АҢЫЗДАР МЕН ЫРЫМДАР
Наурыздың Ұлыстың ұлы күні деп аталуына байланысты мынадай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді – Ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.