«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.05.2015

ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-інде кезекті 2014-2015 жылғы жылыту маусымы аяқталды. Компания мамандары жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның үстіміздегі жылы мәреге жақсы көрсеткіштермен жетіп отырғандығын айтуда.

ӨНЕР БІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда айтпағым, біз көп жылдан бері Қазақстан халқы облыстық ассамблеясымен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп келеміз. Бұл байланыс халқымыздың рухани-мәдени бірлігін нығайтуға, дәстүрімізді жаңғыртуға, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

ШЫЛЫМШЫЛАР ШЫҒЫНҒА БАТСА ДА…

Облыс полицейлері қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру шараларын жүзеге асыруда. Бұл ретте олар әдеттегі құбылысқа айналып кеткен қоқыстарды шашып тастауға, белгіленбеген жерлерде темекі тартуға, ұсақ бұзақылыққа назар аударып, тұрғындарды елді мекендерді көркейтуге, олардың кескін-келбетін, санитарлық тазалығын жақсартуға әсер ететін шараларды сақтауға шақырады. Қажет болған жағдайда ескертулер жасайды.

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАМАҒАНДАР СҮРІНЕДІ

“Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасы өткізілген 3 күннің ішінде көлікті “ащы судан” татып алып басқарған 70 жүргізуші ұсталды. “Өткізіліп жатқан рейдтік шаралардың мақсаты – жол-көлік оқиғасын тудыратын өрескел бұзушылықты анықтау мен оның алдын алу, – дейді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Едіресов.

АУРУХАНА ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Балалардағы көмекей-мұрын қуысындағы лимфа бездерінің ісік тәрізденіп үлкеюін аденоид деп атайды. Бұл дертке сәбилер жиі шалдығады. Баланың тыныс алуы қиындайды. Ұйқысы бұзылады. Ауру тіс шығуын кешеуілдетіп, баланың құлағы дұрыс естімей де қалады. Тіпті, тілдің кемістігіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сырқатты емдеудің бірден-бір жолы – ота. Ота күрделі. Сол себепті жасы беске толмаған балаға ескі әдіспен ота …

АУРУХАНА ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ Read More »

“СӘТТІҢ” САПАРЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының қолдауымен Жеңістің 70 жылдығына орай қолға алынған “Ардагерлерді ардақтайық” және “Кедергісіз келешек” партиялық жобалары аясында гастрольдық сапарға шыққан “Сәт” тобы өңірімізге ат басын тіреп, жерлестерімізге өз өнерлерін ұсынды. Бұл топтың мүшелері зағип жандар екенін өнерсүйер қауым жақсы біледі.

“КӨКІРЕГІНДЕ – СӘУЛЕ, КӨҢІЛІНДЕ – СЕНІМ”

Кеңес Одағы тұсында дініміз құрықталып, мешіттің босағасынан аттап, мінәжат етуге жүрегіміз дауаламайтын күндер келмеске кетті. Тәуелсіздіктің ризығымен ешкімнен қорқып, үрікпей имандылыққа бет бұрдық. Соның бір көрінісі – жер-жерде салынып жатқан мешіттер. Осындай игілікті, көпшілікке, әсіресе, жас ұрпаққа ризығы мол жұмыстарды жүрек қалауымен атқарып жүрген атпал азаматтарға ел-жұрттың алғысы шексіз. Мұндай қалталы азаматтар мешіттер салып қана …

“КӨКІРЕГІНДЕ – СӘУЛЕ, КӨҢІЛІНДЕ – СЕНІМ” Read More »

КЕҢЕЙГЕН КӨКЖИЕКТЕР

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға арналған өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда аталмыш бағдарламаның 1-ші, 2-ші және 3-ші бағыттары аясында 1 млрд. теңгеден астам сомаға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі кәсіпкерлердің 14 өтінімі қаралып, мақұлданды.

БІРТҰТАС ЕЛДІҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Қашанда алысты болжай білетін, көреген Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасын одан әрі нығайтудың, қоғамды біріктірудің басты мәселелерін көтерген болатын. Қадағалау органдарының қызметкерлері де ұлттық жоспар мен мемлекеттік құрылыстың нақты қадамдарымен жете танысып, оны жүзеге асыру бағытындағы мақсатты жұмыстарын бастап кетті.

ҰЛЫ МАҚСАТ

Елімізде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ұлттық жоспар бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл ретте біз өзімізге артылатын жүктің жауапкершілігі зор болатынын сезінеміз. Өйткені, Елбасымыздың өзі: “Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – баршамызға ортақ парыз”, – деп болашақтағы үлкен міндетімізді меңзеп отыр. Расында да, дамыған елдердің қатарына қосылу біз үшін – ұлы мақсат. Бәріміз …

ҰЛЫ МАҚСАТ Read More »

ЕЛБАСЫ ҰСЫНҒАН РЕФОРМАЛАР өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкеледі

Елбасымыз өзінің биылғы президенттік сайлауалды бағдарламасы ретінде қоғамымызда бес институттық реформа жүргізуді ұсынған болатын. Тәуелсіздік жылдарында сөзі мен ісінің арасында еш алшақтық болмайтынын дәлелдеген Мемлекет басшысының елімізді әлемдегі ең мықты отыз мемлекеттің қатарына қосу мақсатын көздеген түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруды үлкен саяси ерік-жігермен қолға алғанын біліп, қуанып та, қолдап та отырмыз. Соның тағы бір айғағы …

ЕЛБАСЫ ҰСЫНҒАН РЕФОРМАЛАР өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкеледі Read More »

СЕНІМ ЖӘНЕ СЕРПІН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мемлекетіміздің өндіріс орындарының жаңаша жұмыс істеуіне серпін беріп отырғаны сөзсіз.

ЖАРҚЫН ЖОЛ

Мен Петропавлдағы “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның стандарттау бойынша инженерімін. Екі жыл бойы өнімдерді сертификаттаумен айналысып келемін. Қарапайым еңбек адамы бола тұра, өз жұмысымда нәтижелі жетістіктерге қол жеткізіп жүргенімнің жемісі болар, үстіміздегі жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне қатыстым. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бес институттық реформа ұсынды. “Мен ел алдындағы …

ЖАРҚЫН ЖОЛ Read More »

ҰЛТ ЖОСПАРЫ —100 ҚАДАМ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.

АБАТТАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы бірнеше аулада болып, оларды абаттандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. С.Мұқанов көшесі, 52 мекен-жайындағы тұрғын үйдің шатырына ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмысы жүргізіліп, аулаға асфальт төселген, балалар алаңы жасалып, тіпті, жаттығу құрылғылары да орнатылыпты. Пәтер иелері кооперативінің (ПИК) төрайымы Татьяна Бухареваның сөзіне қарағанда, ПИК-те туындаған күрделі мәселелер жоқ, ағымдағы …

АБАТТАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ – ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңірлік Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындар өкілдерімен кездесті. Бүгінгі таңда оған 39 солтүстікқазақстандық компания енгізілген. Олардың 20-сы биылғы жылдың өзінде өндірісті іске қосады.

ӨТІНІШТЕР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ерік Сұлтанов кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке өтініш-тілектеріне назар аударды. Валентина Петрова әкесі, соғыс ардагері Борис Петровке оның өмірінің соңғы жылдары өткен үйде ескерткіш тақта орнату жөніндегі өтінішпен келді. Оның айтуынша, соғыстан кейінгі жылдарда облысаралық жазушылар кеңесі бөлімінің жауапты хатшысы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі болған Борис …

ӨТІНІШТЕР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ Read More »

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағ­дайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕ­КЕТТЕРДІҢ отыздығына КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стра­тегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙ­­­­ТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП …

100 НАҚТЫ ҚАДАМ Read More »