«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.05.2015

СОҒЫС БІЗДІ АЯҒАН ЖОҚ…

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде мен далада жалаң-аяқ ойын қуып жүрген бала едім. Сондықтан сол кездегі елдегі ахуалды толығымен түйсініп жатпасам да, кейбір көріністерді еміс-еміс көз алдыма елестете аламын. Солдат етігін киюге белін бекем буған әкем Тәжібай 1941 жылы соғысқа аттанып бара жатып, қасына шақырып алды да:

ӨТКЕНДЕРГЕ – САЛАУАТ, ҰРПАҚТАРҒА – ҰЛАҒАТ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылының да азаматтары және осы жерде кіндік қаны тамған сырттағы ағайындар бас қосып, есте қаларлықтай, әсіресе, жас ұрпаққа ұлағат боларлықтай атап өтті. Ауыл тумасы, ардагер ұстаз, бүгінде Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұратын Қарақат Шалабаев амангелділік майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін паш еткен баяндама жасаса, мектеп директоры Ғосман Кәрішалов …

ӨТКЕНДЕРГЕ – САЛАУАТ, ҰРПАҚТАРҒА – ҰЛАҒАТ Read More »

АТАМ МӘҢГІ ЕСІМДЕ

Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ тәуелсіздікпен таңы арайлап атқан Қазақстан елінде алаңсыз өмір сүруде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады.

ҚАЙСАР АНА

Бүгінде біздің Еңбек ауылында да соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жоқтың қасы. Сондағы үлкен көштің соңғы тұяғы – баршамыз “Аптай” деп атап кеткен Мәжкен Мейрамова. Ол – Айыртау ауданындағы Егіндіағаш ауылының тумасы. Біздің ауылға келін болып түскеніне де жетпіс жылға таяды. Соғыс басталғанда балауса қыз болған ол әке-шешесінен ерте айрылып, жетімдіктің де тауқыметін көп көрген. …

ҚАЙСАР АНА Read More »

“МЕН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҚАНОВ” деген жазу Рейхстагтың қабырғасында

Ғалымжан Мұқанов – менің әкемнің ағасы. Бірақ ол мені бес жасымда бауырына салғандықтан, оны “әке” деп кеттім. Оның өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық деген оймен Жеңіс мерекесі тойланып жатқан күндері майдангер әкем туралы сөз қозғауды жөн көрдім. Ғалымжан әкем Айыртау ауданындағы Алшынбай ауылында 1912 жылы дүниеге келді. Көкірегі ояу, көзі ашық ол Алматы қаласындағы …

“МЕН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҚАНОВ” деген жазу Рейхстагтың қабырғасында Read More »

МОГИКАННЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ

Ұлы Жеңісті жақындатып, толарсақтан қан кешіп, өзі де ауыр жараланып, әйтеуір, туған жерге аман келген жерлестеріміздің бірі – Сапар Дүйсенов ақсақал. Алланың құдіретімен ол бүгінгі күнге де аман жетіп, тәуелсіз елдегі отандастарымен бірге Ұлы Жеңістің 70 жылдығын да қарсы алып отыр.

ЕЛІМЕ

Менің әкем Қали Ыбыраев – қатардағы майдангер. Ол 1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Киров ауылында (бүгінгі Ізтөлин ауылы) туған. Оны 1941 жылдың 26 шілдесінде сол кездегі Преснов аудандық әскери комиссариаты әскерге шақыртып, 314-ші атқыштар дивизиясы 1074 полкінің құрамында майданға аттандырады. Ол кезде мен төрт жаста екенмін.

БАТА БЕРІҢІЗ, АҚСАҚАЛ!

Бата – халқымыздың танымында ақ тілеудің белгісі ретінде кез келген жерде, кез келген орында айтыла бермейтін қасиетті сөз. Ең жақсы батаны жұрт “ақ бата” деп қастерлеп, үнемі жадында сақтап, жаттап жүретін болған. Батаның маңызы онда айтылған ақ тілектердің түгелі дерлік орындалып кетуінде емес, сөздің киесіне жан жүрегімен иланатын халқымыздың берік сенімінде жатқаны анық.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес енгізілгелі отырған өзгерістерге облыс тұрғындары да қызығушылық танытуда. Соған байланысты “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы” облыстық филиалының директоры Бәтима Смағұловаға жолығып, төмендегідей сұрақтарға жауап алдық.

ОРМАНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ережесін бұзбайық

Көктемнің шуағы жердің бауырын жылытып, айнала көгеріп, табиғат аясындағы қарбалас тіршілік басталды. Көктемгі егіс қамына кіріскен диқан-механизаторлар былтырдан қалған шөптің қалдықтарын жинап, өртеу жұмыстарымен айналысуда. Осы кезден бастап жекелеген адамдар мен шаруашылық басшылары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін назарларынан шығармағандары абзал.

ҚЫСҚАША

Катардың Доха қаласында жеңіл атлетикадан өткен Азия біріншілігінде жерлес спортшы Лада Фомина 2000 метрге кедергімен жүгіруде қола медальға ие болды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.  

“КҮДЕРГЕ” – 20 ЖЫЛ

Қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, алтын жауһары. Осынау төл өнерімізді облысымызда дамытып, домбырашылардың тұтас мектебін қалыптастырған белгілі ұстаз Тойкен Күдерованың сонау 1995 жылы құрған “Күдер” домбырашылар ансамбліне биыл – 20 жыл. Соған орай, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ облыстық филиалының сахнасында “Күдер” домбырашылар ансамблінің …

“КҮДЕРГЕ” – 20 ЖЫЛ Read More »

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ӘҢГІМЕЛЕР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобы біздің облысқа арнайы іссапармен келді. Бір аптаға созылатын жұмыстың мақсаты – жат ағымдардың алдын алу. Ақпараттық-насихат тобы біздің өңірге бекітілген жұмыс жоспарын жүзеге асырмақ.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР

Қызылжардағы қазақ мектеп-гимназиясында “Болашақ қуаты – Қазақстанның қолында” атты аймақтық фестиваль аясында робот жасаушылардың “Робо-ЭКСПО” деп аталатын сайысы өтті. Байқауға еліміздің Тараз, Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларының үмітін үкілеп келген 26 топтан құралған елуден астам өнертапқыш қатысты.

ЕСІМДЕРІ ЕШҚАШАН ӨШПЕСІН ДЕП…

Бірлік ауылында соғысқа қатысқан ардагерлердің есімдері жазылған “Ер есімі – ел есінде” атты мәрмәр тақта орнатылды. Бір минут үнсіздікпен есіл азаматтардың жарқын бейнелерін еске алғаннан соң еліміздің Гимні орындалып, салтанатты түрде ашылған мерекелік жиналысқа Бірлік ауылының тайлы-тұяғы қалмай жиналды деп айтуға болады. Есләмбек Қабдірашитұлы, Төлеген Серікұлы, Бейімбет Саятұлы, Өміржан Сейітжанұлы, Біржан Әбдірахманұлы, Әлібек Смағұлұлы, Тимур …

ЕСІМДЕРІ ЕШҚАШАН ӨШПЕСІН ДЕП… Read More »

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті. Кездесуде Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 2008 жылдың маусым айындағы Жапонияға сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары …

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ Read More »

СӘБИДІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРДЫ

Еркен Жұматаев мемлекеттік өртке қарсы қызметте 16 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ол облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы, өртке қарсы қызмет майоры. Әріптесіміз тілсіз жауға және өзге де төтенше жағдайларға тап болған адамдарды әлденеше рет ажал аузынан құтқарды. Жақында осындай абзал жанның отбасына көмек керек болып қалды.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ – ЖАҢА ҒИМАРАТТА

Өткен жылдың басында ашылған “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеше Жамбыл көшесі, 191 мекенжайында бой көтерген әсем де еңселі жаңа ғимаратқа көшті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, ұлттық компаниялардың, бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.

ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ — ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

Кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов жүргізіп отырған жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, этнобірлестіктердің, діни конфессиялардың өкілдері қатысты.