ПЕШ ЖЫЛЫТЫП ҚАНА ҚОЙМАЙДЫ…
Жыл басынан бері облыста 131 өрт болып, одан 17 млн. теңгедей материалдық шығын келді. Отта 8 адам қайғылы қазаға ұшырап, 7 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада облыста 13 өрт тіркелді.
Жыл басынан бері облыста 131 өрт болып, одан 17 млн. теңгедей материалдық шығын келді. Отта 8 адам қайғылы қазаға ұшырап, 7 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада облыста 13 өрт тіркелді.
Ауруханаға Есіл ауданындағы Явленка ауылында эбола вирусын жұқтырды деген жолаушы жайында ақпарат келіп түсті…
Қайрат-жігерге, тың ойларға, жаңа ұмтылысқа, үздіксіз ізденіске толы жастық шақты әрбір азамат тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне жұмсап, Отанға қалтқысыз қызмет етуі қажет. Петропавлдағы Достық үйінде өткен “Ел үшін” атты жастар форумына қатысқан өңір өрендері ойларының тоғысқан тұсы бұл.
Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №156 бұйрығымен ішкі нарықта сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы төмендетілді.
Петропавлдағы Достық үйінде Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдық мерейтойына арналған оқушылардың облыстық айтысы өтті. Дүбірлі додада аудандық кезеңдерде іріктелген он екі айтыскер бақ сынасты.
Сол жылдары бұрынғы Көкшетау облысына қараған Қызылту ауданының Жарқын ауылдық кеңесінен соғыстың алғашқы жылының өзінде 100-ден астам адам майданға аттанды. Солардың көпшілігі майдан даласында мерт болды. Елге оралғандарының саны 20-ға да жетпейді. Оның өзінде көбі мүгедектер.Ел басына сын туған шақта ерлік ісімен танылған ауылдың абзал азаматтарының бірі – Сағит Жексенов міндетті әскери қызметке 1939 жылы …
Виталий КОРОЛЕВ 1916 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Приишим (қазіргі Қызылжар) ауданындағы Боголюбово ауылында туған. Челябі облысының Копейск қаласындағы тау-кен техникумында оқыған. 1935 жылдан бастап әскер қатарында. 1939 жылы Сталинград әскери авиация мектебін бітіреді. Соғысқа 1941 жылдың маусымынан бастап қатысады.
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жиында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен оқытушылар, студент жастар көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметі жайлы әңгіме қозғады.
…Әдеттегідей емес, елден ерекше сақал қоятындар бар: бұлардың біріншісі – қаба сақалдылар, екіншісі – ешкі сақалдылар. Осылардың қай-қайсысын көрсең де, деміңді ішіңе тарта қаласың: жат ағым жетегіне алғандардан қауіптенгендей күй кешесің. Намаздың өзін басқаша оқитын олардың оңашалана беретін қылықтарының өзі сескендіретін сияқты…
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов ел Президентінің Жарлығымен “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл” бірыңғай мерекелік медалімен марапатталған Петропавл қаласының бір топ соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қызылжар жастары” қоғамдық ұйымы ұйымдастырған “Дөңгелек үстел” отырысына қатысқан жүзге жуық жас азамат Президент сайлауын өткізуді қолдайтындықтарын білдірді.
“Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы өз жұмысын бастады.
Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтановтың бастамасымен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің мәжіліс залында облыс кәсіпкерлерінің “Қазақстанда жасалған” деп аталатын форумы өтті. Оған “NADLoC” агенттігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ведомстволар мен ұйымдардың, отандық тауар өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Талайларды тұсаған өр екпінің, Болмысыңның айғақтар бөлектігін. Аманат қып қалдырдың бар қазаққа, Жерді қалай сүюдің керектігін. Бәзбіреуге болғанда басы қайғы, Бағынбадың билікке басыбайлы. Ұлтына адал перзентті әрқашан да, Сертке берік сенімі асырайды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “KERUI GROUP” халықаралық компаниясының еліміздегі филиалының бас директоры Ван Цинфэнді қабылдады. Кездесуде “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамының негізінде стационарлық бұрғылау қондырғыларын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары талқыланды. Елімізде алғаш рет қолға алынғалы отырған аталмыш жобаның құны – 100 миллион АҚШ доллары.