – Сәкен мен Ғалия Аманжоловтар.

БОЗ КІЛЕМДЕ – ПОЛИЦЕЙЛЕР

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс полицейлері самбодан сынға түсті. Екі күнге созылған жарысқа жергілікті күш құрылымдарының 150-ден астам қызметкері қатысты.

“АЯЛАҒАН АСТАНА” ЖАС ДАРЫНДАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

“Аялаған Астана – 2015” ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауы жаңа маусымды бастап кетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талантты жасөспірімдердің басын қосатын балалар байқауы өнерлі өрендердің өрісін кеңейтіп, талантты балғындарды анықтап, оларға үлкен сахнаға жолдама беру мақсатын ұстанып отыр.

АЛАТАУ БАУРАЙЫНДА ДЕМ АЛДЫ

Жеңістің 70 жылдық мерекесі аясында облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы құқық қорғау қызметінің ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Ішкі істер министрлігінің “Қазақстан” санаторийінде демалып қайтуларына жағдай жасады. Жуырда сауықтыру орны солтүстікқазақстандық ішкі істер органдарының ардагерлері мен құқық қорғау саласында қызмет атқарған тыл еңбеккерлерінің екінші тобын қабылдады. Алғашында 14 ардагер денсаулықтарын сауықтырып, Алатаудың әсем табиғатынан зор әсер …

АЛАТАУ БАУРАЙЫНДА ДЕМ АЛДЫ Read More »

БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

“Нұр Отан” партиясы Жамбыл аудандық филиалында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асырудың тиісті шарты ретінде этномәдени бірлестіктер қызметінің тиімділігін арттыру тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізді.

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ

“Ақсақалдар – ел бірлігін ойлайтын даналар” деген аталы сөздер күні бүгінге дейін халқымыздың арасында сақталып, дәстүріміз жалғасып келе жатқаны қуантады. Уәлиханов ауданының 300 жыл тарихы бар Қулыкөл ауылдық округінде бұл дәстүр өте жақсы сақталған. Округке қарасты Қулыкөл, Қаратал және Береке ауылдарында 5 адамнан құрылған ақсақалдар алқасы қызмет атқарады. Осы алқаның арқасында ауылдарда біраз мәселелер шешілді …

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ Read More »

ӘЛІ ДЕ ҚАТАРДА

Ауыл шаруашылығы саласында жарты ғасырға жуық қызмет етіп келе жатқан Қорған Мәдиевті өзі көп айналысқан сұйық азотқа байланысты жұмыс кәрілікке шалдырмай, тың қалпын сақтауға себеп болған сияқты. Биыл жетпістің бесеуіне аяқ басқалы отырса да, алпыстың о жақ-бұ жағындағы азаматтардай өзін тіптік, ширақ ұстап, жеке кәсіпкерлік ісінен қалмай жүргені содан шығар?

МАЙДАНГЕРЛЕР – МЫҚТЫЛАР

Ардагерлер,Өшпейді естен алыстағы от күндер,Жеңіс туын желбіретіп, Берлинге де жеттіңдер.Қанды қырғын соғыстан аман қайтқан ерлерім,Уақыт мүжіп барады-ау, тым азайып кеттіңдер…

ӘН-БИІМЕН КӨҢІЛДЕРДІ КӨРКЕЙТКЕН

“Кентрон” армян мәдени орталығы 1997 жылы құрылды. Содан бері орталық армян мәдениетін дамыту мен танымал ету мақсатында тынбай еңбектенуде. “Кентрон” орталығының бір ерекшелігі – олар армян халқының дәстүрлі мерекесі “Терендез” бен жалпыұлттық Наурыз мейрамдарында, Балаларды қорғау және Қазақстан халқының бірлігі күндеріне орай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған Балалар мен сәбилер үйлерінің балғындарына арнап әртүрлі қайырымдылық …

ӘН-БИІМЕН КӨҢІЛДЕРДІ КӨРКЕЙТКЕН Read More »

ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН “URPAG”

2003 жылы Қызылжар өңірінің зиялы қауымы көптен күткен “Urpaq” (Ұрпақ) мәдени-ағарту орталығы мемлекеттік тіркелу рәсімінен өтті. Орталықтың алға қойған басты мақсаты – Алаш арыстарының ағартушылық ісін жалғастырып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау. “Әсіресе, көрші елдерде тарыдай шашырап жүрген отандас бауырларға жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуді ұйғардық”, – дейді көп жылдар бойы “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы болып, …

ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН “URPAG” Read More »

ДОСТЫҒЫМЫЗБЕН ҚУАТТЫМЫЗ

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биылғы жыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланып, ол қазіргі күні елімізде кең көлемде атап өтілуде. Аталмыш институтты бұлайша дәріптеудің де өзіндік мән-мағынасы бар. Себебі, ассамблеяның бүгінде бірнеше этностардың басын бір шаңырақ астына тоғыстырып, елдегі саяси тұрақтылық пен ауызбіршілікті нығайтудағы атқарып отырған жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Биыл оған жиырма жыл.

КЕҢЕС АЛУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Осы жылғы ақпан айында облыстың Аққайың, Жамбыл, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Тимирязев аудандарында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды. Барлық шаралар “Ашық есік күні” түрінде өтті.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ – КЕҢ ӨРІС

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары тұрғындарға және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызметтің 52 түрін көрсетеді, оның 34 қызметі автоматтандырылған.

ОНЫҢ ОТЫЗ ТӨРТІНШІ КӨКТЕМІ

Тәжірибелі дәнекерлеуші Геннадий Потемкин “Достық дән” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етеді. “ҚазЭкспортАстық” акционерлік қоғамына қарайтын бұл серіктестіктің Шал ақын ауданындағы Сухорабовка, Новопокровка және Кривощеково ауылдық округтері аумағында 5000 гектардай егістік жері бар. Шаруашылық диқандары оның 600 гектарына зығыр, қалғанына бағалы дақыл – бидай өсірген болатын.

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУЫ

Жуырда “2015 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жоюға мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару органдарын, күш-құрылымдарын және құралдарын әзірлеу” тақырыбында “Көктем – 2015” республикалық командалық-штабтық оқужаттығу (РКШО) өтті. Оның басқару штабы Ақтау қаласында орналасты.

ТІЛ – БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауын халық зор үмітпен қабылдады. Маңызды құжатта тәуелсіз республикамыздың бүгіні мен ертеңіне бағыт берген “Қазақстан – 2050” Стратегиясынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарды белгілеумен қатар, 2015 жыл ұлттық тарихымыз ұлықталатын жыл екенін еске салды.

ТІЛЕГІМІЗ ДЕ, НИЕТІМІЗ ДЕ БІР

Наурыздың 11-і күні Астана қаласында Елбасының төрағалық етуімен “Нұр Отан” партиясының кезекті ХVI cъезі болып өтті. Тарихи мән-маңызы зор үлкен жиын 2000-ға жуық адамның басын қосты. Халықтың шын жүрегінен шыққан тілегін, ақ ниетін арқалап келген делегаттар бірауыздан Елбасын Президенттікке үміткер ретінде ұсынды. Осындай сын сағатта қалың қауымның қатарынан көрініп, съезге қатысқаным мен үшін үлкен мерей.

ЖҮРЕКЖАРДЫ ЛЕБІЗДЕР ЖАНЫМДЫ БАУРАДЫ

11 наурыз күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен “Нұр Отан” партиясының кезекті ХVI съезін теледидардан тыңдадым әрі газеттен оқып, Елбасының сөзін және ол туралы елімізге әйгілі тұлғалардың лебіздерін жүрегіме ұялатқанымды баяндағым келеді.

БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ

“Нұр Отан” партиясының кезекті ХVI съезінде Елбасымыз Президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Осы жағымды хабарды барлық ел тұрғындары сияқты солтүстікқазақстандықтар да зор қуанышпен, қанағаттанарлық сезіммен қарсы алды. Себебі, бүкіл әлемді жайлаған қазіргі дағдарыс кезеңінде еліміздің алға қойған биік мақсаттары мен жоспарларын әрі қарай іске асыру үшін білікті де білімді, кемеңгер көшбасшы керек.

ҚЫР ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ҮН ҚОСТЫ

Өңіріміздегі іргелі шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлер бас қосқан жиында Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер ретінде “Нұр Отан” партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылғанына қолдау білдірілді.