«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.04.2015

Ерік СҰЛТАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАМЫН»

«Ана тілі» газетін оқисыз ба? Ондағы көтеріліп жүрген мәселелерге қанықсыз ба? Көкейіңізден шыққан қандай мақалаларды айта алар едіңіз? Солтүстік Қазақстан әкімдігінде, қала және аудан әкімдіктерінде, мекемелерде ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қалай болып отыр? Кей жерлерде қазақ тілінің аударма тіл (құжат алдымен орыс тілінде дайындалады, содан кейін қазақ тіліне аударылады) күйінде қалып отырғаны байқалады. Бұл жөніндегі …

Ерік СҰЛТАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАМЫН» Read More »

238 ҚАРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Облыста травматикалық оқ-дәрілермен атылатын ұңғысыз газды тапаншаларды ақылы түрде тапсыру республикалық акциясы жүргізілуде. Жыл басынан бері полицияға 238 қару тапсырылған. Оның ішінде 101 травматикалық ұңғысыз, 135 газды-травматикалық қару бар.

ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда жалпы қолданыстағы жолдарды су басқан жағдайда қоғамдық тәртіпті күзету, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру бойынша арнайы тактикалық жаттығу өтті. Оған аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар мен ішкі істер бөлімдері, жол қызметінің инспекторлары қатысты. Іс-шара сценарийі өткен жылы орын алған оқиға бойынша жасалды.

СӘУІРДІҢ СОҢЫНДА – ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің “Жетім тағдыр” атты драмасы сахналанады деп күтілуде.

СПОРТ ШЕЖІРЕШІСІ өз туындысын таныстырды

С. Мұқанов атындағы облыстық əмбебап-ғылыми кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жазушы, спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың “Олимпиаданың алтын маршруты” атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараны облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы ұйымдастырды.

АЛИМЕНТ ТӨЛЕДІҢІЗ БЕ, ӘКЕ?

Солтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті үстіміздегі жылдың наурыз айында “Алимент – ата-ана парызы!” тақырыбында акция өткізді. Бұл шара аталмыш департаменттің “Алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалының сот орындаушылары және облыстық прокуратураның жұмыла жұмыс істеуі арқылы жүзеге асты.

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Астана қаласында 9-шы халықаралық “Ақ көгершін” фестиваль-конкурсы өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан барған Бескөл ауылындағы “Мерей” өнер мектебінің оқушылары жүлдемен оралды. Жеңістің 70 жылдығына арналған байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен өнерпаздар жиналды. Қатысушылар би, жеке ән айту, балалар сәні театры, ұлттық аспаптар, тағы басқа да аталымдар бойынша сайысқа түсті.

ҚАЗИНА ӘЖЕЙ – 104-ТЕ

Шал ақын ауданының тұрғыны Қазина Жақыпова 104 жасқа толды. Кейуананы туған күнімен құттықтаған жерлестері оған Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальді табыс етті. Соғыс жылдары жұбайынан айрылып, жалғызбасты ана атанған Қазина Жақыпова қиындыққа мойынсұнбай, жалғыз ұлының жұрт қатарлы білім алуына бар күш-жігерін салады. Ашаршылық пен жоқшылықты, соғыс ауыртпалығын көп көрген әже – бүгінде 7 немере, …

ҚАЗИНА ӘЖЕЙ – 104-ТЕ Read More »

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ БІР ТАМШЫСЫНДАЙ

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мұражай-кабинет ашылды. Кабинетте бес ғасырдан асатын тағылымды тарихы бар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, көшпелі өмір салтын, өнегелі дәстүрін, ұлттық ойындарын және киім үлгілерін, шежірелі тіршілігін, қонақжайлылығы мен жаудан сескенбейтін батырлығын айғақтайтын заттар, сондай-ақ, төл тарихымыздың кешегісі мен бүгінгісін баяндайтын тарихшы авторлардың бірегей кітаптары қойылған. Жәдігерлер арасында …

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ БІР ТАМШЫСЫНДАЙ Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын көтергеніне екі-үш жылдың жүзі болды. Елбасы оны Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры ретінде ұсынды. Халыққа биылғы Жолдауында сол ойын нақтылай түсіп, Мәңгілік Ел халықтың біріктіруші күші, еш уақытта сарқылмайтын қуат көзі екенін айрықша атап көрсетті. «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке …

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ Read More »

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖАЛҒАСУДА

Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде. Кандидаттың сенімді өкілдері Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында сайлауалды тұғырнаманы түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде.

ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ

Кеше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Қызылжар өңірінде болып, облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге Сергеевка, Петропавл су қоймаларының, су басуы мүмкін елді мекендердің жағдайымен танысты.

17 САРБАЗДЫҢ ЕРЛІГІ ЕСТЕ

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімнің жанындағы тәжік-ауған шекарасында қаза болған 17 жауынгерге арналған ескерткіш қойылған шағын бақта салтанатты митинг өтті. Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

“ҚЫЗЫЛЖАР СК” ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ – ПРЕМЬЕР–ЛИГА

Сейсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Қызылжар СК” футбол командасының басшылары мен ойыншыларын қабылдап, ұжыммен танысты. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев спорт еліміздің беделі екендігін, сондықтан оған ерекше міндет жүктелетіндігін атап айтты. Өйткені, спорт жетістіктері – бүкіл халықты жұмылдыратын, қазақстандық патриотизмге негіз болатын күш.