«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.03.2015

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция – 1,8 есе, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе ұлғайды. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 1,8 есе артық.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ

“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан”, – деп ұлы Абай айтқандай, өмірден өз орнын табу – әркімнің міндеті. Орта мектепті аяқтағалы отырған әр бозбала мен бойжеткеннің алдында өзінің болашақ мамандығы мен сол бойынша білім алатын оқу орнын таңдау сынағы тұрады. Болашақ мамандықты таңдауда қателеспеу керек. Әдетте, біз күнделікті өзіміз көріп жүрген …

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ Read More »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕСКЕРІЛСЕ ЕКЕН…

“Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім”, – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, Шал ақын ауданының Алқағаш негізгі мектебінің директоры, математика пәнінің мұғалімі Бикеш Жұмағұлованы осындай ұстаздардың қатарына жатқызуға болады. Білімді де жан-жақты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз мамандығын жетік меңгерген, тынымсыз еңбегімен оқушылар назарына іліккен Бикеш Қатранқызы отыз жылдан астам уақыт ұрпақ тәрбиесіне зор …

ЕҢБЕКТЕРІ ЕСКЕРІЛСЕ ЕКЕН… Read More »

ОЙЫН ТӘСІЛІ ҚОЛАЙЛЫ

Ұлтымыздың мәдени құндылықтарын баланың бойына сәби шағынан сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қашан да маңызы зор мәселе. Бұл туралы ойшыл Абай: “Балаға мінез бірінші – ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан жұғады”, – деген екен.

НӘТИЖЕ – ҰСТАЗДАН

Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейтін ұстаздың жауапкершілігі мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру зор шыдамдылықты қажет етеді. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты білікті маман болу мүмкін емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ең бастысы, жауапкершілікті талап ететін мамандықты таңдаған Айна Кәкімжанова – 15 жылға жуық Жамбыл ауданындағы Айтуар …

НӘТИЖЕ – ҰСТАЗДАН Read More »

САБАҚ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Оқу үдерісінің негізгі мақсаты оқушыға сапалы, өнегелі, тиянақты, жүйелі білім беру болып саналады. Бұл дегеніміз – оқушының ойлануына, өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және білімге деген іштей қажеттілікті туғызу. Осы негізде қазақ тілі пәнін оқытуда бүгінгі білім беру мазмұнындағы бетбұрыстарға бағыттай отырып, оқушының дүниетанымын қалыптастыру мақсатын көздеймін. Яғни, сабақ барысында оқушының ынтасын арттырып, күнделікті өткен …

САБАҚ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС Read More »

БАЛАМ БАСЫЛЫП ҚАЛМАЙ МА?

“Менің 2-сыныпта оқитын балам сабақта тыныш отыра алмайды, жыбырлақ. Жазуы да нашарлау. Баламның бұл кемшіліктерін ата-анасы ретінде біз жақсы білеміз және оны жою үшін үйде жұмыс жүргіземіз. Бірақ оның осы кемшіліктерін мұғалімі үнемі бетімізге басып, өзге ата-аналардың, оқушылардың көзінше айта береді. Бұлай істеу баланың көңілін басып, өзін басқалардан төмен санауына әкелмей ме?” деген сауал түскен …

БАЛАМ БАСЫЛЫП ҚАЛМАЙ МА? Read More »

БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Осыдан үш жыл бұрын ашылған “Батыр” балабақшасында 302 бүлдіршін тәрбиеленеді. Олардың бес тобы – қазақша, жетеуі орысша тәлім-тәрбие береді. Сонымен қатар дамуында тежелісі бар 25 балғын инклюзивтік топта тәрбиеленуде. Қалыпты жағдайдағы балалар топтарға 25-тен бөлінсе, денсаулығында тежелуі барлары жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес әр топқа 10-12-ден орналастырылған.

Армат КҮЗЕУБАЕВ: “ҮДЕМЕЛІ ОҚЫТУ – ӨМІР ТАЛАБЫ”

Соңғы жылдары Тимирязев ауданының білім ошақтары облыс орталығының алдыңғы қатарлы мектептерімен иық тірестіре, оқу-тәрбие ісінде айта қаларлықтай табыстарға қол жеткізіп жүр. Аталмыш ауданда жұмыс бабымен болған сапарымызда білім бөлімінің басшысы Армат Күзеубаевты сөзге тартқан едік.

ҚОЛДАЙЫҚ ТА СЕНЕЙІК

Емтиханға қалай дайындалу керек? Бұл сұрақ мектеп бітірушілерді, олардың ата-аналарын, мұғалімдерді қатты толғандырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін өте жақсы дайындықты талап ететін маңызды сынақ. Осы орайда өз тәжірибеммен бөліспекпін.

ТИІМДІЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасы аясында 180 орынға шақталған Аққайың ауданындағы Полтавка орта мектебі 2007 жылы пайдалануға берілді. Содан бері білім ошағынан 60 оқушы жоғары оқу орындарына грантпен түскен. Екі “Алтын белгі” және бір ерекше үлгідегі аттестат иегері шықты. Ұжым облыстағы білім беру мекемелерінің арасында өткізілген “Тиімді ауыл …

ТИІМДІЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП Read More »

ҒЫЛЫММЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР

Дінмұхаммед Шайкин Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2004 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аталмыш білім ордасындағы еңбек жолын ассистенттіктен бастаған ол бухгалтерлік есепті басқару кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2011-2014 жылдар аралығында экономика факультетінде декан болып қызмет атқарды. Дінмұхаммед Шайкин бүгінгі күні “Қаржы және кредит” кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты, экономика мамандығы бойынша …

ҒЫЛЫММЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР Read More »

ҚҰДАЙ ДЕГЕН ҚҰР ҚАЛМАС

“Сен – менің 46 жасымда туған тұңғыш ұлымсың. Сенен кейін де 4 бала дүниеге келді. Атыңды Тілеген қоюымда да үлкен мән-мағына жатыр. Бұл “Құдай деген құр қалмас” деген сөздің дәлелі емес пе? Кешегі ел басына күн туған сұрапыл соғыста маңайымдағылардың көпшілігі баудай түсіп, қырылып жатса да, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан маған бір оқ тиген …

ҚҰДАЙ ДЕГЕН ҚҰР ҚАЛМАС Read More »

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ Әлиханға үміт сыйлады

Бала адамның бауыр еті емес пе, ұлдары Әлихан ауыр дертке шалдыққаннан бері петропавлдық Самат пен Дина Жапаровтар мазасыз күй кешуде. Алайда, бұл қасіретті “Алланың бір сынағы” деп қабылдаған ерлі-зайыптылар баланың ауруының дәл диагнозын тауып, одан айығудың емін белгілеп берген неміс дәрігерлеріне қатты сенеді. Олардың араласуынан кейін аурудың беті бері қараған. Осыдан кейін қомақты қаражатты талап …

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ Әлиханға үміт сыйлады Read More »

ЕСІМІ АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ

“Тарих деген – шежіре. Уақыт деген алып бар. Сол алып уақыт әркімді өз орнына қояды. Кімнің-кім екені сонда айқындалады”, – деген Жұмабек Тәшеневтің қазақ халқы үшін сіңірген еңбегі, төккен тері мадақтауға ғана емес, бас июге лайықты. Қылышынан қан тамған кезеңде, адамдардың бәрі қосүрей тартқан заманда ол қазақтың сөзін сөйледі, мүддесін көкседі, жоғын жоқтады. Жүрегімен, жанымен, …

ЕСІМІ АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ Read More »

Мәлік ЖҮНІСБАЕВ:“ЖҰМЕКЕҢНІҢ ҚАЙРАТКЕРЛІГІНЕ ТӘНТІ БОЛДЫМ”

Петропавл қаласындағы №20 мектепке көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің есімі беріліп, алдына оның мүсіні қойылатын болды. Ескерткіш-мүсіннің авторы – Мәлік Жүнісбаев. В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын бітірген мүсінші қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Мүсін” кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етеді. Мүсіншіге телефон арқылы хабарласқан едік.

ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Кеңестік дәуірде ұлтымызға рухани тірек болған айтулы тұлғалардың бірі – Жұмабек Тәшенев. Қандай қызметте жүрсе де ең алдымен Қазақ елінің, ұлтының мұң-мұқтажын, абыройын, мүддесін әсте есінен шығармаған азаматтың есімі бұған дейін Шымкенттегі және Астанадағы көшелерге берілген. Петропавл қаласындағы №20 орта мектепке Жұмабек Тәшеневтің есімін беру туралы ұсыныс та көптің қолдауын тауып, Үкімет қаулысымен жүзеге асты. …

ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ Read More »

ҚАЙСАР ҚАЗАҚ

Осы орайда ғұндардың ұлы қағаны Мөденің (біздің заманымызға дейінгі 228-174 жылдарда ғұмыр кешкен) жерді аман сақтау туралы айтқан мына лебізіне қалайша таңғалмассың?! Бірде әбден асып-тасыған көрші мемлекеттің патшасы Мөдені ықтырып алу мақсатымен елші жіберіп, сүйікті әйелін сұратады. Ғұндардың көсемі ойланбастан жауына әйелін жетектетіп жібереді. “Мұныңыз не?” – дегендерге ол: “Менің әйел үшін қан төккім келмейді. …

ҚАЙСАР ҚАЗАҚ Read More »

ҚЫЗЫҒУШЫЛАР ҚЫМБАТЫНА ҚАРАМАЙДЫ

Өңіріміздегі автокөлік иелері жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді көптеп алуда. Өткен жылы жүргізушілер 23 VІР нөмір алса, биыл жыл басынан бері осындай 13 нөмір тіркеліп, бұдан мемлекеттік бюджетке 11 миллион 521 мың теңге қаржы түсті.

“КЕЛІМСЕКТЕР” ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Облысымызда “Келімсек” жедел-алдын алу шарасы өтті. Оның мақсаты – көші-қон заңнамасының бұзылуына, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға, келімсектердің әрі-бері келіп-кетуіне жол бермеу. Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышев полиция қызметкерлері өңірімізде тіркелмей жүрген және заңсыз жұмыс істейтін шетелдіктерді, сонымен бірге оларға заңға қарама-қайшы делдалдық жасайтын Қазақстан азаматтарын анықтауға айрықша назар аударғанын айтты.