«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.03.2015

АЛАШТЫҢ ӘЗ ТӘУКЕСІ

Үстіміздегі жыл еліміздің тарихындағы айрықша зор маңызды оқиғаларға толы кезең болмақ. Осы оқиғалардың ішінде Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығы айрықша мәнге ие. Қазақтың жыл басы – Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз төрімізден құтты орнын алар сәтте әкімгерлік-әкімшілік жүйе билік құрған тұста жадымыздан жойылып кеткен ұлттық мерекеміз ғасырлар бойы жасап келіп, қасақана ұмытылғанын білеміз. Қазақтың ұлы …

АЛАШТЫҢ ӘЗ ТӘУКЕСІ Read More »

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНДЕ ТӨРТ ЖОБА ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті екінші отырысы өтті. Онда Индустрияландыру картасына ұсынылып отырған төрт жоба қаралды.

БЕЛСЕНДІ БОЛАЙЫҚ

Еліміз әлемге өзін таныту үшін талай асулардан өтіп, қиындықтарды еңсеріп, ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік алып, әлемге қазақ деген ұлттың бар екенін дәлелдеп, заманауи өмірге серпінді қадам жасады. Бұл – қазақстандықтардың ұйымшылдығының, төзімділігінің, бірлігі мен ынтымағының жемісі. Осының бәріне ұйытқы болып отырған Президентіміздің даналығы.

ЖАППАЙ ҚАТЫСПАҚ

“Сайлау – маңызды патриоттық акт”. Дәл осындай атаумен Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында “дөңгелек үстел” өтті. Шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, ардагерлер, курсанттар мен студенттер қатысты.

ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында “Біз – Қазақстан халқы” республикалық форумы аясында 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты жиын өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, “Нұр Отан” партиясының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаттары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, еңбек ардагерлері қатысты.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚҰЛАҚ НАНЫ

Қазақтың ұлттық тағам мәзірінде еттің алатын орны ерекше. Етке қосымша қамыр жайып салу рәсімі көп жағдайда қадірлі қонақтарды күткенде жасалатыны белгілі. Оның әр аймақта әртүрлі атауы бар: “қамыр”, “күлшетай”, “ет наны”, “жұқа нан”, “іңкәл”, “күртік”, “шелпек” дейді, ал солтүстікқазақстандықтар оны “құлақ нан” десе, жақсы түсінеді. Сайын даламыздың төсіндегі шүйгін көкке семірген жылқы малының қазысы мен …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚҰЛАҚ НАНЫ Read More »

БАРША БАУЫРЛАРЫМЫЗ АСЫҒА КҮТЕТІН КҮН

Күн мен түн теңеліп, іргемізді ізгілікке бөлейтін Наурыз әрқашан да отбасылық мейрамға баланған. Оны облыс орталығының тұрғыны Жабир Микаилов жақсы біледі. Сол себепті де отбасы мүшелерімен Жаңа жылды қарсы алудың әзірліктеріне кірісіп те кеткен. Ынтымағы жарасқан, Қазақстаннан бағын тапқан Жабир Микаиловтің ұлты әзірбайжан. Әзірбайжанның Куба ауданындағы Рустов ауылында дүние есігін ашқан.

ТАҒЫ БІР ЖОБА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен сәрсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов қытайлық ВСЕG компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Чжу Циді қабылдап, өзара бірлескен өңірлік көліктік-логистикалық орталық құру жобасын сөз етті. Онда өңір басшысы алдымен осы бағыттағы облыс мүмкіндіктеріне тоқталды.

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қымбатты жерлестер! Ұлы мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!

ҰЛТЫ ҮШІН ОТҚА ТҮСКЕН

Петропавл қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы №20 мектептің алаңында осы оқу орнына есімі берілген қайраткердің ғасырлық мерекесіне арналған салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Ерік Сұлтанов: