«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.03.2015

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ – БАСТЫ НАЗАР

Астанада Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабының ашылуы болып өтті. Ә.Құсайынов өзінің республикалық сайлау-алды штабының басшысы Рүстем Жоламанды таныстырса, ол өз кезегінде штабтың таяу болашақтағы жұмыс жос­пары туралы айтып берді.

КОММУНИСТЕР ҰСТАНЫМЫ АЙҚЫН

Астанада Қазақстан Коммунистік халық партиясынан (ҚКХП) кандидат Тұрғын Сыздықовты қолдайтын республикалық сайлауалды штабтың тұсаукесері болып өтті. Ол Астана қаласында орналасқан.

ЕЛОРДАДАҒЫ ҚОЛДАУ ФОРУМЫ

Елордадағы “Дәулет” спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдауға арналған форум болып өтті. Сөйтіп, аталған шара сайлау науқанының үгіт кезеңін ашып берді.

“МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ” ПОЙЫЗЫ – ТАЙЫНШАДА

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып Астанадан теріскей жаққа бет алған “Менің Қазақстаным” үгіт-насихат пойызының тоқтаған алғашқы елді мекені Тайынша стансасы болды. Аудан жұртшылығы 130-ға жуық адамнан құралған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, Парламент Мәжілісінің депутаттарын, белгілі өнер тарландарын, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, түрлі сала қызметкерлерін ән-жырмен қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды. Вокзал басында ұйымдастырылған митингіні аудан …

“МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ” ПОЙЫЗЫ – ТАЙЫНШАДА Read More »

ДІНТАНУ ПӘНІН ДҰРЫС ОҚЫТСАҚ…

Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен семинарға “Дінтану негіздері” факультативінен сабақ беретін 500-ге жуық тарих пәнінің мұғалімі қатысты.

ЧЕЛЯБІЛІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫМЫЗ БЕКИ ТҮСТІ

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған делегация Ресей Федерациясының Челябі облысына барып қайтты. Іссапар барысында солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, әріптестік әлеуетті дамыту жайын талқылады.

ЕСІКТЕРІН АЙҚАРА АШТЫ

Облысымызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық, қалалық және 13 аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады.

АҚТЫҚ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс мектептері оқушыларының арасында ұйымдастырылған “Мен – чемпионмын!” спорт жарысының финалдық ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай “Тіл – татулық тірегі” атты кездесу өтті. Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттап, сөз өнері арқылы көпұлтты еліміздегі татулық, бірлікті көрсетуге бағытталған шараға Петропавл қаласы мен аудандардан мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанаты, “Қызылжар жастары” жастар …

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ Read More »

БІРЛІК ПЕН МОЛШЫЛЫҚ той ажарын ашып, салтанатқа сән берді

АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛҒАН КҮН Биылғы әз Наурыз мейрамы салтанатының бұрынғы жылдардағыдан анағұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына қалалықтар куә болды. Аспаны шайдай ашық Ұлыстың ұлы күні көтеріңкі көңіл күймен орталық алаңдарға ағылған қала жұртшылығы қаз-қатар ақ-шаңқан киіз үйлер тігілген көшелерді таңғы сағат тоғыз болмай толтырып тастады. Шығыс халықтарының жыл басы – көктемнің алғашқы күні өткен көше жәрмеңкесі …

БІРЛІК ПЕН МОЛШЫЛЫҚ той ажарын ашып, салтанатқа сән берді Read More »