«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.04.2015

ӨЗІНЕ ТАРТҚАН ҰРПАҚТАРЫ БАР

Біздің ата-бабаларымыздың елі – жеті атадан тұратын Есенгелді – Ақсу ауылы (Шал ақын ауданы). Сол жеті атаның бірі Жоныс тұқымынан менің ұлы атам Жайық пен Құсайын туған. Құсайыннан – Зейнеп, Сағди, Сақтаған өрбіген. Кезінде аталарымыз Тораңғыл (Новопокровка) көлінің теріскейінде, төрт шақырымдай қашықтықтағы Тілеген қыстауы аталып кеткен жерге қоныстаныпты.

АТАМНАН ҚАЛҒАН БІР ӨЛЕҢ

Елімізге қауіп төнгенде менің туған атамның ағасы Сәбит Қалиұлы да соғысқа қатысыпты. Ол 1925 жылы қазіргі Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылында туған. Естуімізше, атам соғыс басталған кезде Қызылжардағы мұғалімдер курсында оқып жүрген екен. 1943 жылы 18 жасында әскерге алынып, Самарқанд қаласында 9 ай әскери оқу-жаттығуды аяқтағаннан кейін майданға жіберілген екен. 1944 жылы Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласында …

АТАМНАН ҚАЛҒАН БІР ӨЛЕҢ Read More »

Майданға барып қайтқан сапары туралы Иван Шуховтың баяндамасы

Преснов Мәдениет үйінде Қызыл Армияның 24 жылдығына арналған салтанатты мәжіліс болды. Жиналыста қаһарман жауынгерлердің әкелері мен аналары, әйелдері мен апа-қарындастары майданға барып қайтқан жазушы Иван Шуховтың баяндамасын назар сала тыңдады.

ЖЕДЕЛ ТОПТЫҢ ӘЗІРЛІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте қардың күрт еруі және су тасқыны нәтижесінде су басуы мүмкін елді мекендермен көліктік коммуникацияларда апаттық құтқару жұмыстарын жүргізумен айналысатын жедел топтың әзірлігі тексерілді.

“ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕГУДЕН ҚОРЫҚПАҢЫЗДАР!” – дейді астаналық профессорлар

Қазақстанда жоспарланған адамдардың жартысына қызылшаға қарсы егу шаралары жүргізілмей қалды. Еліміз бойынша 15 пен 19 жас аралығындағы 500 мың адам қызылшаға қарсы егу шарасынан бас тартқан. Медицина қызметкерлері оған бұқаралық ақпарат құралдарында қызылшаға қарсы егу шаралары жасөспірімдердің ағзасына кері әсер етеді деген хабар таратылуы себеп болғандығын алға тартады. Сондықтан медицина қызметкерлері алдымен ақпараттандыру жұмысын жүргізіп, …

“ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕГУДЕН ҚОРЫҚПАҢЫЗДАР!” – дейді астаналық профессорлар Read More »

“ӨРЛЕУ” ЖОБАСЫНЫҢ ӨРІСІ КЕҢ

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында әлеуметтік қызметкерлер “Өрлеу” жобасына байланысты жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Архангелка, Боголюбово елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Алма Махметова “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асырудың тәртібі мен бағыт-бағдары жөнінде, ал осы мекеменің бас маманы Әсел Айсақова …

“ӨРЛЕУ” ЖОБАСЫНЫҢ ӨРІСІ КЕҢ Read More »

БҰЛАҚТАН БАСТАЛҒАН БОЛАШАҚ

“Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайын” дегендей, облыс орталығындағы педагогикалық институтқа түсіп, бар саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған әкесіне ұқсап, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Зарап Ғазезұлының өмірде журналистіктің қиын жолына қарай түбегейлі бетбұрыс жасағанына да 33 жыл болып қалыпты. Әйтпесе, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шағын мақалалар жазып, республикалық “Қазақстан пионері”, облыстық “Ленин туы” (қазіргі “Солтүстік Қазақстан”) газеттеріне жолдағаны, …

БҰЛАҚТАН БАСТАЛҒАН БОЛАШАҚ Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАРЛАР ӨТІМДІ

“Қазақстанда жасалған” патриоттық акциясын айыртаулық кәсіпкерлер де қолдап отыр. Айыртау ауданында халық жиі тұтынатын ет, сүт, балық, жұмыртқа, макарон өнімдерін өндіру жақсы жолға қойылған. Мәселен, Валентин Лыткин басшылық ететін “Ғасыр – Айыртау” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макарон цехы шығаратын өнім түрлерінің бірте-бірте көбеюімен және жоғары сапалылығымен жұртшылық назарын аударуда. Арнаулы цехтарда макаронның 1 және 2-сұрыптағы – …

ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАРЛАР ӨТІМДІ Read More »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – “Мәңгілік Ел” идеясының түпқазығы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», – деген еді. Ал «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің «Мәңгілік …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – “Мәңгілік Ел” идеясының түпқазығы Read More »

АМАН ЖҮРШІ, АНА!

“Помогите, ей плохо!”, “Дайте стульчик!” деп жан-жақтан ұлардай шулаған дауысқа елең ете қалдық. Петропавлдағы “Океан” сауда үйінің алдындағы шағын базардың маңы. Бірін-бірі жеп қоярдай жанталасқан саудагерлер, әрлі-берлі сапырылысқан сатып алушылар. Сынаптай сырғыған күнделікті күйбең тіршіліктің қарекетімен жүрген қоңыр күздің демалыс күндерінің бірі болатын. “Не болып қалды екен деп?” – деп жиенім Ақбөпе екеуіміз де алдымызда …

АМАН ЖҮРШІ, АНА! Read More »

“ЖАЛҒАН ЛАҢКЕС” 2,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

“Жалған лаңкестерге” қатысты қолданылатын жаза қатая түсті. Соның бір дәлелі – сәтсіз “әзілі” үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған А.Стужинге қатысты сот үкімі. Петропал қалалық прокуратурасының берген мәліметіне сүйенсек, ол ұялы телефоннан “112” нөмірін теріп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кезекші операторына темір жол вокзалына “бомба қойылғаны” жайлы хабарлаған. Тексеру шараларының барысында аталмыш факт расталмады. Ал А.Стужин …

“ЖАЛҒАН ЛАҢКЕС” 2,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ Read More »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БІР ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хатына сәйкес “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап ГРЭС-1 электр қуатының босату бағасын ҚҚС-сыз кВт/сағатына 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге дейін арзандатқаны туралы хабарлады.

ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҮРЕГІНЕ ҰЯЛАҒАН

“Мағжан” журналының үстіміздегі жылғы бірінші саны қолыма тиіп, жаңаның астарына үңіліп, сырына қаныққанша жаным жай таппайтын әдетіммен парақтай бастадым. Таныс, бейтаныс ақын-жазушылардың туындылары және соларға қоса берілген суреттері бірден көзіме шалынды. Сонымен бірге, бұрындары есімдерін естігенім болмаса, шығармаларымен аса таныса қоймаған қаламгерлерді де байқадым. Бұлардың ішінде әдебиет жайлауына енді ғана ноқта ұстап енген жастары да …

ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҮРЕГІНЕ ҰЯЛАҒАН Read More »

ҚҰС ФЕРМАЛАРЫН АРАЛАДЫ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов “Фирма Алекри”, “Атай СК”, “Петропавл бройлер құс фабрикасы”, “Адель құс” серіктестіктерінде болып, олардың жұмысымен танысты.

БӨГЕТ ТАСҚЫНҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарының барысын тексеру мақсатында Қызылжар ауданының Тепличное ауылы маңындағы бөгетте болды. Үстіміздегі жылы оны қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 4 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгіндері жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, жақын орналасқан үйлерді қорғау үшін бөгет 200 метрге ұзартылған.

КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы күн батареясынан электр қуатын алуды жоспарлап отыр. Соған орай “Teppa Coло” EATCGmbH компаниясының өкілдері өңір басшысы Ерік Сұлтановтың қабылдауында болып, Тайынша ауданында орнатылатын күн панельдері қондырғысының жобасымен таныстырды.

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Жыл өткен сайын ерлікке толы соғыс жылдары алыстай түсуде, алайда халықтың ұлы ерлігі мен оның бүкіл адамзат тағдырындағы тарихи маңызын уақыт кеміте алмайды.

РЕСЕЙДІҢ ҚҰС ЕТТЕРІ САУДАДАН АЛЫНДЫ

Петропавл қаласының сауда орындарындағы тағам өнімдеріне жасалған сынаманың нәтижесі көңіл көншітпейді. Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті өңір орталығының сауда желілерінде сатылатын тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді. Жасалған 46 сынаманың 30 пайызы өнім қауіпсіздігі мен таңбалау көрсеткіштері бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

ҚЫЗЫЛЖАР ӨНІМДЕРІ Біріккен Араб Әмірлігіне жөнелтілетін болады

Біріккен Араб Әмірлігінен қуанышты хабар мұхит өрлей, теңіз көктей өтіп, құстай ұшып жетті Қызылжар өңіріне. Сүйіншілеген – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдоллаев. Алдында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бастаған топ Қазақстан делегациясының құрамында Дубайға сапарлап кеткенін естігенбіз.