«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.05.2015

ІС ТЕТІГІ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың бастапқы он бес қадамында қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың жолдары көрсетілген. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі облыстық департаменттегі екінші басқосуға табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, жер инспекциясы басқармасының, облыстық жер қатынастары басқармасы мен қалалық бөлімнің және ветеринария басқармасының …

ІС ТЕТІГІ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕ Read More »

Облыстың өңдеу өнеркәсібі

2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемінде 65,5%-ды – өңдеу өнеркәсібі, 29,6%-ды – электр, газ және жылу энергиясын өндіріп бөлу, 4,4%-ды – сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қалдықтардың жиналуы мен бөлінуін бақылау, ал 0,5%-ды кен өндіру өнеркәсібі алды.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, жолдардың жағдайы жақсара түспек

Мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жұмысы халыққа қызмет көрсету сапасымен өлшенуі тиіс. Осындай бастама көтерген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қатыстыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг ұйымдастыру ісін қолға алды. Алғашқы жиында өңірдің энергетика және коммуналдық шаруашылығының қызметі және автомобиль жолдарының жағдайы …

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, жолдардың жағдайы жақсара түспек Read More »

УАҚЫТЫҢДЫ УЫСЫҢНАН ШЫҒАРМА!

Құрбым құмсағат сыйлады. Содан бері менен маза кетті. Әлгі құмсағатқа көзім түссе болды, бір қасық құммен менің бүкіл ғұмырым өтіп жатқандай күй кешемін. Құм сусып түскен сайын ортасы ойылып, азая бастайды. “Осылай менің де өмірім өтіп жатыр-ау…”.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – БЕРЕКЕ БАСЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы машина жасау кәсіпорындарын қолдауға арналған дағдарысқа қарсы республикалық шаралар жоспарына ұсыныс енгізген болатын. Аталмыш жоспар аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен төрт ұлттық компания (“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ, “Қазақтелеком” ҰК” АҚ, “Самұрық-Энерго” ҰК” АҚ) арасында жалпы сомасы 9,1 млрд. теңгенің жергілікті үлесті дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумы …

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – БЕРЕКЕ БАСЫ Read More »

ҚАДІР ТҰТАР АРДАҒЫМЫЗ

Кеңестік кезеңде бүкіл Конституциялар өкілді органдар арқылы қабылданып келгенін білеміз. Ал 1995 жылы Ата Заңымыз барлық қазақстандықтар қатысқан бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша қабылданды. Онда үш мыңға жуық ұсыныс қарастырылып, Конституцияның мәтініне 1100 өзгеріс енгізілді. Осы Конституцияны қабылдай отырып, еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп алды. Осылай еліміздің тарихында өте маңызды заң құжатын …

ҚАДІР ТҰТАР АРДАҒЫМЫЗ Read More »

КЕНЕДЕН КЕЛЕТІН КЕСЕЛ

Жәндіктер түрлі жұқпалы дерттердің тасымалдаушылары болып келеді. Әсіресе, кене жұқпалы ауруларды таратушы жәндік ретінде аса қауіпті. Өткен жылы облысымызда кене бөртпе сүзегі дертіне 35 адам шалдықты. Ал үстіміздегі жылдың сәуір айында кене шағып алған 20-ға жуық адам емдеу мекемелерінің көмегіне жүгінді.

ТІЛІҢІЗ НЕ ДЕЙДІ?

Медицина ғылымы дамымай тұрып-ақ, адамзат баласы денсаулықтағы ақауларын түрлі тәсілдермен анықтаған. Мәселен, терінің, көздің, тырнақтың, тілдің түсінің өзгеруінен адамдар бірқатар ауру түрлерін ажырата білген. Әсіресе, тіл түсінің өзгеруі сіздің денсаулығыңыздағы өзгерістер жайлы көп хабар береді.

ЖАЛБЫЗ

Жалбыз – саяжай дәріханасының тізімінде көшбастап тұрған емдік өсімдік. Оның денсаулыққа пайдасы мол. Одан дәрі-дәрмектер жасап қана қоймай, күнделікті тағамдарға салатын аскөк ретінде де пайдаланады.

АУЫЛ МАҚТАНЫШЫ

Сол жолы “Сүйінші! Сүйінші! Дәурен аға келіншек әкелді!” – деп ауылымыздың бала-шағасының барлығы қуаныштары қойындарына сыймай шулап, көше-көшені шарлап шығып еді. Бұл 1989 жылы болатын. Осы жылы ауылымыздың өз медбикесі пайда болды. Біздің ауылға келін болып түскен Ресейдің Омбы қаласының тумасы Айман Сәкенова жасынан дәрігер болуды армандапты.

ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ жолымен 16 сәби дүниеге келді

Петропавлдағы №3 қалалық аурухананың негізінде ашылған экстракорпоралды ұрықтандыру бөлімшесінің іске қосылғанына – 3 жыл. Осы уақыт аралығында бала сүюге зар болған 13 отбасының шаңырағы сәби күлкісіне бөленді. Тіпті, кей отбасылар бір емес, егіздің және үшемнің ата-анасы атанған.

ЖАҢАРУҒА БАСТАҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

Еліміз тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап дамудың даңғыл жолына бастайтын түрлі стратегиялық бағдарламалар, Жолдаулар жариялап келеді. Мемлекет басшысы 11 наурызда “Нұр Отан” партиясының XVI съезінде бес реформа ұсынып, оның орындау жолдарын айқындап берген болатын. Әлемде болып жатқан түрлі саяси келеңсіздіктерге қарамастан, еліміз алған бетінен қайтпай, ұлы мақсаттарға ұмтылуда. Соның …

ЖАҢАРУҒА БАСТАҒАН ЖАҢА ҚАДАМ Read More »

ОРАЙЛЫ ІС, ОРТАҚ ПАРЫЗ

Әрбір жаңашыл бастаманың жүз толғанып, мың ойланып жасалатыны анық. Оларды мемлекеттің алға өрлеуін көздейтін қадамдар десе, артық емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге бірнеше жасампаз бастамаларымен танылып, олардың абыроймен жүзеге асырылып келе жатқанына өзіміз куәміз. Мемлекет басшысының қазақстандықтардың алдына қойып отырған міндеті – елімізді әлемнің барынша дамыған отыз елінің қатарына қосу. Әрине, бұл ауқымы зор, …

ОРАЙЛЫ ІС, ОРТАҚ ПАРЫЗ Read More »

ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Стратегиясын қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп қабылдаймыз. Президенттің әр жылдардағы Жолдауларында айтылған міндеттер орындалып, егемен еліміздің тұғырын нығайтып келеді. Осыдан 18 жыл бұрын қабылдаған “Қазақстан – 2030” бағдарламасында көрсетілген міндеттер мерзімінен бұрын орындалып, енді 2050 жылға дейінгі мақсаттар мен міндеттер белгіленіп, оларды жүзеге асырудың …

ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ Read More »

КЕЛЕЛІ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың жүз нақты қадамын белгілеп, күрделі кезеңде сыннан сүрінбей өтудің берік алғышарттарын айқындап берген болатын. Реформалаудың негізгі мақсаты ішкі-сыртқы қауіп-қатерлердің алдын ала отырып, барлық күш-жігерді мемлекеттілікті нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік міндеттемелерді мүлтіксіз орындауға бағыттау болып табылады.

АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР – БІРІНШІЛІК ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Аққайың ауданының Лесное ауылында облыстың қазақ күресінен алғашқы спорт шебері Бауыржан Құлжановтың жүлдесін сарапқа салған облыстық біріншілік өтті. Оған қатысқан 80 балуан жеті салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

БАЛУАНДАР ЕРЛЕДІ

Атырау қаласында грек-рим күресінен екі халықаралық турнир аяқталды. Жерлесіміз Жанарбек Қабдолов Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде 98 кг. салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, Аманғали Бекболат грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде 50 кг. салмақта жеңіске жетіп, спорт шеберінің нормативін орындады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Қызылжарлық жеңілатлетшілер Алматыда өткен ел кубогынан олжалы оралды. Анастасия Сарамотина мен Денис Баженов жеңіс тұғырына көтерілсе, Денис Тимофеев ядро лақтыруда үздік болды. Ал Виктория Федорова (диск лақтыру) және Виктория Фролова (диск және балға лақтыру) күміс медаль иесі атанды. Сондай-ақ, бұл қос спортшы ядро лақтырудан қола медальға қол жеткізді. Тағы бір жерлесіміз Виталий Задоя диск лақтырудан …

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Read More »

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮНЕМІ НАЗАРДА

Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар қоғамдық көлік жүргізушілері арасында да аз емес. Мәселен, тек өткен жылы ғана автобус жүргізушілеріне жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1000-нан аса хаттама толтырылған. Ал жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуының 410-нан астам фактісі анықталды. Оның 123-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланған, 32-сі жылдамдықты арттырған, 62-сі …

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮНЕМІ НАЗАРДА Read More »

ОН ТӨРТІНДЕ МАРАПАТТАЛҒАН АНА шөберелер қызығын көруде

Бүкіл Есқалиевтер әулетінің ардақты анасы, асыл әжесі атанып отырған Нағима апамызды жан жолдасымыздың әрі әріптесіміздің шешесі ғана емес, көпті көрген көнекөз қария, көкірегі шежіреге толы тыл ардагері ретінде де құрмет тұтамыз. Қазіргі Есіл ауданындағы Ақтас ауылында құрылған ұжымшардың алғашқы мүшесі болып, кейін бригадирлікке дейін көтерілген Сәкен мен оның сүйікті жары Динаның отбасында 1930 жылы 25 …

ОН ТӨРТІНДЕ МАРАПАТТАЛҒАН АНА шөберелер қызығын көруде Read More »