«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.05.2015

СЕНІМ ДЕ, ҮМІТ ТЕ – БІЗДЕРДЕ

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде 2013 жылы еліміздің барлық облыстарында жастар бастамалары орталықтары құрылған болатын. Дәл сол жылы біздің өңірде де жаңа мекеме ашылып, өз жұмысына ерекше қарқынмен кірісіп кетті. Бұл аты айтып тұрғандай, өңір өрендеріне әртүрлі бағыттар бойынша кеңес беретін және оларға қажетті көмек көрсететін, тың ойларына, серпінді идеяларына қолдау жасап, …

СЕНІМ ДЕ, ҮМІТ ТЕ – БІЗДЕРДЕ Read More »

ЕЛ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

Ел деп соққан кеудедегі жүрегі, Нар қазақтың намысындай гүл өңі. Жау қолынан жараланып жатса да, Жерін жатқа бермес қыздың бірі еді.

ҚИМАСТЫҚ ЖАСЫ

Есіңде ме? Сен мені аппақ ұлпа қармен қарсы алып едің. Ақ көрпесін айқара жамылған Жер-ана дамылдап жатқан кезді көз алдыма елестетсем, сол кездегі тәтті сезімнен айыға алмайтын секілдімін. Табиғаттың қайталанбас көрінісі таңғалдырған сонда. Көпке дейін айналаға сұқтана қарап, бұл келісімді жақсылыққа балағанмын. “Болашағың жарқын болсын!” деген тілегіңдей қабыл алғанмын. Сол үшін саған мың алғыс!

ДАНА – ТІЛ ЖАНАШЫРЫ

“Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайдының” күйін кешіп жүргенімізге де біраз болды. Жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырмай, көшедегі көзді сүріндіретін жарнамалардағы қателерден арылудың жолын іздеп, белін бекем буып күресіп жүрген жандарды кездестіргенде қуанасың. Солардың бірі – Петропавлдағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Дана Жұманова. Көшедегі самсаған жарнамалардағы қателерден құтылу үшін ол “Ұлт тірегі” атты қоғамдық ұйым құрды.

“ОРФЕЙДІҢ” АДЫМЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Ставрополье ауылындағы орта мектептің жанынан құрылған “Орфей” би үйірмесі мың бұралған қабілетті оқушылардан құралған. Олар жыл сайын өткізілетін аудандық көркемөнерпаздар сайыстарына қатысып, биік белестерден көрініп жүр. Әрбір мемлекеттік мереке сайын сахнаның сәніне айналатын бишілердің өнерлерін ауыл тұрғындары қызыға тамашалайды. Олардың репертуарында халқымыздың ұлттық құндылықтарын көрсететін “Қамажай”, “Қара жорға” билерімен қатар, …

“ОРФЕЙДІҢ” АДЫМЫ Read More »

Дәрия ӘБІЛМӘЖІНОВА: “ТЕАТР – МЕНІҢ ТАБИҒАТЫМ ДА, ӨМІРІМ ДЕ”

Қазақтың кестелі тілді, көркем ойлы ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың атын иеленген облыстық қазақ сазды-драма театрының да құрылып, өнер десе ішер асын жерге қоятын дүйім көрерменнің шөліркеген ықыласын сахналық қойылымдармен суарып, өмірдің мың сан кейіпкерлерін көз алдарында ойнатып жүргендеріне де он бес жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында театрдың атағы аспандап, Айға жетпесе де, біраз биіктерді …

Дәрия ӘБІЛМӘЖІНОВА: “ТЕАТР – МЕНІҢ ТАБИҒАТЫМ ДА, ӨМІРІМ ДЕ” Read More »

ЕҢБЕК ТҮБІ – ИГІЛІК

Жақында фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланатын өңір жастары әркім өз тағдырының қожасы екендігі жайында әңгіме өрбітті. Олардың маңызды ойларын іліп алып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

ЕРКЕБҰЛАН МЕН ОЛЖАС

Қазіргі тыңдарманның, әсіресе, жастардың таудан биік секілденген талғамын батыстың рок-рэпі, эстраданың тарсыл-тұрсылы тұралатып тастағандай. Бұлай деуіміздің де өз себебі бар. Өйткені, ұлттық құндылыққа сусаған көңілдің шөлін қандыратын дәстүрлі әнді тыңдайтын жастарды кездестірудің өзі қолға аспандағы Айды түсіргенімізбен бірдей болып барады. Мұны өңірімізге есімдері енді танылып, қазақтың төл өнерін төрге оздырып жүрген дәстүрлі әншілер Еркебұлан мен …

ЕРКЕБҰЛАН МЕН ОЛЖАС Read More »

ЕРЛІК – БІЗДІҢ ЕНШІМІЗ

“Жас қыран” жастар қосымшасы өңір өрендерінің түрлі саладағы беткеұстар үздіктерін қалың оқырманға таныстырып келеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып, ғылыммен қаруланған жандар жайында жазылған мақалаларды оқысам, қуанамын. Сондай-ақ, бұл қосымша өрелі өрендерді таныстырып қана қоймай, қабілетті жандардың жүректерін жарып шыққан туындыларын да жарыққа шығарып, олардың ұлы өзенге ұмтылған кішкене ағыс іспеттес армандарына қанат …

ЕРЛІК – БІЗДІҢ ЕНШІМІЗ Read More »

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 жылдың 25 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы, (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) Сасықкөл жағасында туған. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ поэзиясының жарқын жұлдызы. Ол ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

ШАЛАҚЫНДЫҚ ШЫМЫРЛАР

Шал ақын ауданының белсенділері 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін жалынды жігермен, ерекше белсенділікпен атап өтті. Аудандық жастар бастамалары орталығы қорғаныс істері жөніндегі және мәдениет пен спорт бөлімдері мамандарымен бірлесіп, өрендерді саламатты өмір салтын сақтауға шақыратын жарыс ұйымдастырды.

ТАҢДАУЫМ – ТУҒАН ЖЕР

Аталмыш жобаның елімізде жүзеге асырыла бастағанына алты жылдан асты. Осы уақыт аралығында түлек болып кірген оқу орнынан жас маман атанып шыққан уыздай жастар ауылға ағылмаса да, қарасын суытпай барып жатыр. Тіпті, сол жерде тұрақтап, өз жағдайын да ретке келтіріп, ауыл тұрғындарына да серпіліс әкелгендері қаншама? Екі қолға бір күрек табудан табаны таусылып, сенімі сетінеген талай …

ТАҢДАУЫМ – ТУҒАН ЖЕР Read More »