«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.05.2015

ҰБТ-ға ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуына жол бермеу, жалпы білім беретін мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауын сапалы ұйымдастыру мәселелері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Мұқашев өткізген ведомствоаралық семинар-кеңесте қаралды.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ІРІ ЖЕҢІСІ

Футболдан Бірінші лига ойындарының жетінші туры аясында жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” командасы жанкүйерлері көптен күткен ірі жеңіске қол жеткізді. Қызылжарлық футболшылар өз алаңында қаратаулық “Лашынды” қабылдады. Есеп 3:0.

ЕКІ ЖЕП, БИГЕ ШЫҚҚАНДАР

Облысымызда Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра шет-елдердің де азаматтығын иеленіп жүргендердің бары анықталды. Атап айтқанда, облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қаланың режімдік кәсіпорнының жауапты қызметкерлері, министрліктердің бірінің комитет басшысы, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері осындай өрескелдікке жол берген.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарымен бірлесіп “Мен арды ардақтаймын, тазалықты құрметтеймін!” атты акция ұйымдастырды.

“ТІЛ ШЕБЕРЛЕРІ” АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлдағы “Достық” үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мамандарының ұйымдастыруымен “Тіл шебері” байқауы өтті. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгергендер арасындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңінде он үш ауданнан және Петропавл қаласынан 21 мен 30 жас аралығындағы 14 үміткер бақ сынады.

ТІРЕГІМІЗ ДЕ, ТІЛЕГІМІЗ ДЕ – ТАТУЛЫҚ

Ұлтаралық және дінаралық татулық – еліміздің басты байлығы. Жүз отыздан аса ұлысқа пана болып отырған байтақ Қазақстан бірлігіне бекемдігімен дүниежүзіне үлгі болуда. Облыс орталығындағы “Достық” үйінде өткен “Этносаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының факторы” атты “дөңгелек үстел” отырысында қатысушылардың айтқан ойлары да, пікірлері де осыған саяды.

ҚАРА ЖОЛДЫҢ ҚАСІРЕТІ

“Темірден болар көлігің, те­мірден бо­лар өлімің” деген екен Майқы би бабамыз. Бүгінде баба сөзі ақиқатқа айналғандай. Енгізіліп жатқан шетелдік тәжірибеден де, айыппұлдардың артып, жазаның қатаңдатылуынан да келген нәтиже мардымсыз. Жылдамдықты асыру, ащы суға тойып алып көлік жүргізу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау сияқты немкеттіліктің салдарынан бейбіт өмірде елімізде өлімі темірден болған 3 мыңнан астам адамның қаны қара …

ҚАРА ЖОЛДЫҢ ҚАСІРЕТІ Read More »

МАЙДАНДАҒЫЛАРДЫ ЖОҚТАТПАҒАН ЕДІК

Миллиондаған отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, керегесін сөккен сұм соғыстың жарасы әлі де жазыла қойған жоқ. Сексеннің сеңгіріне шықсам да, соғыс жылдары көрген қиыншылығымыз әлі де ұмытылмақ емес. Соғыс жылдары қатарластарым сияқты мен де ерте еңбекке араласып, балалықтың тәтті дәмін татпаған жандардың бірімін.

ӘКЕМНІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың оты шарпымаған шаңырақ жоқ. Жеңістің 70 жылдығы тойланып жатқан биылғыдай мерейлі жылы менің де есіме әкемнің соғыс жайлы әңгімелері түсіп, қолыма қалам алдым. Әкем Жамантай Әлмағанбетов 1944 жылы әскер қатарына алынып, Алматы қаласында 2-3 айлық әскери дайындықтан өткен соң бірінші Белоруссия майданына қарайтын атқыштар полкіне жіберіледі. Полк командирі Панальчук деген кісі …

ӘКЕМНІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ Read More »

ЕЛ БАСЫНА ҚАТЕР ТӨНГЕН ЖЫЛ ЕДІ

Сөзін Амангелді Шамкенов жазған “Ана туралы баллада” әнін көпшілігіміз жатқа білеміз. Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді.   Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айырылған аналардың жүрегі…

БІЛІМДІ ЕЛДІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында да, одан кейін де қаншама тың идеялар айтылды. Солардың барлығы пісіп, жетіліп, бүгінде Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның өзегіне айналып отыр. Осы орайда оны Қазақстанның дамып өркендеуінің бас жоспары деуге болады. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын қадамдар білім саласын да қамтыған.

АСУЛАРДЫ ЕЛ БОЛЫП ЕҢСЕРЕМІЗ

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан этносаралық достығы жарасқан елге айналды. Елбасы өзінің Жолдауында халықтың ежелгі арманы – “Мәңгілік Ел” биігіне жетер жолды анықтап, айшықтады. Ол қазақ тарихының “Нұрлы Жолы” болмақ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұсынылған Ұлт жоспарында да осы мәселеге айрықша назар аударылған. Қазақстан халқын қажырлы еңбекке, ұйымшылдыққа шақырған Елбасы қол жеткенді баянды ете отырып, жаңа биіктерге көтерілу …

АСУЛАРДЫ ЕЛ БОЛЫП ЕҢСЕРЕМІЗ Read More »

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ БАЯНДЫ ЕТЕТІН БЕС БАҒЫТ

Елбасымыз алдымызға әлемнің неғұрлым дамыған отыз елінің қатарына енуді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында басты бағдар етіп қойды. “Нұр Отан” партиясының биылғы жылғы 11 наурызда болып өткен ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев әлемде қалыптасып отырған күрделі жағдайларға қарамастан, Қазақстан өзінің алға қойған мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асырғанын айта келіп: “Бүтіндей алғанда, біз жоспарланғандардың бәріне қол жеткіздік! …

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ БАЯНДЫ ЕТЕТІН БЕС БАҒЫТ Read More »

БІР АДАМДАЙ ҚАТЫСТЫ

Өткен сенбі күні Петропавл қаласында Олимпиада күні өтті. Орталық алаңда бастау алған шараға қызылжарлықтармен қатар, өңіріміздің белгілі спортшылары, әлем және Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Аталмыш шараның маңыздылығын тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова жұртшылықты құттықтап, сәттілік тіледі.

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Тағы бір оқу жылы аяқталып, еліміздің түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасатын күн жақындады. Биылғы жылы облыс бойынша 3733 оқушы мектепті бітіріп, жаңа өмірге қадам басады. Олардың 112-сі – “Алтын белгіден”, 58-і – үздік аттестаттан үміткер. 2014-2015 оқу жылында Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясын аяқтағалы отырған 40 түлекті соңғы қоңырау салтанатына қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

АУА РАЙЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА

25 мамырда жедел мәлімет бойынша облыста 740,0 мың гектар алқапқа немесе жоспарланғанның 18,1 пайызына – жаздық дақылдар, оның ішінде 479,2 мың гектарға немесе 33 пайызына – дәнді-дақылдар, 47,3 мың гектарға жемазықтық дақылдар себілді. 19,1 мың гектар жерге картоп (жоспардың 67,1%-ы), 2,444 мың гектар алқапқа көкөніс (46,1%) орналастырылды.

АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысқан Шал ақын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар аудан әкімі қызметіне ұсынылған Ербол Сағдиевтің кандидатурасына келісім берді. Ербол Сағдиев еңбек жолын 198З жылы зоотехниктен бастаған, кейінде кеңшар директоры болды. 200З жылдан бастап Ақмола облысы аудандарында әкім болды. Осы тағайындауға дейін Ақмола облысындағы Сандықтау ауданының әкімі қызметін атқарды. “Ербол Болатұлының қажетті …

АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Рустам Төлегенұлы Бикенев облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Рустам Төлегенұлы 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Совет (қазіргі Аққайың) ауданындағы Черкас ауылында туды.

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ербол Болатұлы Сағдиев Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды.   Ербол Болатұлы 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Өндіріс ауылында туған.

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА – СЕНІМДІ СЕРПІН

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды. Өңір басшысы ең алдымен көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Биылғы жылы мұнда 164 200 гектар алқапқа тұқым себу көзделуде. Бұл ретте дәнді дақылдар 130 мың гектардан аса және майлы дақылдар 26 мың гектардан астам алқапқа сіңіріледі. Мамлюттік егіншілер егіс жұмыстарына толық дайын екендіктерін мәлімдеуде: тұқым, жанармай …

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА – СЕНІМДІ СЕРПІН Read More »